Материалдар / "Ұстаздық - ұлы мамандық"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ұстаздық - ұлы мамандық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық- ұлы мамандық иесі болу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2021
299
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Хавал Аңсаған

Осакаров ауданығ Сарыөзек ауылы

21 жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



ЭССЕ

Ұстаздық -ұлы мамандық


Ақындық пен батырлықты, табандылық пен тапқырлықты талап етер мұғалім мамандығы маған кездейсоқ келмеді. Сонау мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімде-ақ сабақ беретін ұстаздарыма ерекше ықыласпен қарайтынмын.

Білімге деген құштарлығым бейне бір шөліркеген жанның сусынға ұмтылысындай еді. Мұғалімнің айтқанын екі етпейтінмін. Сабақ оқу үшін талай ойыннан, тіпті жақын-туыстың атаулы той-томалығынан қалатынмын қазір есіме түссе, езуіме күлкі үйіріледі.

Бастауыш сыныпта оқып жүргенде-ақ әкем мен шешем бір жаққа жолаушылап шығатын болса, алғыр әрі естілеу ғой деп, іні-сіңілілерімді маған тапсыратын. Ал мұндай жауапкершілік мен үшін көктен тілегенімді жерден тауып алғанмен пара-пар болатын. Есік алдынан ата-анам мінген көлік қозғалысымен, билікті қолға алып, мұғалімнің кейпіне енетінмін. Бауырларымды жинап алып, өзімнің ұстаздарымды бейнелеуге тырысатынмын. Қазақ тілінің апайынша сөйлем талдауға барымды салып, сурет пәнінің ұстазындай әрбір бояудың қажетті жерін түсіндіруге жанымды беретін едім. Иә, осылайша өзімнен аз-ақ кіші «оқушыларыма» сабақ уйретуден ұзақты күн жалықпаймын.

Алыстағы сағым боп, қол бұлғап қайран, балалық!Ұстаз болуды сонау

Уақыт шіркінге кім тоқтау коя алған?! Қол жетпейтін ақ құстай болған арманыма да жеттім...

Міне бүгін кеше ғана мұғалім болуды алып-ұшып армандаған балғын қыз-мектеп мұғалімі.

Қазір Құлсары қаласындағы №13 жалпы орта білім мектепте дәріс беремін. Ал 2005 жылдан бастап орыс сыныптардағы мемлекеттік тілді оқытып келемін. Көп жайлары зерттеп, көңілге түйіп, «әттеген-ай» дегізетін мәселелер төңірегінде ізденіп жүремін.

Институт қабырғасында жүрген кезімде бір ұстазымнан «оқушыларды педагогикалық оқу орнына қабылдар алдында актерлік қабілетін де байқаған жөн, өйткені мұғалімге актерлік шеберліктің де қажеттілігі бар»деген сөзі көкейімнен кетпейді. Шын мәнінде бұл сөздің астарына тереңірек үңлілер болсақ, мұғалімнің сынып алдында өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәнері, керек десеңіз әрбір қол, бет мимикасы асқан актерлік шеберлікті талап етеді.

Өйткені ұстаз алдындағы ойы шартарапта отыратын балаң қөңіл оқушыларды баурай білуің кере. Міне ұстаз болу – түсінер жанға, осындай табандылық пен ащы терді сығып алар еңбекті қажет етер ұлы іс.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!