400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ұстаздарға арналған "Алтын мекен" ойын сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыстың мақсаты : 1. Мектеп мұғалімдерінің шығармашылығын дамыту 2. Кәсіптік деңгейін арттыру 3. Ізденіс жұмыстарын жасауға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

«АЛТЫН МЕКЕН» ОЙЫН-САЙЫСЫ

  • Қайырлы күн, ұстаздарым,

Жайнаған жүрегіңде жарқылдарың.

Армысың, жиылған топ, үлкен-кіші,

Армысың, айналайын, алтындарым!

  • Құрметті қонақтар, баршаңызды бүгінгі мектепішілік “Шамшырақ” шығармашылық тобының «Алтын мекен» ойын сайысына қош келіпсіздер дейміз. Әркімге өзі жұмыс істеген жері, алтын мекені, себебі онда достар табады, өзі білім берген балалары бәрінен ыстық болады, оқушылары бәрінен мықты болсын деп күш жігерін салады, еңбегімен көркейіп, марқаяды.

Сайыстың мақсаты :

1. Мектеп мұғалімдерінің шығармашылығын дамыту

2. Кәсіптік деңгейін арттыру

3. Ізденіс жұмыстарын жасауға үйрету


І. Атмосфералық ахуал қалыптастыру: «Пингвиндер» биі


ІІ. Топтастыру


Сайысқа қатысушыларды еңбек өтіліне қарай 2 топқа топтастырылады.

1-топ, жас буын мұғалімдері тобы, бұл топта еңбек өтілі 1-5/10 жылға дейінгі мұғалімдер.

2-топ, орта буын мұғалімдері тобы, бұл топқа еңбек өтілі 5/10-15 жылға дейінгі мұғалімдер біріктірілді.

Ал еңбек өтілі 15/20/30 жыл аралығындағы мұғалімдерді тәжірибелі ұстаз ретінде қазылар алқасы құрамынан орын алды.


ІІІ, «Аукцион» әдісі





ІV. 1-кезең «Блиц-турнир»


1. Мектеп атауы қай жылдан бастап "#6 жалпы орта мектеп" болып аталды?

А) 1996

В) 1994

С) 1995

2. Мектептің жалпы ауданы қанша?

А) м2

В)

С)

3. Осы мектеп тарихындағы директорларды кезеңімен қойыңыз.

А) Л.Т. Молдашева, Ж.С. Сапакова, С.П. Нөкерова

В) Л.Т. Молдашева, С.П. Нөкерова, Ж.С. Сапакова

С) С.П. Нөкерова, Л.Т. Молдашева, Ж.С. Сапакова


V. 2-кезең «Ой мен ойын»

Бұл кезең ой мен білімді, логикалық ойдауды қажет етеді. Сұрақтар әр пәнге байланысты қрастырылған.

  1. Бала Бидей ауылдың даналары

Талай-талай асуларды алар әлі.

Мектептің мыңға жуық оқушысы

Бәрі де бастауыштан білім алды.

  1. Тарих деген түп қазығым тамырым

Тамырымды білу әркімнің парызы

Бұл ғылымды аянбай оқып, үйренгей

«Бүгінгі күн – ертеңгі тарихың» .

  1. Оқушыға қатаң тәртіп қояды.

Сыныбында тәртіпсізді жояды.

Ұмытсаңыз әкелетін форманы

Бұрышқа ол тұрғызып қояды.

  1. Әрқашанда сабаққа асықтырар,

Келбеті де білім нұрын шашып тұрар.

Әр сөзге тілімізді жаттықтырып

ал қазақтың бай тіліне ғашық қылар.

  1. Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен,

Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен.

Есеп білмеген . . . демеу үшін,

Есептеуді бізге талмай үйреткен!


VI. СЕРГІТУ СӘТІ


VII. 3-кезең «Қызық екен»

  • Ішуге жарамды суды қалай анықтауға болады?

  • Ыдыстағы тиынды қол суламай-ақ ненің көмегімен алуға болады?


ІІХ. 4-кезең: «Интуиция»


Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзі бал.

Түрлі әдісті сабақтарда қолданған,

Көкіректе көре-тұғын көзі бар.


ІХ. Рефлексия

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп.

Алдарыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «ҰСТАЗЫМ!» деп басымды иіп.


Х. Бағалау.


Балғындарға баянды,

Сырын төккен – ұстазым!

Шәкіртіне аяулы

Нұрын төккен – ұстазым!


  • Көңіл қойып тыңдаған, тамашалаған барша көрерменге зор ілтипатымызды білдіреміз. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын, еңбектеріңіз шыңдала берсін, құрметті ұстаздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
15.02.2023
881
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі