Материалдар / «Ұстаздық жолындағы ұлы белестер» 60 жас мерейтой сценарии

«Ұстаздық жолындағы ұлы белестер» 60 жас мерейтой сценарии

Материал туралы қысқаша түсінік
Зейнеткер ұстаздың мерейтойына арналған керемет ерекше де еш жерде жазылмаған кештің сценарийі!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2024
1509
29 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: «Ұстаздық жолындағы ұлы белестер»

Фанфары


1 –жүргізуші:

Сіз-Ұстазсыз,барша жан ардақтайтын,

Қанша жас Сізге ұқсауды армандайтын.

Еткен еңбек,төккен тер жемістерін,

Көретін кезде келді ұлықтайтын-


2 –жүргізуші: Сахнаға бүгінгі кештің себепкері , түған күн иесі ____________________ортаға шақырамыз!



  • Қазақ биі «Гүлдер» би ансамбілі

  • «Бас иеміз мәңгі» -мектеп түлегі Мамбеталиева Асель – 8 а сынып оқушысы Тоғызбай Аянат



Қанат- Құрметті ұстаздар мен кеш қонақтары «Ұстаздық жолымдағы ұлы белес » атты шығармашылық кешке қош келдіңіздер!



Видео «Өмірбаян »

Фанфары

1-жүргізуші: Ұстаздық - ұлы жол! Ұстаздық мәртебе барлық мәртебелерден биік әрі жоғары тұрады. Ұстаздық етуден асқан ұлылық бар ма? Уақытыңмен санаспай,

бағытыңнан адаспай ұстаздық ете білу – бір ерлік.


2- жүргізуші:Жүзінен күн нұрындай жылылық ескен, барлық ой мен қимыл – әрекетке ақылдың дәнін сеуіп, адамзат санасына нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесін ол Роза Төлеуқызы. Алдыңғы буыннан тәлім ала отырып, кейінгі жастарға өнеге қалдыруды мақсат етіп келеді.


1-жүргізуші: Кештің алғашқы құттықтау сөзін оқу ісінің меңгерушісі Гүлбаршын Бақытқызы, тәрбие бөлімінің меңгерушісі __________ және кәсіподақ ұйымының төрағасы _________сөз береміз.


2- жүргізуші: Келесі сөз кезегі аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі_____________береміз.


1-жүргізуші: Роза Төлеуқызына сұрақ-

- Ұстаздық, мұғалімдік, бұл - ең қиын әрі қызықты мамандық. Осы мамандықты таңдау сыры туралы айтып берсеңіз





ДАРА ЖОЛ

2- жүргізуші: Бүгінгі кештің иесін туралы жақынырақ білу , ұлы белестеріне жетудің сырын білу үшін сіздерді «Розаның дара жолы» алаңына жүргізуші 2021 мектеп түлегі ереекше аттестат иегері, Назерке Альбертқызын ортаға шақырамыз.

Видео: Начало- дара жол

Видео: Роза дара жолы


Назерке : Қайырлы күн, қадірлі көркрмендер мен ұстаздар! Бағдарлама кейіпкеріміз ұлағатты ұстаз Роза Төлеуқызы туралы болмақ.

Видео: Роза Төлеуқызы фотосы

Назерке: - Роза Төлеукқызы, қош келдіңіз!Туған жер туралы сұрақ

Назерке: Роза Төлеуқызы сіз Жасыл желек егіннің Отаны Бәйтерек аудан орталығындағы Қасым ата қара шаңырақты 2012 жылдан бастап басқарып келесіз. Биік белестерді қажырлы еңбегіңіз арқасында бағындырып келесіз. Ұстаздық жолда сізге қолдау көрсеткен, қиын уақытта тірек болған, қолдаушыларыңыз бен ұстаз әріптестеріңіз бүгін ортамызда.

Қонақтарға сұрақ:

1) Сафиуллин С. Н -Роза Т. Қандай қасиеттерін бағалайсыз?

2) Жеміс Анесқызы - Сіз Роза Төлеуқызымен студенттік шақтың қызықтарын бірге көрдіңіздер. Қызықты оқиғамен бөліссеңіз.

3) Әріптес / директорлар/ - Роза Төлеуқызымен алғашық танысқандағы әсеріңіз қандай болды?



4) Роза Төлеуқызын өміріңіздің қандай сәттерімен байланыстырасыз?

5) Роза Төлеуқызының сізді қолдаған сәті, мотивация алған кезіңіз.

6)Бір терінің пұшпағын иелеп жүрген жандар ретінде кейіпкеріміздің іскерлігі турлы не айтар едіңіз?

7)Роза Төлеуқызының жанында жүріп сымбатында бір сиқыр барма деген ойда қалуға болады. Құпия болмаса әйел адам ретінде сізге қаншалықты әсер етеді?

Назерке: Сізге қорытынды ретінде қоятын сұрақтарымыз бар. Соларға қысқа нұсқа жауап берсеңіз.
1. Сіз ашуланасыз ба? Қандай сәттерде?
2. Ұстаздық ұстанымыңыз...
3.Қандай жағдайлар сізді өкпелетеді?
4. Кімге сыр айтасыз?
5. Мұғалімнің бойында қандай қасиет басым болу керек?
6. Бүгінгі күні ұстаз болмағанда сізден кім шығар еді?
Рахмет сізге!! Бұл бүгінгі мерейтой иесі Роза Төлеуқызының дара жолы болатын. Өмірде әркімнің өз жолы бар, алайда оны дара ету әркімнің өз қолында деп «Дара жол» бағдарламасын аяқтағым келеді.

Сұрақ айдары!

2-жүргізуші:

-Сіз ұлағатты ұстаз, аяулы ана, асыл әже, сіз. Көзіңіздің ағы мен қарасындай тәрбиелеп өсірген ұл қызыңыз бар екенін білеміз. Балаларыңыздың сәби кезіндегі тәтті күлдірген не бүлдірген қызықты қылықтары есіңізде ме?




1-жүргізуші: «Ұстаз – мектеп айнасы» демекші Роза Төлеуқызын мектеп шәкірттерінің пікірлерін « Бала тілі -бал» айдары арқылы тамашалайық

Видео «Бала тілі бал»

2-жүргізуші: Ағаш тамырымен, адам ұрпағымен сәнді. Ана үшін бала қанша жасқа келсе де, бала болып қала бермек. Ендеше қызыңыз Ларисадан құттықтау тілек қабыл алыңыз.


Видео «Анаға тілек »


1 -жүргізуші: Өнерді де ұстаздық жолымен ұшатсыра білген Роза апамыз үшін би өнері өмірлік жолында ерекше орын алатыны сөзсіз. Роза Төлеуқызы 1978-1985 жылдары Облыстық Ақжайық халықтық би ансамблінің белді мүшесі болды.

2 -жүргізуші: «Жауқазын» би ансамблінін құрып, жетекшілік ете отырып, шәкірт тәрбиелеп, Облыстық, Республикалық, Халықаралық сайыстардың жүлдегерлері атанды. ҚР ақпарат және мәдениет бұйрығымен қазақтың би өнерін дамыту жолында қосқан үлесі үшін марапатталды.

Видео: Жауқазын би ансамблі



1-жүргізуші: Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Өз кәсібін, өз пәнін сүйетін Роза Төлеуқызының да орын шәкірттері үшін әрине ерекше.

2 -жүргізуші:

Сұрақ айдары!

- Сіздің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы, жас буынға дұрыс бағыт - бағдар беру жолындағы еңбегіңіз ұшан теңіз деп білеміз. Сіздің осы көп жылдық қызметіңізде есіңізде сақталып қалған шәкіртіңіз бар ма?


«Гүжанармен шай»

1 -жүргізуші: Ендеше, шәкірттеріңіз бен жақынырақ әңгіме құру үшін, сізді

«Гүжанармен шай» студиясына шақырамыз.


Гүлжанар: Жақсы адамдардың өмірі, жақсы адамдардың жарқын жолы, ешкімге айтылмаған құпиясы, шәкірттеріңін құпясын ашуға «Роза апамен шай» бағдарламасына Роза Тлеуқызы мен шәкірттерін шақырамын.


Гүлжанар: Көңіл күйіңіз, кеш ұнап жатырма?

Гүлжанар: Сізді көргенде алғаш рет сізден жылы энергия, жылы лебіз еседі, мейірімді жүзіңіз адамдарды өзіне тартады. Сіз шәкірттерге қуаныш сыйлайсыз.

-Сіз өзіңіз соны сезесіз бе?

Гүлжанар: Роза Төлеуқызы сіз тәрбиелеген, білім берген шәкірттеріңіз көп ақ. Әр біреуінің орны сіз үшін ерекше. Шәкірт тәрбиелеуде өзіңіздің ағылшын пәніне деген қызығушылығыңызды қалай оятасыз?

Шәкірттерге сұрақ!

Гүлжанар:

1. Мамандық таңдауда қандай ықпалын тигізді сіздерге

2. Қызықты оқиғамен бөліссеңіз.

3. Ұстазға тілек


KARAOKE TIME – Ән «........»



2- жүргізуші: «Ғажайып алаң» Айгерім Тлекқызын шақырамыз.


Айгерім: Туған күннің Ғажайып алаңына әдістемелік бірлестік жетекшілерін шақырамыз:

ғажайып елдерден келген қонақтарды

1. Лингвистаннан - Венера Юсуповна

2. Пирамаидаландиядан - Альбина Саматқызы

3. Атамекеннен - Арайлым Нұрболатқызы

4. Шамшырақстан елінен - Ботагөз Мақсотқызы -

5. Ассортиия дан Динара Асқарқызы

6. Өнерстаннан - Гүлсім Асқарқызы

7.Сырсндықтан – Гүлжүзім Хамиденқызын

ортаға алаңға шақырамыз.





Айгерім: Роза Төлеуқызының бала арманы не? Қандай маман иесі болу?


д

ә

р

і

г

е

р



Ән дует: Гүлжүзім Хамиденқызы мен Сағыныш Тілекқабылұлы



1 -жүргізуші:

Тілтаным бірлестігі және музыка пән мұғалімі Сағыныш Тілекқабылұлын ортаға шықырамыз.

2- жүргізуші: Сөз кезегі кеш иесі Роза Төлеуқызы өзіңізге беріледі.



Қорытынды:

1 -жүргізуші: Қызмет деген бір белестен өтіп, еңбектің зейнетін көріңіз. Қуанышыңыз ұзағынан болсын!

2- жүргізуші: Ағайын - туыстың құрметіне, немере мен жиеніңіздің шу - күлкісіне, ұл – қызыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!

1 -жүргізуші: Жақсы күндерде жолыққанша.

Бәріңізді фото сессияға шақырамыз!!!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ