Ұстаздың ерен еңбегі – шәкіртке берер
жемісі!
«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға»
Абай
Құнанбаев
Ұстаз. Ұстаздық киелі әрі өте күрделі мамандық.
Қоғамның қозғаушы күші – ұстаз. Ал, ұстазсыз білімді шәкірт жоқ.
Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық
құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе – жас
ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның – қиыны. Себебі әр адам –
қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем.
Уақыт озған сайын қоғамдағы саяси – әлеуметтік қарым – қатынас
дамыған сайын бүкіл дүние жүзінде ұстаздың қызметі қиындай түсуде.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік
білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке
жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан
келеді. Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде егемен еліміздің,
қоғамымыздың әлеуметтік – саяси және басқа да салаларында түбегейлі
өзгерістер болып жатыр. Соның бірі – білім беру саласы. Қай кезеңде
болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең
жауапты, маңызды іс болып қала береді.
Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті
алға бастырар ғылым десек, соның бірден – бір саласы жас ұрпақты
дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей
алмайды» - дейді.
Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен
жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды. Тарихты білу – өзінің,
отбасының, әулетінің, туып – өскен өлкесінің тарихын білуден
басталады. Өзінің тегін, оның тарихын білмеген адам өз халқының
тарихын білуге ешқашанда ұмтылмайды. Мұндай адам басқа халықтарды,
оның тарихын, тілін, әдет – ғұрпын құрметтемейді, сыйлай да
алмайды. Осындай жағдайлар болмас үшін оқушыларды туған өлкенің
тарихын зерттеуге қызықтыруды алдына мақсат қылып қойған Барлыбек
Сырттанов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Роза
Әділқызы Қалышева мектеп оқушыларымен өлкетану жұмыстарын нәтижелі
жүргізіп келеді. Роза Әділқызы 1982 жылдың 12 – қаңтарында Алматы
облысы, Ақсу ауданы, Суықсай ауылында дүниеге келді. Мектеп
қабырғасында жүріп, тарих пәнін аса қызығушылықпен оқыған Роза
Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық
университетін тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығы
бойынша тәмамдады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін арман қуып,
өз мамандығы бойынша Арасан ауылы Барлыбек Сырттанов атындағы орта
мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Жас
мамандар үшін «Жас маман» кезеңі бір белес болса, өз қызметін
жанындай сүйіп, атқарып келе жатқан Роза бұл белестен абыройлы да
нәтижелі өтті. Роза осы аталған мектепте қызмет атқарып келе
жатқанына 7 жыл болды. Осы жылда өзін білімді, алғыр, ұйымшыл, өте
жауапкершілікті ұстаз екенін көрсете білді. Жас маман кезеңінде
жүріп, өзінің ізденімпаз, білімді, алғырлық, жауапкершілік, алға
ұмтылғыш қасиеттерімен еңбек еткен Розаның оқушылары аудандық пән
олимпиадасында жүлделі орындармен оралды. Атап айтсақ, 2010 жылы 11
сынып оқушысы Жәлімбекова Сая ІІ орын, 2012 жылы 11 сынып оқушысы
Шәкен Қадірбек ІІІ орын, 2014 жылы Арнаева Жанар ІІ орындарға ие
болды. Роза Әділқызы бірнеше жыл қатарынан аудандық жарыстарға
қатынасып жүлделі орындарды иеленуде. Атап айтқанда 2011 жылы
аудандық «Жас маман-2012» байқауына қатысып ІІІ орынды, 2013 жылы
Аудан тарихшыларының арасында өткен «Үздік тарихшы -2013» байқауына
қатысып І орынды иеленді. 2013 жылы
«Жыл мұғалімі -2013» байқауына қатысып алғыс
хатпен марапатталды. Ұстаз «Ақпаратты технологиялар мен оқытудың
жаңа әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық
ойлау жүйесін қалыптастыру» мәселесі бойынша қызмет етіп келеді.
Роза Әділқызы оқушылардың білімдік, танымдық қабілеттерін дамытуда
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» әдіс – тәсілдерін тиімді
пайдаланып, өткізген сабақтары республикалық баспа беттерінде жарық
көруде. Атап айтар болсақ, «Ізгілік» ғылыми – әдістемелік
педагогикалық газетінің 2012 жылғы№7 нөміріне «Тәуке хан тұсындағы
қазақ хандығы» атты сабақ жоспары, 2014 жылғы ю5 нөміріне
«Халықтардың ұлы қоныс аударуы» атты сабақ жоспары, 2012 жылғы
«Білім шапағаты» республикалық педагогикалық газетінің №35 нөміріне
«Ежелгі Грекия» атты сабағы жарияланды. Роза Әділқызының іс –
тәжірибесі 2011 жылы Ақсу аудандық мұғалімдердің іс – тәжірибесі
жинақталған «Ұстаз шығармашылығы білім бастауы» атты жинаққа
енгізіліп, «1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыс» атты ашық сабағы
жарияланды. «Жетісу жеріндегі Бөрібай көтерілісі» атты ғылыми
жобасы халықаралық ғылыми жобаның баяндамалар жинағына енгізілді.
2011 жылы Үштөбе қаласында өткен «Қоғамдық пәндерді оқытудың тиімді
жолдары» атты педагогикалық марафонға қатысып, «Тарих сабағында
оқытудың инновациялық әдістер мен білім беру технологияларын
қолдану жолдары» деген тақырыпта баяндамасы тыңдалды, 2012 жылы
«Білім беру жүйесін жаңғырту –адами капиталдың сапалы өсуінің басты
бағыты» тақырыбындағы аудан мұғалімдерінің тамыз кеңесінде «Тарих
сабағында оқытудың инновациялық әдістері мен білім беру
технологияларының қолдану жолдары» тақырыбындағы баяндамасын оқып,
аудандық білім бөлімінің «Мадақтамасымен» марапатталды. 2013 жылы
Зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ІХ «Зерде»
республикалық кокурсында облыстық сырттай кезеңіне қатысқаны үшін
Алматы облысы білім басқармасының басшысы Ж.Далабаевтың
сертификатымен марапатталды.

Жаста болса жетістігі мол ұстаз: Роза
Әділқызы шәкірті Арнаева Жанармен
Оқушыларды туған өлке тарихына деген
қызығушылығын арттырып шығармашылыққа баулу мақсатында 2012 – 2013
оқу жылында 9 –сынып оқушысы Арнаева Жанар «Жетісу жеріндегі
Бөрібай көтерілісі» тақырыбы бойынша аудандық Кіші Ғылым
академиясының ғылыми – практикалық конференциясына қатысып, ІІ
орынды, 2013 -2014 оқу жылында ҚР КҒА –ның ХХІІ-ші облыстық ғылыми
тәжірибелік конференциясына қатысып, ІІ орын, ҚР КҒА-ның 39-шы
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында І орынды иеленіп,
ҚР КҒА Президенті , профессор А.И.Купчишиннің І дәрежелі дипломымен
марапатталды. 2013 – 2014 оқу жылында аудандық «Дарын» ғылыми
жобасынан оқушысы Арнаева Жанар «Жетісу жеріндегі Бөрібай
көтерілісі» тақырыбы бойынша қатысып, ІІ орынды иеленді. Оқушының
баяндамасы Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым Академиясының
ХХІІ-ші облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясының тезистер
жинағына (22 ақпан 2013 жыл) және 39 –шы Республикалық тезистер
жинағына (27 сәуір 2013 жыл) енгізілді. Осы еңбегі үшін Роза
Әділқызын Кіші Ғылым Академиясының президенті А.И.Купчишиннің «ЗА
УСПЕШНУЮ И ПЛОДОТВОРНУЮ РАБОТУ С ОДАРЕННОЙ МОЛОДОЖЬЮ В РАМКАХ МАЛОЙ
АКАДЕМИИ НАУК РЕСПУБЛИКИ КАЗАКСТАН» атты алғыс хатымен
марапатталды. 2013 жылы ұстаздар мерекесіне байланысты «Нұр Отан»
ХДП Ақсу аудандық филиалының төрағасы Ә.Е.Далбағаевтың «Құрмет»
грамотасымен мадақталды. Сонымен қатар ұстаз түрлі жаңа
инновациялық технологияларды сабағында тиімді пайдалана отырып, 11
сынып түлектерін жыл сайын ҰБТ – ға дайындауда бар күш жігерін
жұмсап, ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары нәтижелер көрсетуде. Атап
айтар болсақ, 2009 – 2010 оқу жылында 83%, 2010 – 2011 жылы 83%,
2011 – 2012 жылы 66,6%, 2012 – 2013 жылы 83,3 % білім сапасын
көрсетті. Ұстаз ізденімпаздылық қасиетімен қатар өте еңбекқор,
жұмысына деген қызығушылығы жоғары. Ұйымдастырушылық қабілеті де
өте жоғары деңгейде. Оған дәлел, мектеп ұжымымен бірге оқушылардың
құқықтық білімін көтеру мақсатында өз құқығын қорғай алатын, заң
бұзушылыққа бармайтын Қазақстанның адал азаматы етіп тәрбиелеу
жолында «Заңды білу – заман талабы» , «Құқық әділет пен парасат
жолы», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық клдексі», «Қылмыс пен
жаза» деген тақырыптарда құқықтық отырыстар, кездесулерді жиі
өткізіп тұрады. Ұстаздың аямай еткен еңбегі шәкіртке берер мол
жемісі. Роза Әділқызы өз пәнін терең игерген оқушыларға берер
тағлымы мол ұлағатты ұстаз. Біз оның әлі де талай білімнің шыңын
өзіне бас идіріп, бағындыратынына мол сенімдіміз!
Ақсубаева
Раушан
Ақсу
ауданы
Арасан
ауылы
Б.Сырттанов атындағы орта
мектеп