400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаздық - ұлы қызмет

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушымның жетістігімен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаздық - ұлы қызмет

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға.

Абай

Жас өрендерге тәрбие мен білім беруде үнемі ізденіп, жүрегіне жол таба білу үшін адамгершілік қағидаларын жадынан шығарма йтын ұстаздардың еңбегі ерен екені анық. Әр баланың қасиетін тани біліп, бойындағы қабілетін ұштайтын ұстаз әр оқушының ата-анасындай қамқор болуда.

Бүгінгі заманның мұғалімі - бесаспап жан, қамқор "ата-ана", шығармашыл тұлға, ізденімпаз маман. Ол - заман талабы. «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ жеңіске жетесіз» - деген екен қазақтың біртуар азаматы Қаныш Сәтбаев. Әр жақсы іске шын көңілмен, таза ниетпен кіріссең, жемісін берері анық. Әр ұстаздың оқушысы - өзінің айнасы деп ойлаймын. Өйткені ұстаздық - ұлы қызмет! Бүгінгі шығармашыл мұғалім ел болашағының дамуына үлес қосып, оқушысының жоғары жетістікке жетуіне тікелей ықпал етуде. Әл-Фараби бабамыз: " Адамға, ең алдымен, тәрбие беру керек, тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі",-деген екен. Біліммен егіз тәрбиенің бастау бұлағы ата-ана арқылы сіңсе, бұл ретте ұстазының да ролі зор екені сөзсіз. Оқушы бойына білімнің нәрі мен адамдықтың асыл қасиеттерін сіңіруден шаршамайтын ұстаздың еңбегі ұшан-теңіз екені даусыз.

Ұстаз - шебер әдіскер, нағыз психолог жан. Олар - оқушылары өз пәнінің қыр-сырын меңгеруі үшін, алған білімін өмірде кәдесіне жарата алуы үшін күні-тынбай ізденуден шаршамайтын, ішіндегісін тап басып біліп, бауырына қысудан жалықпайтын адам. Бұл - біздің тізбектелген, тұрақты ісіміз. Содан қанаттанамыз, күш-қуат аламыз. Өйткені уақыт көшіне ілесу – әр адамның мәртебелі міндеті. Әр оқушысына сүйіспеншілікпен қарап, олардың қабілет-қарымын, мінездерін де ескеріп отырады. Одан шаршаған емес. Әр оқушысының бойынан жылт екен жақсылықты бағалап, жоғарыға жетелейді, талабын ұштайды.

Қаншама мехнаты көп болғанымен, адам баласы ақырындап, сол бейнеті зейнетке айналған сайын құмарлана түседі деп ойлаймын. Қазіргі заманның ұстазының болмыс-бітімі осыған саяды. Ол - саяси сауатты, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, педагогикалық-психологиялық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, ізденімпаз өз ісінің шебері. Қорыта айтқанда, ұстаз – тәрбиеші, маман, жаңашыл, шығармашыл, психолог, тәлімгер, эстет, гуманист, әдіскер, еңбекқор, шебер, балажан.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі