400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұстаздық - мен таңдаған мамандық" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге дидактикалық материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ұстаздық – Мен таңдаған мамандық

/эссе/


Мұғалім болу, балалардың болашағына жауапты болу емес, бүкіл бір елдің, ұлттың келешегіне жауапты болу. Мұғалімдік ақ парақтай таза да, пәк балалардың сауатын ашып, оларды оқыту мен тәрбиелеу міндеті ғана емес, сыни тұрғыдан ойлай алатын, өз болашағына керекті білімді өз қалауымен таңдай алатын мамандық. Өздерінің таңдаған мамандығының нағыз маманы болуына бағдар беретін мамандық. Ұстаздық - балаларды мәжбүрлемей - ақ қызығушылығын оята отырып, сыныптың, тіпті қала берді бүкіл қоғамның қажетті бөлігі екенін сезіндіретін мамандық. Сондықтан цифрлық дәуірдегі ұстаздардың мойнына артылатын жүк салмақты болмақ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұстаздарға, яғни біздерге ұлт болашағын тапсыра отырып, мемлекеттің дамуына салмақты үлес қосады деп сенім артқаны белгілі. Осы мақсатты іске асыру жұмысы барлық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және жаңартылған оқу бағдарламасына көшу жұмыстарын айтуға болады. Тәуелсіз еліміз дамыған отыз елдің қатарынан көрінуі үшін, ең алдымен білім саласына жаңалықтар енгізе отырып, жаңашыл, өнертапқыш, теориялық білімін практикада қолдана алатын ұрпақ тәрбиелеу керек. Сол үшін жаңартылған білім беру мазмұнын білім саласына енгізудеміз. Дәстүрлі оқыту жүйесімен білім бере жүріп те үздік нәтижелерге қол жеткізгенбіз. Бірақ «заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген мақалды ата - бабамыз бізге айтып кеткен. Заман талабы күн өткен сайын күшеюде. Оқушыларымыз бәсекеге қабілетті ұрпақ болсын десек, оларға білім беру ісінде аянбай еңбек етуіміз керек. Халқымыз «Не ексең, соны орасың» деген мақалды да тегін айтпаған. Балаларды білімге қызықтыра отырып, болашағын жоспарлауға көмектесіп, елге керекті нағыз мамандарды шығаруға ат салысу менің де алдыма қойған мақсатым. Ұстаздық жолын таңдай отырып, еліміздің болашағына аз да болса үлес қосатыныма қуаныштымын. Сапалы білім, саналы тәрбие алған жеке тұлға қалыптастырудағы еңбек жолымда бойымдағы бар күш - жігерімді аямаймын. Озат педагогтардың озық тәжірбиелерін ұлттық құндылықтарымызбен, жергілікті жер компоненттерімен ұштастырып, сапалы, әрі тиімді әдіс - тәсілдерді еліміздің білім саласына ендіруіміз – «Мәңгілік Қазақ елінің» өркендеуінің кепілі деп сенемін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
05.06.2018
5638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі