Материалдар / Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мерекесіне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
996
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:  Ұстазы жақсының – ұстамы жақсыТәрбие сағатында қолданылатын оқу құралдары: Қанатты сөздер жазылған плакаттар, ішіне қырық тілек жазылған түрлі-түсті қырық шар, интерактивті тақтаСабақтың мақсаты:Оқушыларды білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына, мектебіне деген балалық алғыстарын, сүйіспеншіліктерін білдіру.Құрметті ұстаздар қауымы! Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!.Сабақтың барысы:  1-жүргізуші. Ассалаумағалейкум!2-жүргізуші. «Сәлем-сөз анасы»  демекші, армысыздар ағайын!1-жүргізуші. «Бір күн таныстыққа қырық күн сәлем» деген, біз осы қай жерде тұрмыз?2-жүргізуші. «Мектеп-ғылым патшасы» емес пе, біз 1-жүргізуші. «Миуалы ағашқа барлығы да қарайды» дегендей, бұл ауданымыздағы тұңғыш темір жол мамандарын дайындайтын екен ғой.2-жүргізуші. «Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы». Ендеше бұл оқу ордасын ертеңгі болашақ – бүгінгі бүлдіршіндеріміздің құттыхана мешіті десе де болады.1-жүргізуші. «Жас келсе – іске » демекші, талантты жас ұстаздар көрінеді. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген сөз бекер айтылмаған – ау, сірә.2-жүргізуші. «Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың, ақылсыз басшың болса, елдің соңы боларсың» дегендей, лицей басшылығына ел дән риза.1-жүргізуші. Біз осы мақал – мәтелдер сайысында тұрған жоқпыз ба?!2-жүргізуші. «Аталар сөзі – ақылдың көзі» демей ме, қара қылды қақ жарған Әйтеке би, Төле би, Қазбек билердің ұрпағы емеспіз бе?1-жүргізуші. «Атаңнан қалған теберік, сақтау орны тым берік» . Ендеше ұлы баларымыздың өсиет сөздерімен егемен ел болғалы сусындап келе жатырмыз – ау шамасы.2-жүргізуші. Сен білесің бе, қазақта «Сөздің көркі – мақал » деген ұғым бар.1-жүргізуші. Білемін. Ал сен білесің бе, мақал – мәтелдердің қай – қайсысын алсақ та, замана қиындықтарын танытарлық құдірет бар.2-жүргізуші. Мақал – мәтел, ақыл – нақыл сияқты аталы сөздердің пайда болу тарихын, қай кезде тұңғыш рет кім айтқанын білу қиын. Дегенмен, кейбір мақал – мәтелдердің шығу тарихы жайлы аңыздар аз емес.1-жүргізуші. Демек, мақал – мәтел, ақыл – нақыл аталы сөздердің адам баласы өміріне араласпайтын саласы жоқ дегеніміз дұрыс – ау.2-жүргізуші. Мына сұраққа жауап берші: дүниеде өтелмейтін неше парыз бар?1-жүргізуші. Білемін. Үш парыз. Олар:1) ата – ана алдындағы; 2) ұстаз алдындағы; 3)көрші алдындағы парыз.2-жүргізуші: Сары үрпек балапандай жапырласып,Алғаш біз мектеп кірдік есік ашыпКүлімдеп өзің сонда қарсы алғансың,Еппенен әр жүректің кілтін басыпЖылынған қызғалдақтай күн көзіне,Жаутаңдап қарайтын ек біз өзіңеЕржетіп біз де сондай болсақ  дедікЕліктеп қимылыңа, мінезіңеСонда да қажымадың, қамықпадың,Сонда да мәпелеуден жалықпадыңКүнде ойлап келешегін әр бөбектіңАрманның қанатында қалықтадың.1-жүргізуші:Ақкөңіл ізгі қамқоршым,Ақылшым,асыл,ұстазым!Ашып тұр Отан құшағын,Алғыспен оны құшамын.Ұстазым, маған, сене бер,Биікке талмай ұшамын.Бар баланың сенгені өздеріңізСол сенімді ақтаумен өрледіңіз.Құтты болсын, ұстазым, жемісіңізЖана берсін жасампаз еңбегіңізОқушы:Жан шуағы, күн шуағы арай ма,Ұстаз деген әулиедей талайға.Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,Әл - фараби, Омар Хаям, Абай да.( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)М - мейірімдіҰ - ұлағаттыҒ - ғазизА - ақылдыЛ - лайықтыІ - іскерМ - маман Оқушы. Мұғалім, ғазиз мұғалім,Сарқылмас мәңгі бұлағымҰланың бүгін тойыңда,Арнайды саған бұл әнін.Оқушы: Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,Асыға сәлем жолдап жүректен біз.Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.Оқушы: Ұстаз болу жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы.Оқушы: Ұстаздар, жан, анамдай аялаған,Көлеңкелі бәйтерек саялаған.Айналдық, мейрімді жүрегіңнен,Шәкірттерден өз бақытын аямағанІОқушы: Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,Тентектерді ақылменен емдейтін,Болса дағы малға кедей өмірде.Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!2-жүргізуші: Ұстаз — өз уақытын аямаған,Өзгенің бақытын аялаған,Ұстаз – деген күн нұрымен пара – пар.Жүрегінен мейірім, шуақ таралар.Шәкіртімен мадақталып, мақталыпТек шәкіртпен биіктерге бара алар.1-жүргізуші:Мұғалім – ұстазысың балалардың,Болашақ ғалымдардың, даналардың,Өмірде сенің алар орыныңдыБірі де жеткізе алмас балалардыңӨткізіп өз алдыңнан талай балаБойына құйдың ақыл, ой мен санаСарп етіп сан жылды еңбегіңдіАқылшым, тәрбиешім сен ғой ұстаз!2-жүргізуші: «Ұстаз – ұлылық, шәкірт – мәңгілік» Ұстаз! Осы бір сөз әрбір жас өріннің көңіліне ыстық. Олай болса мұғалім, ең жауапты міндет орында. Ол адамды қалыптастыратын мәңгі нұрдың егесі. Сондықтан да мұғалім – мектептегі басты зор тұлға.1-жүргізуші: Әр шәкірттің сезімі бір, әні бір,Шаттық пенен қайғы, мұңға жаны бір.Балғын шәкірт жүрегінен жол тапқан,Ұстаз бенен мейірімнің мәні бір.2-жүргізуші: «А» әрпін алғаш рет үйреткенОқушысын еркелеткен, билеткенБілім менен тәрбиенің ордасыМектебіме бас иемін ізетпенМектеп – ана қанатымды шыңдадыңСырын аштың сыр сандықтай шыңдардыңДәл сол үшін әлі саған қарыздарОқып жүрген ұлдарың мен қыздарың.1-жүргізуші: Ұстаз болу – жүректің батылдығы,Ұстаз болу – сезімнің алтындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Ұстаз болу – адамның асылдығы.Соңы.2-жүргізуші:Сырымды менің бес саусақтай біледі,Бір мен үшін бөлек жаны, жүрегі.Ұстаздан асқан қамқоршы жанды көргем жоқ,Біздер үшін бақыт іздеп жүреді.1-жүргізуші: «Білімді бол, оқы, үйрен», -деп  өсірді,Жақсылыққа баулып та жүр не түрлі.Бала үшін бәйек болған күн – түні,Құрметтейік, «Ұстаз» деген есімді. 2-жүргізуші:Жарқылдап тойға келген асыл жандар,Гүлдей боп көзімізге басылғандар.Қол жетпес арманды іске асырғандар.Ұстаздар асыл жандар, асыл жандар!1-жүргізуші: Өміріне серік еткен үмітті,Еңбегімен еліне ол сүйікті.Өзгелердің бақыты үшін  тер төгіп,Өзгелерге тілеп жүрер биікті.Бірге:Біз сіздерді шыдамдылықтарыңыз үшінКешірімді мінездеріңіз үшінМазасыз күндеріңіз үшінБіз үшін ағарған шаштарыңыз үшінҚашанда қарыздармыз.Мұғалімдер қауымы!Қадірменді ұстаздар осымен сіздерге арналған мерекелік концертіміз аяқталды. Мерекелеріңіз мерейлі, абыройларыңыз жоғары болсын, қадірлі ұстаздар
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ