400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаздық еткен жалықпас

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз еңбегі туралы , оның қиындығымен қоса қиындығы мол мамандық екендігі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

Сазды орта мектебінің биология пәні мұғалімі

Утемагамбетова Маншук Жиенбековна



Ұстаздық еткен жалықпас

Ұстаздар – тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті жерге екпеген, елге екеңдер.

Азамат ұрпақтарын тәрбиелеп,

Зердесін болашақтың зерлеткендер, - дей отырып, ұстаз тұлғасы ата-анадан кейінгі ең мейірімді әрі жайдары жандардың бірі. Ендеше, кеудесінде иманы мен жүрегі тоғысқан әрбір бала ата-анасын қалай құрметтесе, ұстазды да одан кем емес құрметтеуі тиіс. Себебі, ұстаз деген ұлағат иесі баланың тағдырына ата-анадан кем әсер етпейді. Менің ойымша, ұстаз болуды екінің бірі өз деңгейінде атқара да алмайды, өйткені ұстаз болу үшін жаның кең, жүрегің жұмсақ болуы шарт. Ал егер бұл қасиеттер адам бойынан табылмаса, ол адамның жақсы ұстаз болу – болмауы екі талай. Сол себепті де осынау керемет мамандық иесін қаншама ақын –жыршылар өлеңдеріне қосып, талай уақыт жыр етіп келеді, жалықпастан жаңа теңеулер тауып, жаңа ұғымдармен байланыстырып жүр. Демек, осы тұстан – ақ ұстаз ұғымының қаншалықты терең мазмұнға ие екенін байқаймыз.

Мен тарих пәні мұғалімі өзім еңбек етіп жүрген білімнің сырына жетелейтін алтын ордада қызмет етіп жургеніме міне үш жылда болыпты. Мен қызмет ететін орта керемет бір ізгіліктің ордасы, адами қасиеттер мен телегей білімнің бастауы.Бұл жерде жақсылық жағдайлар мен кездесіп, өз әріптестерім үлкен ұстаздардан алған азығым аз емес. Соның арқасында аудандық олимпиада, облыстық жарыстарға, қатысып қәсіби шеберлігімді дамытып журмін. Мұғалімнің шеберлігін айқындар ҰБТ көрсеткіштерімде соңғы екі жылдықты алсам 100 %- көрсетті. Әрине мен осындай жетістіктермен тоқталып қоймаймын, мен өскелең жас ұрпақты тәрбиелеуші тұлға өз шеберлігімді әрі қарай дамытып, Қазақстанның жүрегінде оты ойнап тұрған жас ұрпақты тәрбиелеуге күшімді саламын. Мен өз мамандығым мен мақтанамын, кейде адамдар ұстаздықты менсінбейді, мұрындарын шүйіріп жатады. Ал сол адамдар осындай құрметті маман иесінің бағасы қаншалықты зор екенін сезініп көрді ме екен?! Менің ойымша, ол адамдарға мұндай бақыт жазылмаған, әйтпесе ұстаздың жүрегіндегі кеңдік пен мейірімділіктің қаншалықты кең екенін ұғынатын жүрек санасын тәңірдің өзі жазбай қойса керек. Ендеше, осы тұстан кеп шығатын қорытынды: ұстаздық – ең тамаша мамандық, ал ұстаз болу – қайталанбас бақыт дер едім.

Санасында сан өрнекті тәлімі мол ұстазым,

Жайлауыңда қозы бақтым, қойнауыңда қыстадым.

Осыншама ой салсақта жүрегіңе жүк қылып,

Шәкірт үшін сен бәрібір тұлғаңды тік ұстадың.



Шәкіртіңді абзал шағын көру болды тілегің,

Жаныңдағы бар дүниені көктем етті мінезің.

Сенің шексіз мейіріміңе теңеу табам деп жүріп,

Қаламымды жастық еттім, дәптерге сан түнедім.



Құлақ түрсем ұстазымның ғазиз ғажап сөзіне,

Құдды азық болатындай күллі өмірлік кезіме.

Лебізімді жеткізем деп жүрегімді қақ жарсам,

Бірі анама, бірі ұстазым тиесілі өзіңе.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
241
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі