Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұстазым - ұлағатым, үлгі өнегем. Қауіпсіздік сабағы. тәрби сағатының қмжсы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты |
«Жол-көлік оқиғаларының себептері» ЖЖЕ №2 / «Ұстазым - ұлағатым, үлгі өнегем!» |
|
Күні |
|
|
Сынып жетекші: |
|
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
«Жол-көлік оқиғаларының себептері» ЖЖЕ №2 / «Ұстазым - ұлағатым, үлгі өнегем!» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 6-САБАҚ 5 -сыныптар: «Қауіпті сынақтар (Челленждер) |
|
Сабақтың мақсаты: |
Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу. |
|
Қауіпсіздік сабағының мақсаты: |
оқушыларды қауіпті хоббимен таныстыру. Сабақтың міндеті: 1. Жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына қауіпті хоббидің салдарын көрсету. 2. Дұрыс нұсқауларды қалыптастырыңыз. 3. Ой-өрісін, логикасын дамыту, алған ақпараты бойынша қорытындыжасау, қоғамда өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру. |
|
2-апта дәйексөзі: |
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас! |
|
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал Бір түрлі кәмпит алғандарды 1-топқа «», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «» тобына бөлемін.
1) Жүргіншілер деген кімдер? (көшеде жаяу жүрген адамдар) 2) Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? (тротуармен) 3) Тротуар деген не? (жаяу адамдарға арналған жол) 4) Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдан түсіп, арттан мінеді) 5) Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (жүргізуші куәлігі) 6) Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек (аялдамалардан) 7) Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма? (болмайды)
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді. Психологиялық ахуал
Оқушылардың пікірі тыңдалады Оқушылар сұраққа жауап береді
Бір біріне жол ережесі туралы сұрақ қояды
Оқушы жауабы Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайтыны сөзсіз. Бұл үдеріс біздің қаламызда да байқалады. Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі жылдамдық талаптарын сақтамау болып табылады Жылдамдықты асыра пайдалану жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Жолдардағы орташа жылдамдықты бақылау және автоматты айыппұл салу жүйелерін енгізу арқылы Қазақстанда жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында маңызды қадамдар жасалуда. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларын азайтып, жолдардағы тәртіпті жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде. |
Компьютер
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның
жүрегіне ерекше жылулық |
Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ассоцация құру
Ұстаз
|
суреттер
|
Ортасы (10 мин)
|
Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы-педагог. «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ыбырай Алтынсарин. Өйткені мұғалім оқушыға білім береді, тәрбиелейді, ақыл айтады. Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін үйретеді. Мұғалімнің еңбегі зор. Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі. 1-топ: ұстаз тақырыбындағы ақын-жазушылардң өлеңдерінен үзінді 2- топ: ұстаз тақырыбында мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтады Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Мектеп – білім тірегі,ұстаз – оның жүрегі.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Ана баланың тәнін шынықтырса, Ұстаз баланың жанын шынықтырады.
Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз. Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.
Ұстаз
талантты болса,
Ұққаның жақсы болса —
Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.
Шәкірті зейінді келеді. |
Оқушы: Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі – маржан, үні – ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Оқушы: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған Мұғалімді ардақтайды барша жан Ол мектептен шықпаса да қыс — жазы, Жемісі оның жердің жүзін шарлаған Оқушы: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар! Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, Күндей боп күлімдеген жарықсыздар. Оқушы: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей, Перне басқан оркестрдің үніндей Әр баланың жүрегіне жол тауып, Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей. Оқушы Жалын атып, от боп, бірге жанасың, Білім беріп, содан бақыт табасың Бар өмірің өрнектеліп баламен, Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың Оқушы: Мұғалімді анамдай жақсы көрем, Қиналамын қымбат теңеу таба алмай Өз баласын тастап кетіп үйіне, Ел баласын оқытады, ой Алла-ай. Оқушы: Мұғалімді жақсы көрем сезімтал, Үлгі етемін өнегелі сөзін бал Мұғалімнің мұғалімін танимын, Көкіректе көретұғын көзім бар Оқушы: Ұстаздарға мың алғыс Алғыстарым көп менің, Асыл анам, мектебім! Үйреткені адалдық, Ұсынғаны адамдық, Текті мінез, даналық Бар ұстазға тілейміз: Бақыт, табыс, амандық! |
|
(10 мин)
Соңы
(5 мин)
|
ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ № 6 САБАҚ. «ҚАУІПТІ ЧЕЛЛЕНЖДЕР»
Қауіпті челлендждер: балаға құрбан болмауға қалай көмектесуге болады. Үнемі ата-аналар балаларына интернетте құрдастары ұсынатын әртүрлі қауіпті сынақтар туралы алмасады: аяқ тіректерін ауыстыру, биіктіктен секіру немесе біреуді тұншықтыру, үйден қашу. Мұндай жағдайларда балаларды дұрыс жауап беруге үйрету маңызды. Жасөспірімдер барлық уақытта ерекшеленіп, назар аударғысы келді, өз күштерін сынап көреді. Алайда бүгінде бұл үшін қауіпті әдістер қолданылады. Өйткені, әсер бірнеше құрдастарына емес, үлкен, кейде миллиондаған аудиторияға, лайк пен жазылымдарға ие болу керек. Белгілі бір челлендждердің қауіптілігі туралы ескерту маңызды. Жасөспіріммен сөйлесуді сіз бұрын естіген челлендждер туралы және осындай сынақтардың қайғылы салдары туралы айтудан бастауға болады. Оқушылармен «Осындай ойындардың қауіп-қатерінен қалай қорғануға болады?» пікірталас. «Есте сақта!» «111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған. - «111» нөмірі – 24/7 байланыста - «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды - «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста. 111 Қорытынды (2 минут). Сабақты қорытындылау. «Мен қауіпті ойындарға қарсымын» тақырыбында суретін сал.
М — Мейірімді Ұ - Ұлағатты Ғ — Ғазиз А - Ақылды Л - Лайықты І - Іскер М — Маман кім? Әрине, мұғалім.
|
|
Презентация
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij
https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/cpsp-material/poleznye-materialy-cpsp
https://www.youtube.com/watch?v=Wvt8Zxf48is https://www.youtube.com/watch?v=u3PvSbPiNvo&list=PLA5eCSY2FeoQLLoc SIEuEG9KjOrJzvPM&index=8
|