Құрметті ұстаздар!Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз ұлағатты есім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруге ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Құттықтау сөз кезегін: «Манашы бөбекжайы» МКҚК директоры: Г.Даулбаеваға беріледі. Жүргізуші: Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,Ол болмаса, кім береді парасатты.Асылын беріп шәкірт бойларына,Ағартқан сол үшін де, қара шашты.Ұстазға әркім басын ию керек,Кемеңгер ақылшым деп білу керек.Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,Жеткізген сол ұстаз деп білу керек. Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,Шәкіртінің биікке шыққандарын. «ЕХРО- 2017» Халықаралық көрмесі аясында өткізілген облыстық (сырттай) балалар шығармашылығы фестивалінің «КӨРКЕМ СӨЗ ШЕБЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ Бейнеу ауданы «Манашы» бөбекжайының тәрбиеленушісі Орынбасар Диар. Аудан көлемінде бірінші орын иеленіп өз көркем сөз шеберлігімен танылса, Маңғыстау обылысы көлемінде ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. Кезекті 8-топ тәрбиеленушісі: Орынбасар Диарға «Ұстаз» өлеңіне береміз.Жүргізуші: Тәрбиеші – мамандық. Ұстаздық қасиет. Яғни ұстаз болу –адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, Ұстазға қандай мақтау мадақ айтсақ та артықтық етпейді. Талантты да ізденімпаз тәрбиешілердің орындауында «флешмоб биі»
Тәрбиенің тал бесіктің бұлағы,Біздің ұжым мейірімнің тұрағы.Талшын апай,Ұлтымыздың жанып тұрған шырағы. Кезекті сөз кезегін мекемеміз жас үлкен апайымыз: Талшын апайға береміз.Жүргізуші: Бағдарынан айнала алған баланың,Жол ұстазға үміт артты заманың.Өзің жайлы берілетін баға көп,Сен бүгінгі нағыз ұстаз педогог.Біздің балабақша ұжымының тәрбиешілері жан – жақты дарын иелері, сонымен қатар өз жұмысының нағыз майталмандары. Кітап оқу, мәнерлеп сөйлеудің шеберлері біздің балабақшада, кезекті мәнерлеп оқу шеберлеріне береміз. Тәрбиеші: Жанар Утарбаева «Ұстаз» автор: Жұмекен Нәжімеденов. Тәрбиеші: Бектилеуова Маншук «Ұстаз» автор: Ф.Оңғарсынова Жүргізуші: Жалқаулық пен еріншектік танытпай, Жауһар білім іздетесің жалықпай.Жетелетіп ізгілікке қадамың, Жүрегіне білім құйдың баланың.Тәрбиеші: Т. Мендалиева домбырамен ән: «Ана»Жүргізуші:Өмір жыры таусылмасын мәгілік,Тұрсын алдан арайланып таң күліп.Бақыт болсын әрқашанда жолығар,Шаттығыныз тау суындай молығар.Ұстаз Досманова Айман апай, елу жас мерей тоймен құттықттау. Жүргізуші: Тәрбиешілердің орындауында ән: «Ұстазым»Жүргізуші: Балабақша балалардың шаттығы ,Естілетін былдыр сөзі тәтті үні.Тақпақ жаттап, әндер айтып, би – билер,Кеудесіне тағып бақыт ақ гүлін.Балалақша балалардың күлкісі,Оларға ортақ адамдардың түр – түсі.Балабақша тәрбиенің басы боп, Көрсететін иба, тәртіп үлгісі.Балалбақша арта берсін мерейің,Саған жырдан тілек өріп берейін.Тыныштықтың бесігінде тербелші,Тек өзіңді биіктерден көрейін. Осымен бүгінгі ұстаздар мерекесі аяқталды.
«Манашы бөбекжайы»МКҚК
Ұстаздар ұлағатты – жандар.
Тәрбиеші: Г.Туракбаева
Бейнеу ауданы. 06.10.2017 оқу жылы.