Материалдар / Ұстаздық еткен жалықпас...
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаздық еткен жалықпас...

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет бере отырып, оны дүниежүзілік білім, ақпарат кеңістігіне шығуға, кез - келген жағдайда өмір сүруге тәрбиелейді. Ұстаз, ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Сол іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік оны алға жетелейді. Ұстаздың осыншама қадір – қасиетке, құрметке бөленуі әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым – қатынас жасауында.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2018
1618
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Мырзакент» жалпы орта мектебі мектеп – гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Тәрбие сағаты


Тақырыбы:


Ұстаздық еткен жалықпас...







Аға тәлімгер: Сапарбек Қазыбек Жұмаханұлы



Тәрбие сағатының мақсаты:


Ұстаздардың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша екенін ескеріп, қажырлы еңбектерін ұмытпауларын оқушыларға түсіндіру.

Ұстаздарды әрдайым құрметтеу, оларды сыйлау, қадір тұту деген ұғымдарын дамыту. Мұғалім мен оқушы арасындағы сыйластықты арттыру.

Ұлағатты ұстаздарымыздың жас ұрпаққа білім беру барысындағы ұстанымдарын пайдалана отырып, Қазақстанның дамуына үлес қосатын, білімді де мәдениетті, саналы, парасатты азамат тәрбиелеу.


Көрнекілігі: кітаптар, нақыл сөздер жазылған плакат

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

І. Кіріспе:

ІІ. Негізгі бөлім:

ІІІ. Қорытынды:


Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршілектегі шырақтың сөнбес ошағы.

*******

     Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.

********

     Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындық пен қуанышқа толы.

*********

      Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі.

      *********

      Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар!

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Ақырын жүріп, анық бас

Еңбегің кетпес далаға – деп, Абай атамыз айтқандай бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әрбір ұстаздың борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Сол іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын жұмыстарға жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізіп отырады.

Ұстаздың осыншама қадір – қасиетке, құрметке бөленуі өзін қоршаған ортамен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым – қатынас жасауында.

Қазіргі заманымыздың мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.

Бүгінгі білім мен біліктілік бәсекелес болып тұрған заманда шәкірттерінің биіктен көрінуіне күнделікті сабағындағы жаңашылдығы арқылы, жан – жақты тәрбие беріп жүрген ұстазымызды мақтап, мадақтай аламыз.


Ұстаздықтың ауыр жүгін көтеріп,

Оңашада ойға баттың, ой өріп.

Ұстаздарға әркім басын ию керек

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

 

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

 

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкіртінің биікке шыққандарын.


Ұстаздарға мың алғыс!


               "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол.


Өзіңді мәңгі үлгі тұтамыз!


Тұла бойың тұнған сабыр,

Кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға,

Ұстазым,

Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!

 

Бала елдің болашағы болғанда,

Зор пайданы тигізесің қоғамға.

Мамандығың - кәсіптердің абзалы,

Адамдығың қымбат бізге одан да.

 

Ашық болсын нұрға толы көгіміз,

Аман болсын еліміз бен жеріміз.

Аманаттап тапсырамыз тағдырды -

Анамыз деп қабылдадық сені біз!

 

Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,

Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.

Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан

Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!


 

Ұстаздар күнімен құттықтау


Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті.

Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “...1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды.
Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!

Ұстаз

Ф. Оңғарсынова


Зауытта болсаң, күнбе-күн

Көрінер еді табысың.

Дәрігер болсаң түрлі емің -

Шипалы жанның бағы шын.

 

Ал сенің еңбек жемісің

Өзгеше тіпті басқадан:

Ол - өзің арнап ел үшін

Осынау жүрген жақсы адам.

 

Жақсы адам - елдің тірегі,

Байлығы туған халықтың,

Шапағын шашар үнемі

Көгінде тұрған жарық күн.

 

Сан жастың қамын шертесің,

Тағдырын ойлап толғанып.

Әр үйдің бір-бір еркесін

Үйреттің өзің қолға алып.

 

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,

Шәкіртсіз өмір - сусыз жер.

Көрінбес ғажап еңбектің

Бейнетін кешіп жүрсіздер.

 

Жүректе тұрар жалқы үнің,

Жанымнан жаныл, жігер күт.

Ұстазым, сенің әр күнің,

Әр сәтің тұрған бір ерлік!

 


Ұстаздарға тілек


     Ұстаздар күні - бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар.

   "Ұстаз" сөзінің өзі "Отан", "Ар", "Адамгершілік" сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр.

     Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар! Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! "Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті" десе, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!

*********

     Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.

********


     Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындық пен қуанышқа толы.

*********

      Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.

*******

      Ұстаз деген ұғым бар, мына дүниеде. Ілмейтінді ілдіретін, білмейтінді білдіретін. Санаға ақыл ұялататын, арманды алдан қиялататын. Өмірді ұғынуыңа себеп болатын, тірлікке кіруіңе көмек болатын. Әр кезде аялайтын, дәрісті аямайтын. Бықсытпайтын, жандыратын. Тұлғалық табиғатын мәңгілік қалдыратын. Ұғымы ұшар биікпен пара-пар ұстаздың бірінен біздер де тәлім алдық.

*******

      Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар!

*******




Ұстазға тілек


Нұр құйды ма сәби – гүл - әлди елі,

Жүрегіңде қасиет бар киелі...

Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе,

Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені.

 

Ұзақ жылдар мектептің басшысы боп,

Тәрбиені үйреттің басқышы көп...

Өнегелі еліне еңбек еттің,

Сәлем берер сондықтан дос кісі көп.

 

Азаматқа жүретін балап елім,

Сондай жұртқа қадірлі адам едің!

Ұл-қыздарың қондырған ұясына,

Мен де Сізді бір тауға санап едім.

************

«Талпынған бақытына болады кез,

Арналы дарындардан қалады сөз» -

Деп құйған құлағына шәкірттердің,

Адамсыз –

Дана ойлы,

Бал мінез!





























«Мырзакент» жалпы орта мектебі мектеп – гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Сынып жетекшісі

жұмысының әдістемесі



2015 – 2016 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!