400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұстаздарға мың алғыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға мын алгыс балага билим нарин сусындаткан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұстаздарға мың алғыс»

/Мерекелік ардагер – ұстазбен кездесу/

Мақсаты: Балаларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандағының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Өз ойларын жеткізе білуге баулу, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, шарлар.


/Әуенмен балаларды залға кіргізу/
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, балалар! Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаздарға мың алғыс» атты мерекелік ардагер – ұстазбен кездесуге қош келдіңіздер!

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегіңмен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Енді бүгінгі кездесуіміздің қонағы №13 гимназия орта мектебінің ардагер ұстазын қошеметпен қарсы алайық.

Адамбаева Нағима 45 жылдан аса ұстаздық қызметте, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі. Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жетістіктері үшін аудандық, республикалық құрмет грамоталарымен марапатталған.

Тәрбиеші: Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор. Олай болса, құрметті ұстаздар төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз.
Ән: «Ұстазым»

Тәрбиеші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» - деп ғұламалар айтқандай, кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Келесі сөз кезегін бүгінгі қонағымызға берейік. Өз өмір жолдары, ұстаз болуының қыры мен сыры туралы айтып берсе.

/Ардагер ұстазды ортаға шақыру/

Тәрбиеші: Ал енді, Нағима апай, өздеріңізге әзірлеген балалардың сұрақтарына кезек берсек....

1. Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
2. Есіңізде қалған ең қызықты сәтіңіз?
3. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
4. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?
5. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.

/Ардагер ұстаз сөйлейді/
Тәрбиеші: Көп рахмет.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған.
Шаршаса да, осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.
Тәрбиеші: Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады,

Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар.
Балаларымыз ұстаз туралы нақыл сөздер айтады.

  1. Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

  2. Ұстазға қарап шәкірт өседі.

  3. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

  4. Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы.

Тәрбиеші: Биші қыздар, кел бері,

Ортаға шық ілгері.

Мың бұралып билеңдер,

Жастық шақтың гүлдері.

Би: «Бұлт»

Тәрбиеші: Ұстаз туралы қанша мақтау сөздер айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, ұстаздар, балаларымыздың өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берейік.

1-бала: Білімнің ғана тиегі,

Мектебін жаны сүйеді.

Қарапайым мамандық –

Ұстаздық атты киелі.

2-бала: Бойына жиған нұр ағын,

Білімнің жаққан шырағын.

Шәкіртімен көркейер

Қастерлі тұлға - Мұғалім!

3-бала: Шәкіртке шуақ төгетін,

Жанына мейір егетін.

Еңбекпенен жалықпай,

Білімнің нәрін себетін.



4-бала: Атам да сыйлайтын,

Атамның тұстасы.

Әкем де сыйлайтын,

Ауылдың ұстазы.

5-бала: Ұстаз ана – болашақтың анасы,

Ұстаз ана – ақыл-білім панасы.

Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде,

Әр шәкірттің оянады санасы.

6-бала: Ұстаздарды ардақтап,

Сыйлайық біз оларды.

Бізге берген біліммен,

Өрлейік біз шыңдарға

Жүргізуші: Тал шыбықтай бұралған,

Қазағымның қыздары-ай!

Сүйсіндірген биімен,

Өнерлі ғой қыздар-ай!

Би: «Бипыл»

Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы әдеппен бас иеді.

Құрметті ұстаздар!

Дендеріңнің саулығы мықты болсын
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
Бүгінгі ұстаздар күніне арналған кездесу кешіміз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.


















Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «35 «Балдырған» бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




«Бекітемін»

№35 «Балдырған» бөбекжай директоры

________________М.М.Кабдрахманова

« » 2018 жыл





«Ұстаздарға мың алғыс»

Ардагер ұстазбен кездесу











Дайындаған: №11 ересек тобының тәрбиешісі

Сражанова Р.С.

Өткізген: №11 ересек тобының тәрбиешісі

Сражанова Р.С.


















Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
2369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі