Ұстаздарға арнау

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаздарға арнау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арнау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстазға арнау

Кішіпейіл, ақжарқын асыл адам,

Қиындыққа ешқашан жасымаған.

Қарапайым ақ көңіл болмысымен

Үйірген шәкірттерін қасына ала.


Баршагүл апай, сізге бас иеміз,

Ұстаздың жиған жақсы қасиетін.

Жолыңызды сан шәкірт жалғастырды,

Көркейтуге белестен асып елін.


Демалысқа кетер деп коркамыз да,

Байладық шәкірттердің жорғасын да.

Әзір бізге керексіз жібермейміз,

Үй де жақын дайын ғой сорпаңыз да


Ұстазға арнау


Сезілмеген қасиетті өзгеден,

Сырын білем көкіректегі көзбенен.

Ұстаздарды мектептегі сипаттап

Жыр жаздым мен жүрекжарды сөзбенен.


Бала бидей ауылдың даналары

Талай талай асуларды алар әлі.

Мектептің мыңға жуық оқушысы

Бәрі – Шынар апайдың балалары!


Сөздерінен жылы лебіз таралғандай,

Бәрімізге де ана бола алғандай.

Ешқашанда кек сақтап, ренжімейді

Мейірім мен шапағаттан жаралғандай!


Ұстазға арнау


География миға кірер білінбей,

Дауысы да оркестрдің үніндей.

Ұлықбек ағай – білімді де, ұлы ұстаз!

Отырады анда-санда күлімдей


Өткізіп өз алдынан талай бала,

Бойына құйды ақыл ой мен сана

Ляззат апай сарп етіп күш-қуатын,

Ақылшы, тәрбиеші, болды Ана!



Ұстазға арнау


Кезі оның аз болар күлімдеген,

Бар баланы жақын тұтып «інім» деген.

Қаламқас апай – мектептің дана ұстазы!

Химиядан қызықты білім берген


Бала десе ойламайды өз қамын,

Көрсем дейді күнге де қолын созғанын.

Қаламқас апай әрқашан да қалайды

Шәкірттері өзінен де озғанын!


Ұстазға арнау


Әрбір оның сөзі ерекше дара шың

Тоздырды жолын үй мен мектеп арасын.

Шырынгүл апай - асыл адам, алтын адам!

Жүзінен мейірімі шашыраған


Әрқашанда сабаққа асықтырар,

Келбеті де білім нұрын шашып тұрар.

Тәрбиелейді Шырынгүл апай мектепте

Бір үй толы қыздары мен ұлдарын!





Ағылшын тілі білген орасан зор талабы,
Әрқашанда ашық - жарқын қабағы.
Гулмира апайдың әрбір берген сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.

Күнделіктен сабақ кестесін қараймын,
Ағылшын көрсем, нешінші деп санаймын.
Тіл үйретер гүлнар дейтін апайды,
Көрейін деп мектепті тез қалаймын!



Өміріме қажетті орыс тілі,

Көп тіл білу-артық емес бұл күні.


Гулсина ұстаз әрқашан еңбектеніп,


Қиын тілдің үйретті қыр мен сырын.




Жаратылыстың сырын бізге ұқтырған,

Химия мен биология қызықты пән.


Роза, Қаламқас апай сіздерге де мың алғыс,


Элементтер қасиетін жаттатқан.




Математика-күрделі пән мектепте,

Ұстаздарым үйретеді еңбекпен.


Үміт, Бақыт, Теңдік атты апайлар,


«Рахмет» деп бас иеміз сіздерге!



ХОРМЕН


Ұстаздарым, неткен асыл жандарсың,


Тілегім сол, үміттерің ақталсын.


Жүздеріңді мұң шалмасын ешқашан,


Қызметіңе талай ұрпақ таңдансын.


 

ХОРМЕН


М Е К Т Е Б І М !


Білімнің нәрін сеуіп бойыма,

Көп нәрсені ұялатқан ойыма.

Мың алғыс сіздерге ұстазым,

Мен бүгін ұямнан ұшамын.


 

Мерейімді үстем еткен — мектебім

Көңілімді көркем еткен — мектебім.

Білмедім-ау, сезбедім-ау,

Балалықтың бал шағын- тек өзіңде өткенін.



Бақыттың баспалдағын мектептен бастадым,

Мен бүгін мәңгілікке, балалықты тастадым.

Ержетіп — есейіп, көркейіп — көктедім

Жақсы еді-ау, алаңсыз балалық көктемім.


 

Қош енді, қош мектебім!

Балалық шақтың бақытын,

Өзіңде ғана өткердім.

Қош енді, қош ұстазым!

















СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУДА АЙТЫЛАТЫН ТІЛЕКТЕР ТОПТАМАСЫ

Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр. 
Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.  Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін. 

Shape1


Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас   ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша   жағдай жасап отыр. Сіздердің осы мерекелеріңіз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы   қарсаңында өтіп отыр. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу   жолында жалықпай, талмай   ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын.

Shape2


Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырға­сынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.
 Еліміздегі  игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын болуы үшiн жасалып жатқанын баяндады. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген, сендер қайда жүрсеңдер де туған ауылымыздай сынды келешегi кемел, өрiсi кең құшақтан шыққандарыңды ұмытпауға, туған жер, өскен орталарыңды мақтан етуге тиiссiңдер. Туға жеріміздің  мәрте­бесiн арттыратын сендерсiңдер, жас түлектер! Қадамдарыңа сәттi сапар, өмiрлерiне құтты қадам тiлейміз

Shape3


Жыл сайын түлектерімізді ұядан ұшырар сәтте 3 тілек айтамыз. Әуелі, Елбасымыз айтқандай үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат бол дейміз. Сосын мәпелеген ата-ана, білімге баулыған ұстаздарын қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға шақырамыз. Соңында, қай жерде болса да шәкірттеріміз еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүрсін деп тілек білдіремін

Shape4


Он бір жыл мектепте үздік оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлектер – ауданымыздың ғана емес, еліміздің де мақтанышы. Олардың болашағынан ел-жұрты үлкен үміт күтеді. Ауданымыз бойынша үздік оқып, білім алған 15 түлек «Алтын белгіге» және 2 түлек «Ерекше үлгідегі аттестатқа» үміткер болса, оның барлығы  де өз білімдерін дәлелдей алды. Олар сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін аялап-өсірген ата-аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып, «Алтын белгі» иегері атануда. Бұл – мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.  Биылғы жылғы түлектер түрлі деңгейдегі  білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Сөйтіп, олар ауданымыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сендерсіңдер. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңе тілектеспін!  Құрметті түлектер,  алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер. Мен сендерге аудан жұртшылығы атынан жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта ауданымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіремін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілеймін!

Shape5


Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік – бүгін, міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.
   Қымбатты ұстаздар! Осы жылдар бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға алғысымыз шексіз! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп үміттенемін.
   Ал, он бір жыл бойы бірге оқыған сыныптастарым, сендердің ендігі өмірлеріңе тек қана сәттілік тілеймін.Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса беріңдер!
                                                   

Shape6


    Біздің құлағымыз мәңгі күмбірлеп тұратын күміс қоңыраудың ең алғашқы жарқын үні мен соңғы да болса мұңды, салмақты әсем сыңғыры. Ұстаздарымыздың қимас сезімдегі жанары мен мектебіміздің ақ баталы қариядай бейнесі бәріміздің жүрегімізде үлкен үміт, нық сенім ұялатады.
   Өмірдегі сара жолды кешегі шәкірт біз нақ осы сәттегі толқыныстан, тебіреністен, сезім арпалысымен бастаймыз. Әрине, қимаймыз, көзімізге жас та аламыз.
   Сіздермен қимастықпен қоштасып тұрып, әлі де талай өрендерді білім нәрімен сусындатып, қанат қақтыра берулеріңізге тілектеспіз!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2025
29
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі