400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Ұстазға құрмет» атты мерекелік шара (Шара басталмай тұрып, экраннан видео қойылады (рет санымен 1 2 3 сосын,отшашу шашылады, ашылу видеосы көрсетіледі. ) 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! «Ұстазға құрмет» атты кешімізге қош келдіңіздер! 2-жүргізуші: Бүгінгі кеш – шәкірт жүрегінен орын алған, әр жанға жол сілтер шырақ болған ұстаздар қауымына деген ыстық ықылас пен алғысқа толы ерекше сәт. Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын ұлы тұлға. Ендеше, асыл жандарға арналған кешімізді бірге бастап, құрметімізді білдірейік!
Материалдың қысқаша нұсқасы

КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ



Бекітемін

__________ Г.М.Қаламқали

«_____» ________ 2025 ж



ҚАЗАН АЙЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ

ТАҚЫРЫБЫ: «ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА



ТӘРБИЕ БӨЛІМІ, КУРАТОРЛАР:

А.С.Сапарова, З.Б.Өтеген, Б.С.Усенова, Н.Қ.Тоғай, М.Б.Темірбай, Н.Ғ.Сейілханова, Ж.Қ.Әлжан









АҚТАУ-2025

Тақырыбы: «Ұстазға құрмет» атты мерекелік шара

(Шара басталмай тұрып, экраннан видео қойылады (рет санымен 1 2 3 сосын,отшашу шашылады, ашылу видеосы көрсетіледі. )

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! «Ұстазға құрмет» атты кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Бүгінгі кеш – шәкірт жүрегінен орын алған, әр жанға жол сілтер шырақ болған ұстаздар қауымына деген ыстық ықылас пен алғысқа толы ерекше сәт. Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын ұлы тұлға. Ендеше, асыл жандарға арналған кешімізді бірге бастап, құрметімізді білдірейік!

1- жүргізуші:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

2-жүргізуші:

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

(«Жасанды интеллект» оқу-ағарту министрінің құттықтауы)

«Қазақ биі» билеп болған студенттер сахнада тұрады. Ортасын Жансая Қонысбайқызы келіп тұрады.

Сахна сыртынан жүргізуші дауысы естіледі: Ұстаз – ұлы тұлға. Сіздердің тамашалағаныңыз қазақ биі, көркемдік жетекшісі БҚ-25-2 тобының кураторы Жансая Қонысбайқызы.

Барлығы сахнадан кетеді.

Осы кезде мәнерлеп оқитын студенттер сахнаға шығады.

Студенттер мәнерлеп оқып болғаннан кейін, сахнаға Назерке Ғабдолқызы шығады.

Сахна сыртынан жүргізуші дауысы естіледі: Ұстазы жақсының ұстамы жақсы. Мәнерлеп оқуға шәкірттерді дайындаған А-25-1 тобының кураторы Назерке Ғабдолқызы.

Барлығы сахнадан кетеді.

Сахнаға күйшілер шығады. Күй тартылады. Күй тартылып болған соң, сахна Алтынгүл Сакенқызы шығады.

Сахна сыртынан жүргізуші дауысы естіледі: Күй – қазақтың қаймағы бұзылмаған ұлттық музыкасының айнасы, жүрек тереңінен шығатын жан сырын жеткізер құдіретті өнері. Күй додасына студенттерді біріктіріп, дайындаған БҚ-25-1 тобының кураторы Алтынгүл Сакенқызы.

Барлығы сахнадан кетеді.

«Жас маман» хор. Ортаға Жанбала Орынбасарқызы шығады.

Сахна сыртынан жүргізуші дауысы естіледі: Болашақ жас мамандарды хорға дайындаған ПиМНО-22-1, ПиМНО-24-1с/о тобының кураторы Жанбала Орынбасарқызы.

Сахнаға екі жүргізуші шығады:

1-жүргізуші: Бүгінгі Ұстаздар күні — ұлы міндеттің ұлықталған, ең асыл мамандықтың мәртебесі артқан ерекше мерекелік күн. Ұстаздарға барынша жағдай жасап, қолдау көрсететін кім? Әрине, колледж басшысы.

2-жүргізуші: Ендеше, ортаға стратегиялы, креативті, инновациялы, көшбасшы, іскер басшы Гүлжан Мұхитқызын құрметпен сахна төріне шақырамыз.

Басшы сөйлейді. Марапат табыстайды.

1-жүргізуші: рахмет, Гүлжан Мухитовна. Оқу орнымыздың көркеюі үшін, оқу-тәрбие жұмысын жандандыруда күш-жігерімізді аямаймыз.

Ойын ойнатылады:

  1. Құрметті ұстаздар, көңілді сергіту үшін экранға назар аударсаңыздар («Әуенді тап» ойыны).

  2. «Кім тапқыр» ойыны.

2-жүргізуші: Ардагер ұстаздар — білім беру саласының құрметті, тәжірибелі және беделді қызметкері.

1-жүргізуші: ортаға құрметті қонағымыз:

  1. Жәмиға Нәсірқызы

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің ардагер ұстаздары:

  1. Миуа Жаңбырқызы

  2. Гүлнар Сактапқызы

  3. Рахия Нәдірбайқызы

  4. Нурсулу Камидуллаевна

  5. Гүлзира Елемесқызы

(Ардагер ұстаздарды құттықтауға Гүлжан Мухитовна ортаға шығады)



1-жүргізуші: Тамаша жаңалық! Керемет әнімен «ФКиС» тобын қарсы алайық.



2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар. Әсем әнмен тербеліңіздер.

7 қыз ән салады



2-жүргізуші: Ортаға басшының тәрбие жұмысының орынбасары Гульзира Баженовнаны шақырамыз.

Сыйлықтар таратылады.











-

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.12.2025
37
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі