400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұстаздық жолымнан бір үзік сыр»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық еткен өмірім
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тагаева Матлуба Тиллабековна Shape1

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты

Қ.А. Яссауи атындағы №22 жалпы білім беретін

мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі



«Ұстаздық жолымнан бір үзік сыр»

Мектеп кеме білім теңіз.

Менің бала күнімдегі арманымның бірі ұстаз болу еді. Қолыма қалам алып өзімнің ұстаздық жолымды, жүріп өткен жолдарыммен жетістіктерімді, ұстаздық ету мәртебесі жайлы қысқаша баяндайын деп отырмын. Ұстаз болу мен үшін мәртебе, шәкірт тәрбиелеп оның жеіңісті жетістігін көру үлкен мәртебе. Үздіксіз Ұстаздық ету жолында отыз жылдың жүзі болды. Ең бастысы менің ұстаздық арманымның орындалғаныны еш өкінбеймін және мақтан тұтамын. Барлық адамзат баласына білім нәрімен сусындатып биік шыңдарға бағыттайтын мұғалім. Мен мұғалімдік мамандығының қиында қызықта сәттерінен өттім. Себебі олай дейтінім бұл мамандық тынымсыз ізденісті талап ететін мамандық. Өзімнің өмір жолымда жетістікке жетудің шәкірт алдында қандай керемет бақыт екенін сезіндім. Үздіксіз өткен отыз жылымда шәкірттерімнің әрбір жеңісін көргенде бір жасарып қайта әлем гүлденгендей күй кешетініміз анық. Мен Бақытты ұстазбын, өйткені мен тәрбиелеп өсірген шәкірттерім облыс көлемінде, аудан көлемінде , тіпті республика көлемінде қызметте жүрген шәкірттерімнің барына қуанамын. Ұстаздың бұл басты арманы десем артық айтпаған болар едім. Ұстаздық маған ата анамыздан жалғасын тауып келе жатқан мамандық. Өмірлік ұстанымы бар, қазіргі заманауи, жаңа технологияны меңгерен, өзін жақсы қырыннан көрсете алатын, ортасына сыйлы, ақылды, парасатты ұл қыз тәрбиелеп шығару біздің басты борышымыз және міндетіміз емеспе. Отыз жылдық тәжірибеме сүйене отырып айтатын болсам, білім сапасын бастауыш сыныптың алғашқы баспалдағынан бастаған дұрыс. Себебі қолына қалам ұстатып әліппені алғанда оқушыға барлық ұстаздық мейірімді төгіп, бала жанын ұғына білу керек. Менің көзімнің жеткені әуелден баланы қалай тәрбиелесең соңына дейін солай кетері анық екен. Мұғалім үнемі ізденісте болуы керек, олай дейтін себебім жаhандану заманында әрбір ұстаз күнделікті жаңашылдыққа ере білу керек екенін ұғындым. Заманына қарай адамы демекші ұстаздарда ешқандайда білім саласында үзіліс болмайтынын, үзілген жағдайда бүгінгі күннің заман талабына ере алмайтындығымызды сезіндім. Ендеше құрметті ұстаздар мұғалім кім деген сұраққа жауап берейін. Мұғалім заманауи үлгіде, ізденімпаз талғамшыл, көркемдік сөздің шебері, ақылды, білімді, парасатты, зейінді, алғырлығы басым, көшбасшы болуы тиіс деп есптеймін. Еліміздің Президенті Қ. К.Тоқаев мұғалім мәртебесіне қол қойды емеспе, демек ұстаздар қауымына мемлекет тарпынан қолдау тапқан Қазіргі заманның талабы білімді ұрпақ екенін, патриотты елім жерім дейтін саналы ұрпақ тәрбиелеуге міндеттіміз. Ұстаздар қауымына шәкірт тәрбиелеуден шаршамайық! Мен сөз соңында айтарым ұстаздық ету бақытын тапқан мамандық дер едім. Еліміздің өркендеп гүлденуіне ұстаздардың алар орны ерекше. Сондықтан қазіргі ұрпақты көзден бір елі таса қылуға болмайтынын, күнделікті жаңарып отыру керектігін, тынымсыз ізденуді, білген біліміңді оқушы санасына сіңдіре отырып, қоршаған айналаменде сабақтастырып өтуіміз керек екенін ұғындым. Ендеше сәттілік құрметті әріптестер! Жаңа Қазақстанды құруға ат салысып білімді ұрпақ тәрбиелей берейік.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
08.05.2024
252
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі