400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаздық жолдағы алғашқы қадам.Қоғамдағы мұғалімнің бейнесі (дөңгелек үстел)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманмен жүргізілген жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ұстаздық жолдағы алғашқы қадам.

Қоғамдағы мұғалімнің бейнесі

(Дөңгелек үстел)

Мақсаты:

Жас маман ұстаздардың мектепке келген алғашқы қадамдары ,оларды толғандырып жүрген мәселелері және педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізулері үшін әдістемелік көмек беру.

Жаңа ғасырдың жеке тұлғасын қалыптастыру бағытында білім беру үрдісінің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерулеріне бағыт-бағдар беру.

Барысы:

1.Психологиялық ахуал

«Қошемет»әдісі арқылы көңіл-күйді көтеру.

2.Топқа бөлу.(Санату арқылы тақ сандар бір топқа,жұп сандар екінші топқа бірігеді)

3. «Сұхбат » әдісі

Жас мамандар сұрақтарға жауап береді.

1.Бүгінгі және болашақтағы ұстанымдарыңыз қандай?

2.Ұстаздық жолдағы қиыншылықтар?

3.Педагогикалық үрдісте жұмыс жүргізуіңізде кедергілер бар ма?

4. «Ұстаз-ұлық емес,ұлы қызмет»деген Бауыржан атамыздың сөзіне не айтар едіңіз?

«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы». Қазіргі техникасы дамыған, технологиясы күрделенген, компьютерленген заманда шәкіртіңнің алдындағы мәртебеңді жоғары ұстау үшін жан-жақты болу шарт. Сізден гөрі ғаламторды көбірек қажет ететін баланың сана- сезіміне ұялап кіріп, сіз шеберлігіңізбен  шоқтығы биік Ұстаз екеніңізді танытқаныңыз жөн.

«Бүгінгі таңда Заманауи мектеп мұғалімінің бейнесі қандай болуы

керек , оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді?» деген сауалға жауап жауап беру үшін

5.Топтық жұмыстар жүргізейік.

1-топ

«+,-,қызықты»әдісі арқылы мұғалімдік мамандықтың жақсы нәтижелі жақтары мен кейде қиыншылықтарға кездесетін тұстарын,сонымен бірге қызықты сәттерін әңгімелейді.

2-топ

4 -әдіс бойынша толықтырады

Мұғалімнің

1.Күшті жақтары

2.Әлсіз жақтары

3.Мүмкіндіктері

4.Қауіптер

Кестеге толтырады,немесе сурет арқылы бейнелейді.

6.Жұмысты қорғау.(Әр топтан екі-үш мұғалім шығып қорғайды)

7.Кері байланыс

Бүгінгі көңіл –күйлеріңіз қандай болды?

Қоғамдағы мұғалімнің бейнесін елестете алдыңыздар ма?

«Бес саусақ»әдісі арқылы қорытындылау.

Мұғалімдер бес саусаққа бүгінгі дөңгелек үстелден алған білім біліктері пайдалы жақсы тұстары, алған әсерлері туралы жазады


Қорта келе,мұғалім – бағыт беруші, ойлау әрекетін ұйымдастырудың негізі болып табылатын методологияны меңгерген шығармашылық тұлға.

Ол:

  • ақпарат технологияларын меңгерген;

  • ізденімпаз;

  • әділетті;

  • ұстамды;

  • педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

  • педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

  • жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

  • оқушылармен ортақ тіл табыса алатын, білімді, іскер, шебер тұлға болуы тиіс.

Жаңа формация мұғалімі – рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтік және тағы басқа құзіреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталған рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты шығармашыл тұлға. Осыған орай, әрбір мұғалім барлық жаңалықтар мен өзгерістерден хабардар болып, оқыту түрлерін, әдіс-тәсілдері мен құралдарын жетілдіріп, оларды тиімді қолданудың жолдарын іздестіріп, өз кәсібін шығармашылықпен дамытып отыру қажеттілігі туындайды.

Осындай жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіре отырып қиындығы мен қызығы қатар жүретін осынау қызметімізде жұлдызымыз жоғары болып,шығармашылықтың шыңына шығып,күндей күлімдеп жарқырап жүрейік деп дөңгелек үстеліміздегі сұхбатымызды аяқтаймын.

Сау сәлеметте болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
1583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі