400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұстаздық еткен жалықпас" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Ұстаздық – еткен жалықпас»

Эссе


Мен бүгін ерекше ссезіммен ояндым,

Сәулелі шуақты ақ таңға боядым,

Өмірімнің мәніне айналған,

Бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан!

Мынау менің балабақшам... Мынау менің кішкентай бөбектерім... Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені өздерінің әдемі кылықтар мен, қуана қарсы алады.Қуаныштарын жасыра алмай алдыма еркелей келеді.Олардың жарқыраған көздері,нәзік мінездерін көрсем,мен балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.

Мен тәрбиеші мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін.Өйткені балалардың қылықтарын көргенде өзімнің тәрбиеші болғаныма қуанамын.

Дән егіп өсіруден,балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім.Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді.Ал құс көктемде ұя салып, күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да,көктемнің лайсанына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды. Бір қарағанда,тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты. Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды. Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса – міне , нәтиже.

Мен балаларды өте жақсы көрем... Өйткені балалар мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайлықтың айнасы.Олар қуанса шын қуанады, не айтса да шын айтады. Көздері мөлдіреген,жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы...

Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік,қандай аңғал, қандай таза еді... Әр бала өзінше бір әлем.... Жаны жақысылыққа құмар, арманшыл... Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?!

Жасыратын жоқ, осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындары көп, ал мамандығын өзгертендер сирек... Оның себебі, сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрбиешіні нәзік жіппен өзіне байланыстырып қоятындай.

Мен балабақшада тоғызыншы жыл еңбек етудемін,бұл еңбектен еш жалыққан емеспін.Өйткені мен бүлдіршіндерге өзімнің мейірімді,жылуымды арнап, осы уақытымды өмірдегі ең бір бағалы уақытым, бақыты кездерім деп айта аламын.

Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам-адами парызымның орындалғаны болар.


№34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі: Рыскалиева А.С.

«Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін

логикалық тапсырмалар арқылы дамыту»шығармашылық есеп


Мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты даму негіздері – мектепке дейінгі мекемеден бастау алады. Жас буынның қазіргі заман талабына сай тәрбиелі де білімді болып қалыптасуы үшін білім сапасын арттыру аса маңызды.

Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің қазіргі заман талабына сай білімді, зейінді, ойы ұшқыр болып қалыптасуы үшін ойынның бір түрі – логикалық ойындардың алатын орны ерекше.2014жылдың 15 қыркүйегіндегі қалалық білім беру бөлімінің №604- бұйрығымен ашылған «Балалардың логикалық ойлау қабілетін интеллектуалдық ойындар арқылы үш тілде дамыту» қалалық тәжірбие алаңында жұмыстанамын.

Өзімнің шығармашылық тақырыбым. «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін логикалық тапсырмалар арқылы дамыту» бағытта жұмыстанамын. Балалардың өз ізденуге, ойлауына, еске сақтауын, ынтасын,белсенділігін, өз пікірін айтуға көңіл бөліп, қабілетті, білімді бала тәрбиелеу үшін, оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын іздестіреміз.Сондықтан, өз тобыма бақылау жасай отырып, «Логикалық тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбын алдым.

Негізінде, баланың логиқалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарды меңгеруден басталады. Өйткені, бала сөйлегеннен бастап өзінің атын, мекен- жайын жаттай бастайды. Міне, сан санауда осыдан басталады. Оны жүйелі түрде тыңдау тәрбиешінің басты міндеті, логика – адам ойы, дұрыс ойлау ұрпақтан- ұрпаққа табиғи түрде де беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы қалыптасады.

Логика латынша (логас – дәлелдеу, түсіндіру деген) ұғымды білдіреді. Яғни, балалардың бірте - бірте ой өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйренеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйе - логикалық ойлауға сүйенеді.

Ой тану – сезіну, қабылдау, елестеу жолдарымен көрініс табады, оның көмегімен бір заттың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Барлық құбылыстарымен салыстырғанда адамның ойлауы өте күрделі және танып білуі балаларға өте қиын.

Сондай – ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл – ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл — қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау 4-5 жасар баланың ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Бұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды.

Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы сабақ. Ұйымдастырылғае оқу қызмет барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бір ізді жүйе қалыптасады. Күнделікті өмірде және ұйымдастырылған оқу қызметі логикалық ойындар мен ойын жаттығулары қолданады. Логикалық ойындардың ұйымдастырылған оқу қызметі тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Логикалық ойындар негізіне оқыту барысында жан-жақты, бағыт-бағдар беріп отырады.

Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау, кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады.

Ұйымдастырылған оқу қызмет құрлымының – көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі.

Мынадай жаңа материалдармен жұмыс жасаудың 3 түрі бар: біріншіден- педагог көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгі көрсетеді, математикалық

Объектіні негіз етіп алад. Балалар педагогтың іс-әрекетін бақылап, оның нұсқауларын тыңдайды, сұрақтарына жауап береді. Ақыл ойды тәрбиелеуде және ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады.

Бүгінгі күні мектепке дейінгі жастағы балалардың толық интеллектуалды  даму мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Интеллектуалды  толық  дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, айналасындағылармен тез тіл табысады.

Балалардың интеллектуалдық  дамуына әсер ететін жаңа ойын технологиялары да біздің балаларға танымал.  Мысалы: Логикалық тізбек  ойындары.  Логикалық ойлау арқылы бала саралау, салыстыру, жинақтау сияқты өз бетімен іс – қимылдар жасауды үйренеді. Баланың логикалық ойлауы өздігінен қалыптаспайды, оның дамуына  мақсатты түрде  білім беру мамандарының, ата - аналардың, балалардың бірлескен жүйелі жұмысы қажет.   Балалар ойыны заттық – қол қимылының (пирамида жинау,текшелерден үй құрау) даму жолынан бастап интеллектуалды даму ойынына  дейін жетеді. Логикалық ойлауды дамытудың негізгі рөлі математикалық ойындарға жатады.Бұл ойындар арқылы баланың интеллектуалды  дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды Мысалы, «Суреттерді есте сақта», «Керекті фигураны тап», «Қызықты геометрия»,«Лабиринт ойындары»және т.б.. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін де қалыптастырады. Қорытып айтқанда, балаларды интеллектуалды  дамыту тәрбиесі білімді тереңдетуге,бекітуге,оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.

Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мына әдіс - тәсілдерді қолданамын:

  1. Балаға қойылатын сұрақтар жүйелі әрі түсінікті болу керек. Сұрақ қоя білу қиялдаудың ең жоғарғы сатысы және ойлауда негізгі рөл атқарады деп ойлаймын.

  2. Ойын арқылы балалардың негізгі іс - әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс - жүзінде асырады.

  3. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл - ойы дамиды. Міне, осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті қалыптасады.

  4. Тәрбиеші балалардың дұрыс ойлап, үйренуіне күш жұмсау керек, өйткені жас балаға ойлау тым ауыр. Тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткен де сақтықпен іс – әрекет ету керек .

Қорыта келе, күн әлемді жарықпен жылумен нұрландырса, өз еліміздің мәртебесінің биіктеуіне біздің жас ұрпағымызға өз үлесімді қосамын деген сенімдемін.

Сөйлеуді дамыту оқу қызметінде қолданатын ойын.

«Суреттерді құрастыр» ойыны

Мақсаты: талдау және біріктіру қабілетін, кеңістік арақатынастардың заңдылықтарын құру, үлгіні көшіру іскерлігін дамыту.

Барысы: тәрбиеші балаларға кез келген кесілген суреттерді таратады және оларға осы кесілген суреттерден бүтін сурет (егер сурет үлкен болған жағдайда үлгісі беріледі) құрастыруларын сұрайды.


Қоршаған ортамен таныстыру оқу қызметінде қолданатын ойын.

«Кім не жейді» ойыны

Мақсаты: логикалық ойлауды, сөйлеуді, талғамды, байланыс құруды және түсіндіре білуді дамыту.

Барысы: Тәрбиеші ойын үшін түрлі өсімдіктер мен жануарлардың бейнелері бар кәртішкелер жинағын дайындайды, мысалы: шөп – қоян – қасқыр; шаян – балық – итбалық – ақ аю; шырша бүршігі – тиін – сусар; өсімдік (шырын) – көбелек – бақа – құтан және т.б.

Тәрбиеші балаларға кәртішкелер береді (кәртішкелерді лайықты суреттермен, бетперделермен ауыстыруға болады). Балалар кәртішкелерді бірінің артына бірін орналастырады, неге дәл солай жасағанын түсіндірулері керек.

Picture 2 Picture 2


Балалардың интеллектуалдық дамуын танымдық ойындар арқылы

қалыптастыру жолдары

Мектепте оқушы үлгерімінің төмен болуының себебі, көп жағдайда, кішкене кезінен танымдық әрекетінің қалыптаспауы, танымдық процестерінің әлсіздігі, мотивацияның болмауы және т.б. болып табылады.

Осы уақытқа дейін мектепке дейінгі шақтағы баланың ойлауы тек қана нақты – ол бөлек заттар мен олардың қасиеттеріне бекітілген деп саналады. Сондықтан осы шақта нақты білімдер (бала өзі көріп тұрған мәліметтерді түсіндіру) беру қажет. Бірақ осы сұраққа байланысты психологтар мен педагогтар жүргізілген зерттеулер бұндай пікірталаста себептер мен салдардар шатасып келетінін көрсетті: Егер бөлек заттар туралы емес, заттар арасындағы қарапайым байланыстары мен заңдылықтары туралы білім берсе, онда мектепалды балалар оны меңгеруімен қатар, өзінің пікір санасуда қатысады. Осыдан балалардың қызығушылықтары артып, ойлауы жалпылама, терең және себеп-салдарлы болып келеді. Бірақ бұл білімдер баланың есінде ғана қалмай, ойлау дамуын жетілдіру үшін оқыту ерекше түрінде – ойынға , заттармен әрекеттесуіне, олардың кесте, схема және суреттеріне негізделуі қажет. Бұндай ойын арқылы оқытуда әр ойынға қатал норма берілмейді, мысалы, бұл тапсырманы бірінші немесе бесінші рет өткізу кезінде орындау сияқты. Ең бастысы - осындай әрекетке баланың қызығушылығы. Егер де бала белгілі бір тапсырманы бірінші ретте орындай алмаса, бала, аз болса да, алға қадам жасау керек, бұл дамудың процесі өзі болып табылады. Білімге құштарлық, ойлау дамуы және сөйлеу – бұл сапалар да, санау және оқу білу сияқты, маңызды болып табылады. Оларды біріншіден дамыту қажет. Ойын арқылы баланың ой тапқырлығын көрсетуіне, белсенді және өзбетті болуға жағдай жасау керек, сонда ғана ондағы өмірде мақсаттарға жетуіне көмектесетін баланың өз-өзіне сенімділігі дамып қалыптасады.

4-5 жастағы баланың білімпаздық, ақыл-ой белсенділігінің деңгейі - оның интеллектуалдық дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Егер баланың көзқарсы, пікірі қате болып , қате нәтижелерге әкелсе, бұл опасыздық емес - оның жасы кіші және еркін қиялдануға бейімделген. Бұнда нәтижесі емес, оны түсіну құштарлығы басты болып табылады.

Бала ойнау кезінде оның ойы қаншалақты бай және әр түрлі екенін, қоршаған өмірден алған әсерлерді жеңіл қабылдайды ма, ойыншықтарды, басқа заттарды қалай қолданатынын бақылау қажет.

Егер баланың дамуы қалыпты болса, бала ойынның сюжетін өрбетеді, ойыншықтармен қатар түрлі заттарды (отырғыш кубиктер, қарындаштар т.б.)

қолданады. Баланың ойы тұрақты, бай және ойын кезінде толықтырылып отырады.

Кубиктерден, құрылыстарды құру баланың ақыл-ой әрекетіне ерекше талаптар қояды. Ойын кезіндегі секілді, мұнда белгілі бір ойлары қалыптасады. Егер суреті салыстырмалы түрде әр түрлі ерікті тәртіпте салынған кезде, ал құрастыру оны ( нәзік) құруды қажет етеді, әйтпесе, ол бұзылады. Сондықтан құрастыру уақытында өз әрекеттерін жоспарлау білім анықталады. Сонымен қатар, құрастырулар әдетте ойындарға енгізілген балалар қуыршықтар, көліктер үшін үйлер құрастырады. Бұл жағдайда ақыл-ой дамуының деңгейі өлшемдер мен басқа да құрастыру ерекшелігімен қатынастыру белгілі анықталады, яғни гаражға ойыншық- көлік сию үшін құру керек деген секілді.

Барлық қалыпты балаларда интеллектуалдық даму қорлары кең, және осыдан ата-аналардың міндеті – жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ететін, гармониялық дамуын бұзбайтын сол қорлардың жүзеге асуына әрқашан жағдай жасау қажет. Тобымдағы интеллектуалды аймақта логикалық ойындарды түрлендіре толықтырып, бала дамуына жағдай жасаймын.

Мектепалды шақта танымық ойындарға қызығушылық таныту басым байқалады. Бұл шақтағы балада ойын үстінде үлкендердің әрекетін еліктеумен қатар, олар адамдар арасындағы белгілі бір қарым-қатынастарын бақылап еліктейді. Балалар ойын кезінде ережелер мен рольдерді бөлуге үйренеді, олардың жүру ретін бақылап, өздері де соны бақылауына тырысады. Негізінен бұл жанұялық рольдер (ана, әке, бала, қыз, әже, ата т.б.), немесе кәсіпкерлік (дәрігер, балабақшадағы тәрбиеші), немесе ертегі ойындар (қасқыр, қоян).

Ойын – жарыстар да үлкен орын алады. Бұндай ойындарда баланы қызықтыратын нәрсе сыйлық немесе ұтыс.

Балалар ойын үстінде заттарды қолдануы шартты заттармен ауысады. Осылай символикалық ойындар пайда болады. Мысалы, отырғыш бұл көлік, кубик-нан тілімі және т.б.

Құрастыру ойыны біртідеп еңбек әрекетіне ауыса бастайды, бұл кезде бала тек қана ойнамайды, ол пайдалы қажетті нәрселерді құрастырады.

Осындай ойын үстінде бала тұрмыста пайдаланатын көптеген заттар мен құралдарды қолдануды үйренеді. Жоспарлау қабілеті дамиды, қалдық ұсақ моторикасы (қалдық ұсақ қозғалыстары) қалыптасады, қиялы дамиды.

Бала үшін өте пайдалысы, әсіресе мектепалды шақта, өз қолымен жасалған және бөліктерге бөлінетін , кейін жинайтын ойындар, әдістемелер және ойыншықтар болып келеді (мысалы, белгілі бір бөліктерге бөлінген сурет, бұл қолдың ұсақ мотиркасының, ойлаудың, зейіннің, қиялдың дамуына пайдалы. Бұндай суреттерді өз қолымен, яғни түрлі открыткалар мен иллюстрацияларды бөліп келуге болады.Сатып алғандарға қарағанда, бұларды әрқашан жағарып, күрделігі өсу ретімен байланысты етіп жасауға болады). әсіресе балаларға танымдық қабілеттерін (қиял, зейін, ес, ойлау және сөйлеуі) және басқа да қабілеттерін (музыкалық, құрастырмалы, математикалық, ұйымдастырушылық, әртістік және т.б.) дамытуға арналған ойындар керек.

Танымдық ойындардың балаларға беретін негізгі мақсаты: ойынның қандай бағытта өткізілетіндігі, неге бағытталғаны жөнінде болуы шарт. Ойынның мәні мынадай екі бөлімнен тұрады:

1) түсіндіруші, яғни ойын кезінде балаларға нені үйретуіміз керек, қандай тәсілмен балаларға жеткізуіміз керек.;

2) тәрбиелеуші, балалардың басқа адамдармен қарым-қатынасын нығайту.

Танымдық ойындарды екі топқа бөліп қарауға болады:

1. Ережесіз шығармашылық ойындар;

2. Ережелі ойындар.

Ережесіз ойындар-бұл көбіне өздері ойлап шығарады, ал ережелі ойындарда үлкен адамдар шығарып, балаларға ұсынады. Танымдық ойындар ережелі ойындарға жатады. Ойын нәтижесі қандай жолмен болсын ұтыпшығу емес, балалардың , білімді қаншалықты игергенділігі ақыл-ойын, тілін дамытудағы өзара қарым-қатынас жасаудағы жеткен жетістіктердің көрсеткіші.

Танымдық ойындардың өздерінің сипатына қарай үш топқа бөліп өткіземін:

1. ойыншықтармен айналатын ойындар;

2. үстел үсті ойындар;

3. сөздік ойындар.

Қорыта келе, «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін логикалық тапсырмалар арқылы дамыту» әдістемелік тақырыбым бойынша бөбекжай балаларын жан-жақты дамытуда тынбай еңбектенемін.




2014-2015 оқу жылында «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін логикалық тапсырмалар арқылы дамыту» әдістемелік тақырыбым бойынша жұмыстанғанда балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу іс-әрекет кезінде, оқу іс-әрекетінене тыс уақытта әр түрлі логикалық тапсырмалар орындау кезінде балалардың сөздік қорын дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін дамытып, жоғарғы деңгей 61% көрсетті.  Ойын арқылы таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіре білді. 

2015-2016 оқу жылында былтырғы оқу жылына қарағанда балалардың ойлау қабілеттері шыңдала, ойын өрістері дами түсті. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде логикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін қалыптаса түсті.

Танымдық ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Бұл жылда өткен жылға қарағанда танымдық қабілеттерінің дамуы 78% деңгейге жетті.

2015-2016оқу жылында әдістемелік тақырыбым бойынша жұмыстану кезінде балалардың айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білу қабілеттері үлкен нәтиже берді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыруда көбіне танымдық ойындар қолданылады. Танымдық ойындар баршамызға белгілі таным мүшелерін дамытуда, қоршаған ортаны, айналадағы дүниені тануда, логикалық ойындар баланы таным қабілеті қалыпты балаларды интеллектуалды даму қорлары кең болады. Мектеп жасына дейінгі балаларының іс-әрекеттерінің негігізгі түрі ойын болғандықтан балаларға қызықты ойындар, ойын есептер, шығарма тапсырмалар, логикалық жаттығулар. Мектепалды жастағы балаларға танымдық ойындарды өткізу оларды психикалық процестерін, сонымен қатар мектепте табысты оқуына қажетті интеллект деңгейін, іскерлік пен дағдыларды, мотивацияны дамытты. «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін логикалық тапсырмалар арқылы дамыту» әдістемелік тақырыбым бойынша үш жыл жұмыстануымда балалардың таным қабілеттерінің дамуы 89% пайызға жетті.

Осы жылдар бойы жұмыстанаған әдістемелік тақырыбым бойынша мектеп жасына дейінгі балалар оқу үрдісінде  «логикалық ойын» түрлерін пайдаланып, біріншіден, балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білімдеңгейін көтеру болып табылады. Осындай логикалық тапсырмалар баланы жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Осы бағыттағы ізденістің нәтижесінде балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыру бағытындағы тапсырмалардың басты назарында болуының әсері де болар. Тобымдағы балалардың ойлау қабілеттері жоғары деңгейдегі балалар көріне бастады. Математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінде логикалық тапсырмаларды орындау нәтижесінде балалардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамытып, білім көрсеткіші көтерілді. Осы тұрғыдан алғанда балаларға логикалық ойлауын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар көбірек қолдансақ, соғырлым нәтиже де жоғары болады. Логикалық тапсырмаларды орындау барысында балалардың ойлау қабілеті арқылы зейіні тұрақталады,сөздік қорлары кеңейіп,балалардың бойында белсенділік, тапқырлық, ұжымдық дағдылар қалыптасады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі