|
Тақырыбы
|
Ұстаздардың кәсіптік
шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің
рөлі
|
|
Мақсаты
|
Қазіргі заманғы ақпараттық
технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай
мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын
дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың
негізгі бағыты- барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке- жеке тұлға
деп танып біліп, жан- жақты қалыптастыруда талмай іздену мен
жаңалықтан қалмау қажеттігін сезінуге
жетелеу.
|
|
Табыс
критерийлері
|
Мұғалімдер топтық жұмысты
тапсырма орындау арқылы түсіндіреді, топпен жұмыс жүргізуді
тәжірибелеріне енгізуге ықпал
етеді.
|
|
Күтілетін
нәтиже
|
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін
пайдалану мұғалімге оқу проесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге,
оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре
біліп, оны есепке ала отырып дамытуға, толық жағдай жасауға
мүмкіндік беретінін
түсінеді.
|
|
Ресурстар
|
Таныстырылым, интерактивті
тақта, видео, үлестірме материалдар,маркер,
постер.
|
|
Барысы
|
Әдіс-
тәсілдер
|
Қатысушылардың
әрекеті
|
|
І. Мұғалімдерге
жағымды ахуал қалыптастыру
Мақсаттар
ды
анықтау
|
Жағымды атмосфера
қалыптастыру, тыңдаушылардың жұмысқа қызығушылығын ояту, көтеріңкі
көңілмен кірісуін қамтамасыз
ету.
Жаттығу: «Құрт».
Қатысушылар бірінің артынан бірі қатарға тұрады, араларында ауа
шары, бұл-құрт. Құрт қалай ұйықтайтынын, жылжитынын, керілетінін,
жуынатынын көрсетеді.
|
Сәлемдеседі.
Сергіту жаттығуын
жасайды.
|
|
Топқа бөлу (2
мин)
|
«Өлең
жолдары» арқылы топқа
бөлу.
І
топ:
Ұстаз болу-жүректің
батырлығы
Ұстаз болу-сезімнің
ақындығы
Ұстаз болу-мінездің
күн шуағы
Азбайтұғын адамның
алтындығы
ІІ
топ:
Жақсы ұстаздың шын
мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан
дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт,әрі
абырой,
Ұстаз деген-шәкірттердің
айнасы.
|
Қатысушылар шеңберге тұрып,
өлең жолдары бойынша топқа
бөлінеді.
|
|
Ой шақыру. Таныстырылым
көрсету.(10 мин)
|
«Сіздің мұғалім
екендігіңіздің 13
белгісі»
-Жаңашыл ұстаз
болудың 13
критерийіне біздің
жұмысымыз сай ма?
-Өзіңізге қандай
баға берер едіңіз?
-Жер шарындағы барлық
мұғалімдерге тән олардың ортақ қасиеттері
қандай?
|
Мұғалімдер таныстырылымды
тамашалап, өз ойларымен
бөліседі.
|
|
Топтық
жұмыс
Постер
қорғау
(15
минут)
|
І топ: «Жаңа заманға
сай- озық тәжірибе»
ІІ топ: «ХХІ
ғасырдағы мұғалім моделі»
ІІІ топ: «Мұғалім беделі-
мектеп абыройы»
|
Мұғалімдер тапсырмаларын
топпен бірлесіп, ойласып жасайды. Топ басшысы өздерінің жұмыстарын
қорғайды.
|
|
Сергіту сәті (5
минут)
|
Мұғалімдер караокомен ән
салады
|
Мұғалімдер ән салып, жақсы
көңіл күй орнайды, демалады
|
|
«Кір жаю»
әдісі
(10
мин)
|
Мұғалімдерге ситуаиялық
сұрақтар беріледі. Жауабын топта талдап, жауап жазып жіпке іліп
қояды.
|
Олар өз топтарында талдап,
сұрақтарға жауап жазып, жіпке апарып іліп
қояды.
|
|
Кері
байланыс
|
Екі жұлдыз, бір
тілек
|
Стикерге жазып, іліп
қояды.
|
|
Рефлексия
|
|
|