ұстаздарға арналған тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ұстаздарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұжымдық, Әріптестік, Достық» Тренингтің мақсаты: Педагогтардың ұжымдық сыйластық, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұжымдық, Әріптестік, Достық»

Тренингтің мақсаты: Педагогтардың ұжымдық сыйластық, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру.

Тренингтің міндеттері: Білімділік: Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір – бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу. Дамытушылық: Тұлғаның өзін ортада көрсете білу, өзін бағалай алуға түрлі психологиялық жағдайлардан шығу және өз пікірін ашық айтуға ықпал жасау. Тәрбиелік: жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып, адамгершілік, сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық құндылықтарын ұғынуға көмектес. Қатысушылар: Ұстаздар

Жұмыс түрі: Топтық жұмыс

Қажетті құралдар: Түрлі қиынды суреттер, карточкалар.

Тренинг бағдарламасы:

1. Танысу жаттығуы

2. Топқа бөліну.

3. «Жұбыңды сипатта» жаттығуы.

4. «Сағат бойынша достар» жаттығуы.

5. Ой толғау. «Көзбен қоштасу» жаттығуы.

Тренинг ережесі:

1. Өз ойын ашық айту

2. Өзгелердің пікірін құрметтеу

3. Белсенді әрекет ету.

4. Шынайылық

5. Топтасып жұмыс жасау.

Барысы: Амандасу рәсімі

Психолог: Сәлеметсіздер ме, қымбатты ұстаздар!

Кіріспе сөз. Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы - ұжым. Ұжым - ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның белгілерін А.С.Макаренко анық та толық айтып берді. Ұжым дегеніміз - жек адамдардың өз алдарына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплексі. Достық - адамдарды бір – біріне туғандай бауыр етіп, жақын ететін, араларын кіршіксіз таза етіп байланыстыратын ізгілікті қарым – қатынас. Достық сезімі адамдардың бойында жаратылғаннан бар. Қандай болмасын адамның өз сырын айта алатын , дертін сөйлей алатын, жарылып шынын жасырмайтын, еш нәрсесін бүкпелемейтін адамдар болады. Міне – ол дос адам. Дос болу - таныстықтан бастап, шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеу.

1.Танысу жаттығуы . Көңілді музыка ойналады. Жаттығуға қатысушылар шеңбер бойынша тұрады. Әрбір қатысушы өздерінің есімдерін, сондай-ақ өзінің жеке басының қасиеттерін айтып шығады. Мысалы: Мен , Дарынды Дана- Көп сөйлемеймін. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар.

2: Топқа бөліну Қатысушылар түрлі суреттердің қиындылары арқылы, біріктіру бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

3. «Жұбыңды сипатта» жаттығуы. Қатысушылар өз жұптарына аттарын атамай сипаттама береді.Сосын қағазды жұмырлап қысып,қорапқа салып,араластырып,қайта таратын адамды сипатына қарай табу.

Талдау: Жаттығу ұнады ма?

4.«Сағат бойынша достар» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Нұсқау: Қазір әрқайсыларыңа жауап парақтары таратылады. Онда сағаттың суреті бейнеленген. Сендер осы әр сағат нөмірінің есімдерін жазып шығыңдар.

Әр нөмірге жазылған оқушымен келесі нұсқауларды орындаңдар.

1 Күлімсіреңіз

2 Қолын қысыңыз

3 Арқасынан қағыңыз

4 Комплимент айтыңыз

5 Қол бұлғаңыз

6 Көзіңізді қысыңыз

7 Қол ұстасып 3 рет секіріңіз

8 Бір тілек айтыңыз

9 Жүрек жасап жіберіңіз

10 Массаж жасаңыз

11 Арқаларыңды сүйкеңдер.

12 Құшақтаңыз.

Талдау:

-Кім өз ойымен бөліседі?

-Жаттығуды орындау оңай болды ма?

-Жаттығуды орындауда не киындық туғызды?

5.Ой толғау. «Көзбен қоштасу» жаттығуы.

Барлығымыз шеңбер бойымен тұрып,бір-біріміздің қолымыздан ұстаймыз.Тынышталамыз.Өзімізге жағымды бір нәрсе туралы ойлаймыз.Енді ойша бір-бірімізге жақсы тілек жолдаймыз және көзімізбен жаттығуды аяқтаймыз.

Талдау:

-Кім өз ойымен бөліседі?

-Жаттығуды орындауда не киындық туғызды?

Бүгінгі тренинг жаттығуымызға қатысқандарыңызға рахмет!

«Мен саған сенемін» жаттығуы.


Психолог: Дөңгеленіп тұрамыз, Оң жағымыздағы көршімізге қарап «Мен саған сенемін, ойткені сен...» деп не үшін сенетіңізді қасиеттін айтасыз.

Енді өзімізді тексеріп қарайық қаншалықты сенгіш адам екенімізді, яғни «Сеніп құлау» жаттығуы. Қазір үш топқа бөлініп жайылға қолдарға сеніп құлаймыз.

«Құпия дос» ойыны.

Әрбір қатысушыға 3 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 3 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2024
211
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі