Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұстазға тағзым!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ұстазға тағзым!» тақырыбындағы 05.10.2018 жылы өткізілген мұғалімдер мерекесіне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы
( Ортаға жеті оқушы шығады
қолдарында әріптері
бар)
М
—
мейірімді
Ұ
—
ұлағатты
Ғ
—
ғазиз
А
—
ақылшы
Л
—
лайықты
І
—
іскер
М
— маман мерекелеріңіз құтты
болсын! (бәрі
бірге)
1 — оқушы:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
2 — оқушы:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
3 — оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
4 — оқушы:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
5 — оқушы:
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
6 — оқушы:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
7 — оқушы:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!
Үміт: Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт бақыты.
Мағжан: Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін «Мұғалімдер күнімен» шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан – дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып өмір теңізіне құлаш ұрған кез-келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны» ... Ия, бұл мектеп мұғалімі – ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.
Үміт: Ұстаз! Осы бір сөзге терең үңілсек қаншама мән-мағынасы бар, қасиетті ұғым екеніне көз жүгіртеміз. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтындығы белгілі.
Мағжан: Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін мектебіміздің директоры Көпесов Бақыт ағай мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қошаналиев Қайрат Ағайға сөз береміз.
Үміт:
Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен
дейтін!
Мағжан:
Айта берсек ұстазға тіл
жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,- дей келе,
кезекті 11 «Ә»-сыныбының Ұстаздар
мерекесіне арналған сыйын қабыл
алыңыздар.
Үміт: Ұстаздарға қарыздар боп
өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл
алыңыздар!
Мағжан: Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер
өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға
ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі
ардагер
ұстаздарымыз ортамызда
отыр.
Алтынбекова Ажар, Ашрафи
Хабиба, Абишев Асхат ағай
Мағжан: Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін.
4 «А» сыныбының ұстаздарға арналған сыйы (тақпақ, хор)
Мағжан: Құрметті ұстаздар! Ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер. 1 — қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма? 2 — қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз? 3 — қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз? Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.
Мағжан: Келесі кезекті мектебіміздің оқушылары Медехатқызы Ақеркеге, Орынбасар Нарданға, Әскер Жансаяға, Тұрар Саяға, Еркебұлан Базарбайға өз шығармашылығына берсек.
Мағжан: Ұстаз – ұлағатты есім.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы
қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар
беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға
ретінде ерекшеленеді. Әй ақымақтық деймін, біз осы асыл жандардың
қадірін түсінбей жататын кездерімізде болады. Олай болса, осы
тақырып аясында дайындалған музыкалық қойылымымызды бірге
тамашалайық!
Флешмоб 4
«А»
Үміт: “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген Бауыржан Момышұлы. Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік достар!
Мағжан: Шәкірттер санасына сәуле
шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы
тілегін білдіру үшін ортамызға Кәсіп одақ ұйымының
төрағасы Құдайқұлов
Бауыржан ағайды
шақырамыз.
Үміт: Тәтті әуен бағаланса, балдан
нәрі,
Өнердің асулары алда әлі.
Өнерге іңкәр етіп қояр
жанды
«Қыран» би тобы, Мадагаскар
биін тамашалаңыздар. 4 Ә
Мағжан: Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы
адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау —
адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін:
жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік,
сабырлылық керек екен.
(баяу музыка ойнап тұрады)
Үміт: Мағжан, мен саған жұмбақ
жасырайын? Шешіп көрші
Мағжан: Жарайды жасырып көр,
кәне
Үміт: Жылдың ең қысқа
күндері.
Мағжан:
Каникул
Үміт: Оқушылардың үлкендерге көп
көрсете бермейтін құпиясы
Мағжан:
Күнделік.
Үміт: Бақылау жұмысында дәптеріне
жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я
ұл.
Мағжан: Дос
Үміт: Үзілісті зарықтыра күттіретін
45 минут.
Мағжан: Сабақ
Үміт: Әжеме айтатын басты
сылтауым.
Мағжан: Спорт
секциясы
Үміт: Қыздардың негізгі
қаруы.
Мағжан:“Апайға
айтам”
Мағжан: Әрине бұның бәрі әзіл.
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
6 «А» сыныбының
мерекелік тартуы (Қарлығаш» биі, «Ұстазым» хор, өз
шығармашылығы
Үміт: Мұғалімнен өнеге — білім алып,
өмір теңізіне құлаш ұрған кез — келген шəкірт ұстазымен мақтанады.
Ұстаз «Мектептің жүрегі», «Бала жанының
бағбаны»,…..
Мағжан: Иə, бұл мектеп мұғалімі —
ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек,
даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Құрметті ұстаздар
сіздерді тағы бір мәрте мерекелеріңізбен шын жүректен
құттықтаймыз!
Келесі әсем би сіздерге арналмақ, қабыл
алыңыздар!
«Але, але» биі 6 «Б»,
Монолог
Мағжан: Ұстаздардың әсерлі үнмен,
асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың,
аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә,
адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу –
бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Апайларға арналған өлең
шумақтары (5 – 7 сыныптар)
Үміт:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетті бас иелік мәңгілік!
Мағжан: Аса құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз. Білім шаңырағы — алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір — түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін! Келесі кездескенше аман болыңыздар.
Мағжан:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Екеуі
хормен:
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!