«Ұстаздарға мың алғыс»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұстаздарға мың алғыс»

Материал туралы қысқаша түсінік
1-наурыз Ұстаздарға алғыс айту туралы эссе жазу
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1







Тақырыбы:


« Ұстаздарға мың алғыс»






















Орындаған: Марат Ару Нұрымқызы
Сыныбы: 1«а»
Жетекшісі: Қуанғалиев Алтынбек Шынтемірұлы






Page 2


Орал-2021
Ұстаздарға мың алғыс!

Мұғалім ардақты ұмытылмас,
Өзіме бала күннен үні сырлас.
Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,
Арманның асқарына ұмтылған жас.
Ұстаз- ұлағатты есім. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі- ұстаз. Адамның адам
болуып қалыптасуына ата- аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор деп
ойлаймын. Бала бойына ата- анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік,әдептілік,
ар-ұят, ұлттық сана- сезімді сіңіруші адам-мұғалім. Сондықтан ұстаз- адам
бойындағы тозбайтын ақыл иесі.
Ұстаздарды жылына бір болатын мерекелерімен құттықтау әр бір адамның өте
маңызды міндеті. Өйткені үлкен басшыларда, атақты жұлдыздарда,қарапайым
жұмысшыда ұстаздың тәрбиесін алған. Қымбатты да, қадірлі ұстаздар
қауымы осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып
жүргендеріңізге көп рахмет айтамыз. Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын,
өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге
дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.Сондықтан да осынау тамаша
күнде барлық Қазақстандық ұстаздар қауымына өмірдегі бар жақсылықты
тілейміз. Әрқашанда жүздеріңізден күлкі кетпей, тәрбиелеп шығарған
балаларыңыздың құрметіне бөленіп жүре беріңіздер. Ешқашан жаманшылық
көрмей тек қуанышты күндеріңіз көп болсын.Осы атқарып жүрген қиындығы
мен қызығы қатар жүретін қызметтеріңіздің тек жемісін көріңіздер.
Отбасыларыңызға бақыт-береке, мол табыс тілейміз.«Мұғалім мамандығы –
барлық мамандықтың анасы» демекші,ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан
жоқ.
Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамғанақын да, тегеур
інітемір балқытқан жұмысшы да,егін салғандиқанда,мал бағып терін төккен
шопан да,көк күмбезінен әрі өткенғарышкер де бәрібәрі ұстаздан білім, тәлім
алған.Сондықтанұлағатты ұстаздарға бүкіл адамбаласы құрметпен бас иеді.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»


Page 3


Ұстаздар туралы өлең шумақтары.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Ғ. Қайырбеков
***
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

***
Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,
Жансыздар әлдилеген шуақты арман.
Жатталсын есімдерің жан жүректе,
Адамның аяулы әні сияқталған.
***
Білімнің кілтіндей
“Әліппе” ұстатқан,
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда,
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Атам да сыйлайтын
Атамның тұстасы,
Папам да сыйлайтын
Ауылдың ұстазы.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің
М. Әлімбаев


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
01.03.2021
2070
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі