Материалдар / "Ұстаздың ұлы келбеті"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ұстаздың ұлы келбеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін ұғындыру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты "Ұстаздың ұлы келбеті"

Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.                                                                                                       Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстаздың ұлы келбеті» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Тақпақтар:

1-оқушы: Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен,

Сен ұялдың кір болса менің жейдем.

                 Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп,

                 Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең

2-оқушы: Алғаш рет оятқансың санамды,

                 Алғаш рет ұстатқансың қаламды.

                Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін

                Түсіндірген жақсы менен жаманды.

3-оқушы: Ұстаз бізді білім беріп өсірген

                 Қатемізді әрқашанда кешірген

                «Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым

               Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.

4-оқушы: Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,

                Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың

                Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,

                Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.

Мұғалім: Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?

-         Әрине Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза  ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.

 Мұғалім: Біз ата-анамызды қалай қадірлеп құрметтесек, ұстазды да солай құрметтеу -парызымыз.

  


Нақыл сөздер:

                                                                                                                                 5-оқушы: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады»                                         Абай Құнанбаев

6-оқушы: Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.

                                                                                                     С.Қожамқұлов

7-оқушы: Мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.

                                                                                                          Ы.Алтынсарин

8-оқушы: Қайратсыз ашу- тұл,

Тұрлаусыз ғашық-тұл,                                                                                                                                          Шәкіртсіз ғалым-тұл.

                                             Абай Құнанбаев

9-оқушы: Ұстаздық ету - өзінің  уақытын аялау, өзгенің бақытын аялау.

10-оқушы: Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді.

                                                                                     Д.Дистерверг

11-оқушы: Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.

Ғ.Мүсірепов

12- оқушы: Мұғалім - оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмтылмас із қалдырады.

                                                                                    Н.А.Добролюбов

Қорытынды: Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмәмдаймыз.

 

  

 

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!