Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім-қазіргі кездегі сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Басқа сала мамандықтарына қарағанда, ең қиын, ең ізгілікті мамандық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала



Ұстазы жақсының ұстамы жақсы



Мұғалім-қазіргі кездегі сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Басқа сала мамандықтарына қарағанда, ең қиын, ең ізгілікті мамандық. Себебі, басты міндет,ең құнды әрі маңызды мәселе еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа терең білім мен сапалы тарбие беру. Бауыржан Момышұлы атамыз «Ұстаздық-ұлы құрмет»- деп бекер айтпаған, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашак басшыны да, ғалымын да,еңбекқор егіншісімен,данасын да осы ұстаз өсіреді. Шәкірттеріне тек білім беріп қоймай,жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз болу-жүректің асылдығы,Мұғалім мамандық емес, ол жүрек қалауы. Тынымсыз еңбекпен күш жігерді қажет ететін, жауапкершілігі ауыр міндетті кез келген адам алмайтыны анық

Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашан да ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адам жүрегіне алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем. Мен де өзімнің алғашқы мұғалімімді еске алып отырамын. Маған мейрімді жүзімен қарағаны әлі есімде, Ең алғашқы мүғалімім жүрегіме жақын жан Мейрамгүл апай. Ол кісінің маған қарап «Сенің алар асуың әлі алда, ешқашан берілме, бүгін калыңнан келмеді ме қолыңнан келгенше тоқтамай жасай бер, мүмкін жалығарсың бiрақ нәтижесі шыққанда сенің жалыққаның қиналғаныңның барлығы ұмыт қалады» деп айтқаны есімде, маған әр қашан жігер беруінің аркасында мен мықты бола түстім. Әрине, барлығы бірден бола кетпейді, шыдамдылық пен сабырлықтың жане мұғалімімнің арқасында біз үлкен алпауыт тауларды білімімізбен құлата алатындай жағдайға жетеміз

Қазіргі ұстазым Майра Меңдібайқызы физика пән мұғалімі. Менімен сырласып, жағдайымды түсінетін бірден- бір жан.Мен ол кісіден көптеген нәрсе үйрендім сабак алдым, білмегенімді үйрендім. Маған ешқашан артқа бұрылып қарамай, тек алдыға жүру керек екенін ұғындырған жан. Сенің үлгі

тұтатын, қызығушылықпен қарайтын адамың, сенің қарсыласың болғанша жұмыс жасап, алдыға ұмтылуыды токтат па деп алға жүруді үйретті.

Аз уақыт ішінде шығармашылық жолға қызығушылығымды оятқан Есенгалиева Гүлнар апайға алғысым шексіз. Бізбен жұмыс жасағанына бар жоғы 6 ай уақыт болды, бірақ осы қысқа мерзімде біз көптеген сахналық қойлымдарды, пьесаларды қойып сахна төріне шығып үлгердік, әрине бұл Гүлнар апайдың арқасында бойымдағы жасырын жатқан өнерімді көрсетуге көмек берді. Мен қолымнан келмейді дегенде, жігерлендіріп, өзіме деген сенімділікті оятқаны үшін алғыс білдіремін.

Барлық мұғалімдер маған ерекше, әрқайсынан алатын өнегем бар. Мұғалім ең ерекше де сыйлы мамандық, оны өздеріңізде білесіздер. Елімізде болған індетке байланысты оқушылар онлайн оку режиміне көшкен болатын, індет болмасын мұғалімдер өз жумыстарын тоқтатпады. Қаншама баланы бір смартфонмен оқыту деген ең қиын нәрсе. Мен ұялы телефонда төрт сағат сабақ оқып отырғанның өзінде көзім ауырып мазам қашып кетеді, ал енді елестетіңіз, мұғалім жиырма төрт сағатының кемінде он екі сағат байланыста болып, түрлі сұрақтарға жауап беріп отырады, біз үшін өзінің денсаулығын ойлап отырмай, шәкірттерім білімді болсыншы деп, білгенін үйретіп жатыр. Ал енді айтыңызшы, осындай ұстаздар үлкен алғысқа ие емеспе?!

Шын жүректерімен білгенін үйретіп жатқан барлық мұғалімдерге үлкен алғысымды білдіремін.



Нұркебай Нұржайна

14 Жалпы білім беретін мектептің

8 «Ғ» сынып оқушысы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
415
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі