Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Ұстаздарға мың алғыс.
Материал туралы қысқаша түсінік
Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз.Ұстаз ! Осы бір сөздің өзінде көп мағана жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері,небір данышпан адамдар бәрі-бәрі бір адамға қарыздар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
487
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ШҚО Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылы «І.Жансүгіров атындағыорта мектебі» КММ Биназарова Г.О.Ұстаздарға мың алғыс.(Мерекелік кеш)Сахна мерекелік кешке лайықталып безендіріледі.Ұлылардың ұстаз туралы айтқан нақыл сөздері,шарлар,слайд.
1.Жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз.Ұстаз ! Осы бір сөздің өзінде көп мағана жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері,небір данышпан адамдар бәрі-бәрі бір адамға қарыздар.Ол – ұстаз.Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Жан дүниені түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық, - өйткені ол диқан сияқты.Адамның жанына ақыл білім дәнін сеуіп, аялап көңілін де табады. 2.Жүргізуші:»Ұстаз»деген ардақты да киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз,ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнерге үйретіп, тәрбие беретін,»Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп маңдайыңнан сипайтын адам.1-оқушы:Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшың да,2-оқушы:егін салған диқан да,мал бағып терін төккен шопан да,көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер деБірге:Бәрі-бәрі ұстаздан білім,тәлім алған.3-оқушы:Сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.4-оқушы:Ұстаз сөзі –күн нұрына бара-бар, Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар, Ізгілік пен мейірімге толы ол, Шуақ болып жүректерге таралар.5-оқушы:Ұстаздықтан асқан қиын да қызықты мамандық жоқ, өйткені, оның жауапкерлік өлшемі адам тәрбиелеу.6-оқушы:Мұғалім- зор тұлға.Мен ұстаздарымды күннің құдіретті сәулесіне теңеймін.7-оқушы:Сүйікті ұстаз – баланың өмірге қарайтын мөлдір де таза әйнегі. 1.Жүргізуші:Әр сабағың өтіп жатыр білінбей, Перне қосқан оркестрдың үніндей. Әр баланың жүрегіне жол тауып, Тұрасың сен,дерижер боп күлімдей.Әр сабаққа кіресің сен сыйынып, Жыр оқисың нөсер болып құйылып, Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің, Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйініп.Соларменен асқарларға шығасың, Әлем кезіп ғылым жолын қуасың. Сәтті басқан қадамына ырза боп, Жіпсіп арқаң,тыңыстап кең тұрасың.2.Жүргізуші:Жалын атып, от боп ,бірге жанасың, Білім беріп,содан бақыт табасың. Бар өмірің өрнектеліп баламен, Жасарып бір,мәңгі жас боп қаласыңБұл өмірде танып оң мен солымды, Менде қудым ,ұстаз ,сенің жолыңды. Бір кісідей терді төктің елі үшін, Іздеуге де мұршаң болмай жоғыңды.Бақыт таптың ұстаздықтың бағынан, Қаншама ұрпақ қанаттанды алдыңнан. Сомдап соқтың болашақтың мүсінің, Тіршілікте сол ғой ізің қалдырған. Ән: «Ақылшы мұғалім»
8-оқушы:Халқымыздың біртуар ұлы,қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлы «Ұстаз-ұлық емес,ұлы қызмет»деген екен.Соны мәңгі естен шығармайық.9-оқушы:Мұғалім-ұстаз жөнінде Ыбырай Алтынсарин:»Мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі»десе,10-оқушы: «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім»деп ұлы қаламгер Ғабит Мүсірепов айтқан екен.11-оқушы:Қазақ халқының ұлы жазушысы Сәбит Мұқанов «Мұғалім!»Бұл – адамның ардақты аты, Білімді бар биікке шығар саты Ең алғаш басталады осы адамнан, Сүйеді сондықтан да жақын жат та.... Бар ғалам,барлық қоғам мұғалімді, Сыйлайды,мәңгі - бақи беріп бәрін-деп жырлапты.12-оқушы:Білім беріп көзді ашқан, Ақылшым,досым,ұстазым. Мейіріңнен сенен асқан, Адалдық жолын нұсқадың.13-оқушы:Тәрбиелеп,мәпелеп, Өрлеткен өмір шыңына. Жөн сілтер өзің жетелеп –Ғылымның жаңа шыңына.14-оқушы:Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен, Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен. Мектеп, сенсің жақсылықты ұран қып, Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.15-оқушы:Мектеп деген білім кені,жыр кені. Мектеп деген ғылымның ең үлкені, Мектеп деген тәрбиеші адамға, Мектеп деген даналардың мекені. Ән: «Мектебім»
16-оқушы:Болса менің кішкене бір табысым, Қорғағаным ұстазымның намысын Ұстазымша білсем деймін өмірді, Ұстазымша болса деймін әр ісім.17-оқушы:Әрбір пән мұғаліміне жан-жақты білім бергені үшін алғысымыз шексіз!Ұстаздарымызға зор құрметпен бас иеміз!
1.Жүргізуші:Қасым Аманжолов:»Мектеп-кеме, білім - теңіз»- деп тектен – текке айтпаған-ау, сірә?!Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі.2.Жүргізуші:Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп,жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші!1.Жүргізуші:Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе!? Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.2.Жүргізуші:Ұлы АбайдыңАқырын жүріп, анық бас, Еңбегін кетпес далаға, Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, - деп айтуына терең мән-мағына жатыр. Шынында да ұстаз еңбегі ұлы да, ұлағатты еңбек. Оқушылар ұстаздарға гүл тапсырады.Залдағы отырғандардың барлығы қосылып «Ұстазым»әнін орындайды.
Алғашқы ұстазым Нығымет Қапасұлына АрнауӨмір бізге берілер қысқа ғана, Тау биік боп көрінер ұпағанға. Жылдардың жылжып аққан ағымымен, Ұмыт бола бастапсыз-ау Ұстаз аға.Еміс қана есте қапты жанарың, Ескірген-ау мынау ойлы сананың. Тәрбиелеп өзің қосқан қатарға, Қартайғаны-ау кешегі әкірт балаңның.Жасындайын жарқырап бір жанатын, Қатайтқандар алдыңызда қанатын. Қазір міне бір-бір отау иесі, Ата-әже немересін бағатын.Оқу-құдық инеменен қазғандай, Бар адамзат содан азық алғандай. Өзің берген тәлім менен тәрбиең, Өміріме үлкен азық болғандай.Уақыт жаймен жылжып өтер бұл күнде, Ұстаздарын еске алсын кім-кімде. Қабіріңіз толсын Алла нұрына, Еске аламыз,Ұстаз аға білдің бе?!«І.Жансүгіров атындағыорта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Куньязова Г.О.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)