400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаздарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаздарға арналған психологиялық тренинг

Тақырыбы «Мен ұстазбын!»

Мақсаты: Педагогтардың эмоцияналды және көңіл-көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Эпиграф: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз.»

Бернерд Шоу

Қатысушылар: ұстаздар тобы

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілік құралдар: тақта, бор, жұлдызшалар;


Жоспар:

  1. «Сәлемдесу» ойыны

  2. «Өзін-өзі таныстыру» тренингі (Мұғалімдердің әр түрлі көзқарасын анықтау)

  3. Педагогикалық жағдаяттар әдістемесі

  4. Арт-терапиялық жаттығу: «Кезекпен сурет»

  5. «Өз-өзіңізді бағалай білесіз бе?»

  6. «Табиғат мінезі» тренингі

  7. Тілек шамы


Білімді ұстаз-бұл мектептің жүрегі

Біліктілік жақсы ұстаздан келеді.

Құрметті ұстаздар қауымы! Біздің барлығымыз биікте ғажайып болғымыз келеді.Ойынымызды бастамас бұрын, амандасып алайық!

1. «Сәлемдесіп алайық» ойыны. Қазір біз сіздермен ойын ойнайық, әрі қимылмен тез-тез көрсетулеріңіз сұралады. «Бастаймыз» деген белгі бергенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасып аласыздар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыздар. Сонымен: көзбен, қолмен, иықпен, құлақпен, тіземен, иекпен, өкшемен, арқамен.

Психолог: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстаздарға байланысты. Нағыз мықты ұстаз ғана салауатты да саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады.

Ұстазсың ба, болуың керек жан-жақты,

Кездеседе өмірде талай қиын іс.

2. «Өзін-өзі таныстыру» тренингі

Мақсаты: Топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топқа өзін қалай ұстайтынын бақылау.

Тренинг барысы: Ұстаздарды шеңберге тұрғызып, бір-бірінің қолдарын ұстап тұрып өздерін таныстырып, мамандықтарын таңдауға кім көмек берді, осы мамандықты таңдамағанда кім болатын еді.

Психолог:Енді алақан сипаған кезде қандай сезімде болдыңыздар? Алақан сипаудың өзіндік ерекшелігі бар. Осы ойыннан алған әсерлеріңмен бөлісіңдер.

3. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздық аттаққа азапты еңбек, шынайы шеберлік арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Педагогикалық жағдаяттар әдістемесінен ұстаздарға сұрақтар беріледі.

Мақсаты: педагогикалық даму қабілетінің деңгейін анықтау.

Нұсқау: Сіздерге педагогикалық жағдаяттар беріледі, соған топтарыңызбен көрініс арқылы жауап бересіздер.

1-жағдаят.

«Мен тағы дәптерімді ұмытып кеттім» /үй тапсырмасын орындауды т.с.с./, - деді оқушы педагогқа. Педагог бұған қалай әрекет етеді?

2-жағдаят.

Оқушы педагогқа: Сіздің сабақта айтқаныңыз, қорғайтыныңыз маған ұнамайды? – деді. Педагогтың жауабы қандай?

Топтар арасында жауаптарды талқылау.

4. Арт –терапиялық жаттығуы: «Кезекпен сурет»

Мақсаты: Ұстаздар қауымын ортаға шығарып, тақтаға суреттің аяқталмаған түрін іліп, екі топқа бөліп, сурет салғызу.

Барысы: Тақтада аяқталмаған сурет ілініп тұр. Мысалы: Түйенің , жылқының суреттері, соны кезекпен келіп бір сызық арқылы аяқтау.

Алған әсерлерімен бөлісу.

5.Ұстаз болу үшін, үлкен ерік жігер, ұлы ынтамен жақсы оқытушы болу керек. Әрі талапшыл, еңбекшіл болу керек.

«Өз-өзіңізді бағалай білесіз бе?»

Мақсаты: педагогтердің өзін-өзі бақылау алуын анықтау.

Сауалнама таратылып берілді. Нәтижесі шығарылды.

6. «Табиғат мінезі» жаттығуын орындатып, сілкінтіп аламыз.

7. «Тілек шамы» арқылы ұстаздар бір-бірлеріне тілектерін білдіреді.

Психолог: Біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез-келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздағы жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шеті жоқ!!!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
841
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі