Материалдар / Ұстаздарға арналған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаздарға арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
В есебі мұғалімдрге арналған жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2018
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нурлыбек Гулжаухар «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» В бөлімі

ПШО ЖМ филиалы Көкшетау қ. Мұғалім көшбасшылығы

Shape1




Shape2



Shape3


Shape4

Shape5


Тиімді тәжірибе

Мектепке келіп тәжірибемді өзімнің сыныбымда математика сабағын жоспар бойынша өткіздім. Сабақтарды жүргізуде әр сабақ сайын кемшіліктерді,қандай өзгеріс енгізу керектігімді таспаға жазып отырдым. Сонда байқағаным оқушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттілігін ескеру қажет. Сонымен бірге оқушылардан : «Сабақ қалай өткені ұнайды? Қандай тапсырмалар орындаған ұнайды?» деген сұрақ қоя отырып, сұхбат жүргізу арқылы,сауалнама арқылы сабақтың жоспарына бірнеше өзгеріс енгіздім. Сол себепті жоспарымда бірнеше әдістерді өзгерттім. Мысалы: «Галереяны шарлау», «Есептер конверті» , «Стикердегі диалог», «Сұрақтар шеңбері», «Сиқырлы қобдиша» әдістерді енгіздім. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулін сабақ жоспарына енгізудегі себебім баланың алған білімін талдай,ақпаратты іздеу,ой елегінен өткізуді,өз бетінше мәселені шешуді оқушыға дағдыландыру. Осы модуль төрт сабақтан көрініс алды. Мысалы: «Сәйкестендіру», «Миға шабуыл», «Ойлан тап», «Қар кесегі» әдістері оқушылардың логикалық ойлау,сыни ойлауын,тапқырлығын дамытуды көздейді. Оқушылардың бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа түсуі,өз ойын еркін жеткізе білу,алған білімін тәжірибеде қолдануы диалогтік оқыту модулі арқылы жүзеге асырдым. «Үштік әдіс», «Жұбыңмен бөліс» әдісі, «Сұрақтар шеңбері» әдістері арқылы балалар бір-бірімен,мұғалім мен оқушы арасында диалогті туғызуға мүмкіндік берді. Оқу үшін бағалау және оқуды үшін бағалау модулін сабақта тиімді қолдандым. Оқушылардың сабақты қандай деңгейде түсінгендігін,мықты және әлciз жағын анықтау мақсатында бағалаудың «Шапалақ», «Желкенді қайық», «Табыс баспалдағы», «Плюс, минус, қызықты» әдістерін қолдандым. Сабақ өту барысында оқушылардың да өз-өзін бақылауы,бір-біріне бақылауына назар қойдым. Осы сабақтарды жүргізуде өзімнің тек бағыт-бағдар беруші екеніме көзім жетті. Себебі «Қыстап қалатын құстар» атты сахналық қойылым да оқушылар рөлге еніп,өздері тапсырманы талқылап,өз бетімен есептердің шешілу жолдарын таба білді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тыныштық атмосферасын ұйымдастыруда шаттық шеңбері, «Гүлмен тілек», «Адамгершілік» атты әдістерді қолдандым. Дарынды және талантты балалардың ойлау қабілетін дамыту,креативті ойлау дағдысын арттыру мақсатында «Өрмекші», «Әткеншек» әдістерін қолдандым. Орта мерзімді сабақтар топтамасында барлық жеті модульді қолдандым.


Shape6




















Тізбектелген сабақтар топтамасының төртінші сабақ тақырыбы «Кері есепті құрастыру және шығару». Мақсаты: Қосынды және қалдықты табуға берілген есепті шығару,кері есеп құрастыру. Мақсатқа жету үшін жеті модульді тиімді қолдандым. Сабақты бастамас бұрын сыныпта жайлылық атмосферасын орнату үшін «Адамгершілік» өлеңін оқушылар қимылмен орындады және кәмпиттің түрлері арқылы екі топқа бөлдім. Өткен тақырыпты «Өзіндік ойын» әдісін арқылы тексердім. Осы стратегия арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілетін,шапшаңдығын,алдына қойылған мәселеге жету жолын анықтай алу дағдысын арттыруда сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулін енгіздім. Жаңа сабақты «Кері есептер» бейне материал көрсету арқылы бастадым. АКТ –ны пайдалану арқылы баланың танымдық,есте сақтау қабілеті,қызығушылығы артты. Сабақтың келесі бөлімінде «Есептер конверті» әдісі бойынша суреттермен есептер құрастырды. Оқушылар бір-бірімен диалогтік қарым-қатынасқа түсіп,осы әдіс арқылы туындаған сұрақты шешу жолын бірге ізденуді үйренді. Тапсырманы аяқтаған соң топтар бір-бірін бағалауды үйрену үшін «Плюс-минус-қызықты» әдісін қолдандым. Оқушының өз бетімен жұмыс орындау,өзі-өзі реттеу дағдысын дамыту үшін «Стикердегі диалог» әдісін қолдандым. Қалыптастырушы бағалаудың бір түрі «Аяқталмаған сөйлем» арқылы оқушы өзін-өзі бағалады. «Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы сызба бойынша есеп құрастыру,кері есепті құрастыру және оны шығарады және екі топқа әр түрлі тапсырма бердім. Бұл жерде балалар логикалық ойлау,пайымдау,бір-біріне түсіндіре білу дағдысы жүзеге асты. Топ ішінде бір-бірін бағалауды үйренуде кері байланыс түрі «Стикер түстері» әдісін қолдандым. Кері есепті шығаруды түсінгендігін анықтау үшін «Алтын балықтағы аквариум» әдісін қолдандым. Оқушы өзінің ойын еркін жеткізу,алған біліміне талдау жасады. Сабақтың соңында «Таңдау» әдісі арқылы сабаққа рефлексия жасалды. Оқушы өзінің сабақты түсінгенін,әлсіз және мықты жақтарын ортада талқылап, өз ойын білдірді. Осы оқушылардың берген кері байланыстарымен танысу арқылы сабағымның жақсы және сәтсіз болғанын анықтаймын.









Shape7



Shape8

Әдістемелік бірлестік деңгейінде өзгеріс енгізу әдістемесін көрсететін коучинг-сабақтың жоспарын құрастырдым. Коучинг сабақтың тақырыбы: «Сыни ойлау дағдыларын дамытуда СТО стратегияларын қолдану тиімділігі». Коучинг сабақтың мақсаты- мұғалімдерге сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдістерін сабағына қолдануға ықпал ету. Сын тұрғысынан ойлау- бақылау,тәжірибе,пайымдау нәтижесінде талдау,синтездеу қолданылатын әдіс. Осындай дағдыны оқушылардың бойында дамыту қажет. Коучинг сабағымның жоспарында мұғалімдердің қажеттіліктеріне орай өзгерістер енгіздім.Коучинг сабағымды жоспарлаудан бұрын мұғалімдер арасында сауалнама жүргіздім. Сауалнама арқылы мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі нені қарастырады,қандай стратегиялары бар деген сұрақтар маған ой салды. Осыдан сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің стартегияларын түсіндіруде «Торай мен печенье» бейнематериалын қолдандым. Осы бейнематериал негізінде сұрақ қойдым, торайдың іс-әрекеті мен мектептегі мұғалімнің іс-әрекеті арасында қандай байланыс бар? Осының негізінде СТО-ның стратегияларының бес ерекшелігіне Әкелу, Эссе жазу,Болжау ағашы,Синквейн әдістері арқылы жалғастырдым. Бірінші түйінді идея оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай сыни ойлауды дамытатын тапсырмаларды қолдануға болатындығын түciндіріп қана қоймай,сонымен бірге барлық пәндерде сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің стратегияларын қолдануға болатындығын түсіндіру. Яғни мұғалімдермен тәжірибе алмасу,пікірлер алмасу,ұстаздардың әдicтемелік қopын толтыру. «Дананың кілттері» стартегиясын қолдана отырып мұғалімдермен топпен бірге «Тістелген алма» мәтінін талдады. Осы әдіс арқылы оқушының бойында алдына қойылған мәселені шешу,ой елегінен өткізу,бір-бірімен пікір алмасу,шығармашылық,ізденімпаздық,жасалған қорытындылар мен шолуларды сараптау қабілеті артатынын көрсету. Коучинг сабақ барысында мұғалімдер өз тәжірибесінде осындай әдістерді жүргізуді ойластыру туралы ойларымен бөлісіп отырды. Түйінді идеяның бірі оқушылардың іздену,тиісті ақпаратты жинау,өзінің ойын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Коучинг сабақ жоспарында кері байланыс орнату үшін «Еттартқыш,чемодан,себет» әдісін жүргіздім. Осы арқылы мұғалімдер өздерінің пікірлерін стикерге жазып білдірді. Мұғалімдердің берген кері байланыстары арқылы коучинг сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын анықтадым.




Shape9

Тәлімгерлік үдерісінің жоспарын жүргізу үшін алдымен тәліппен әңгіме жүргізу арқылы қажеттілігін анықтауды ойластырдым. Тәлім алушымен шынайылылық қарым-қатынас орнату үшін сұхбат жүргіздім. Сұхбат барысында мынадай сұрақтар қойдым: «Мұғалім үшін сабақта ең бірінші не маңызды деп ойлайсыз?», «Оқушының қызығушылығы мен қажеттіліктерін қалай анықтайсыз?». Осы арқылы сабақтарында қандай әдістерді қолданатынын анықтау және қандай мәселе бар екенін анықтау. Ары қарай сұхбат жүргізудің нәтижесінде тәлім алушы сыни ойлау дағдыларын дамытуда СТО стратегиларын қолданудың тиімділігі қандай деген мәселе қойды. Сыни ойлауды дамыту стратегиялары өте көп және оны бір-екі аптада қарап,түсініп шығу мүмкін емес. Сол себепті бірінші аптада тәліпті өзімнің сабақтарыма қатысуын сұрадым. Сабақта баланың белсенді қабілетін арттыру жолын түсінеді. Сабақты көру арқылы жаңа әдістердің қолданылуын өз тәжірибесінде қолдануды ойластырады. Жоспарды ары қарай іске асыру үшін тәлім алушының сабақтарына қатыстым. Сабаққа қатысу арқылы мұғалімнің сабақ беру барысында қандай қиындықтары бар екенін анықтау,сабақтарға өзгерістерді енгізуге ұсыныс беру,қиындықтарды шешуде көмек беру,бағыт бағдар беру болып табылады. Келесі аптада тәліпті өзімнің коучинг сабағыма қатысуға шақырдым. Коучинг сабақ арқылы СТО әдістерін сабақта қолдануға ынталандыру,мұғалімдермен тәжірибе алмасу арқылы мәселелерді шешу жолын анықтау. Осындай жұмыстардан кейін тағы тәліптің сабағына қатыса отырып,тәліппен кері байланыс орнатып,әңгімелесу жүргіздім. Сыни ойлау дағдысын дамытуда әдістің қолданылғанына көз жеткізу,ұтымды қолдануына бақылау жүргізу. Тәліп жүргізілген жұмыстан өзіне қандай тиімді ақпарат алды,олардың сабағына қандай әсері болды,әсері болмады ма,сәтті жақтарын анықтау. Соңғы аптада сабақ жоспарлауда Блум таксономиясын қолдану тәсілдерін қолдануға үйрету. Сауалнама арқылы тәлімгерлік жоспардың жағымды,сәтсіз жақтарын анықтап отырдым. Жүргізілген жұмыстар арқылы тәліптің сабақтар жоспарлауына өзгерістер енгізе білдім деген ойдамын.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!