Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Ұстазым ақылшым

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстазым ақылшым

Мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ұстаздарды қадірлеп құрметтеуге, еңбектерін бағалауға тәрбиелеу.

Кіріспе Мектепте бірегей бірегей тұлға –ұстаз, мұғалім. Ұстаз әрқашанқадірлі қасиетті ұғымды білдірген. «Алты алаштың баласы бас қосса, ең қадірлі орын мұғалімдікі деп» Мағжан Жұмабаев бекер айтпаған. Білім трегі білікті ұстазда Ұстаз қауымы оқушыларды білім нәрімен сусындатады. Ұстаз – адамзаттың барлығы табынар қадірлі де қасиетті тұлға. Ұстаз алдында осы отырған бәріміз де бас иеміз.

Жүргізуші: 1

Армысыздар, құрметті де аяулы ұстаздар!

Жүргізуші: 2

Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.

Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімде шәкірттерге күндей жарық береді

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген –анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін

Сен де одан адам болып жаралдың

Жүргізуші: 1

«Ақырын жүріп анық бас

Еңбегі кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз Бірге құтты болсын.

Жүргізуші: 2

« Ұстаз болу –жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның ақындығы» дей отырып 5- сынып оқушыларының өздеріңізгі арналған « Ұстазым ақылшым» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

  1. Оқушы

Сәлем бердік, ұстаздар, баршаңызға,

Сіздермен тола берсін ортамыз да.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар

Білім алған сіздердің арқаңыз да.

  1. Оқушы

Ақыл, сана, сабыр , талас-тартысу

Мұғалімнің табиғаты жалпы осы

Бос уақыты: бізден басқа ойы жоқ,

Бос уақыты: әрбір түннің жартысы

Махабаты: бала және Отаны,

Сүйікті ісі: кітап қағаз қопару.

Демалысы: шәкірттерге хат жазу

Ал кәсібі: от беру мен от алу

  1. Оқушы

Қашан көрсең күліп бара жатқаны

Күлетіні бақыттылық нышаны

Байлықтары: шәріттердің хаттары,

Бұл халықтың мектеп –мекен- тұрағы

Мектеп десе жан дүние құмары,

Өзін –өзі ұмытудан тұрады

  1. Оқушы

Жазатын білімдегі жаңалықты ,

Тәрбие, асыл мұра, даналықты,

Қадамың құтты болсын ұстаз үні

Мазмұнды басылым бол дара мықты

Әрбір ұстаз- тәжірбие дара мықты

Қаланған ізденумен құмар тасы

  1. Оқушы

Ұстаз болу - адамның кереметі,

Ұстаз болу – ардақты ел еркесі

Ұстаздықта қиын да көп, қызық та,

Ұстаздардың әр күні сыр шертеді

Ұстаздардан тәлім алған талайлар

Құттықтаймыз мерекемен апайлар

Шәкірттерің бауырдағы балапан

Қайда жүрсе өздеріңе қарайлар

Жүргізуші: 1

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән- шашу-әсем әуен, түрлі өнер

Бүгінгі күн сіздерге арналады

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады.

Ән : «Ұстазым менің » орындайтын Таубай Аружан

Жүргізуші: 2

Еркелеп ,күліп есіп тау самалы

Әлемге жаңалықты жар салады

Мерекемен құттықтап ұстаздарын

5 сынып жігіттері би билейді

Би жігіттер тобы

Жүргізуші: 1

Екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

«Ұстаз болу –өз уақытын аямау,

Өзгеннің бақытын аялау»

Жүргізуші: 2

«Ұстазға қарап шәкірт өседі»

Жүргізуші: 1

«Аспаз көрген ас таныр, ұстаз көрген хат таныр»

Жүргізуші: 2

«Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

Жүргізуші: 1

Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше ,қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіз өздеріңізге арналған өлең – шумақтарына кезек береді

Жүргізуші: 2

Ұстаз мейірі ,ана мейірі пара –пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп

Айналайын білім берген ұстаздар

Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында аяулы ана, ардақты әке . Мына ән сідерге арналады

Ән : «Әке » орындайтын Айтжанұлы Өміржан

Жүргізуші: 1

Би болады әр қашан қыз барда

Жылуынан тіпті мұздарда

Мың бұралып билей білген

Жетер мекен біздің сұлу қыздарға

Би қыздар тобы қазақша

Жүргізуші: 2

Қазақ та жақсы сөз бар «Әзілің жараса атаңмен ойна»деген. Ендеше сахнада ұстаздар өміріненаздап әзілге орын берсек

Әзіл әңгіме (ұстаздар өмірінен)

-мұғалімдер кім болуды армандайды?

- Мұғалімдер әсте әртіс,жазушы, сот, бастық сылақшы,майлаушы немесе еден сыпырушы болуды армандамайды.

1) әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі,отыратын жұмыс үстелі, қарамағында3-4 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» дегендей ұрыс төбелес жөніндегі бала мен ата –анадауын да бір өзі шешіп отырады.

2)Әр мұғалім өз сабағының шебері,яғнирежиссері,көбінесе басты ролде өзі ойнайды . әртіс демей көр, кәне .талай көрініске өзі қатысады

3)Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында . Демек майлаушы да өзі, сылаушы да өзі, безендіруші де өзі

4) Жазушыларға келер болсақ тіпті кейбір жазушыларымыз мұғалыім құсап күнде жазуға отырмас

5)Соңғы кездері бухалтер мен кассир де өздері.

Көрініс: Суретші

Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:

-Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.

- Сіз оны айтасыз, -дейді әкесі. Бірде ол ваннаға қолтырауынның суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тура қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.

«География» сабағы

Мұғалім:

-Картадан Ертіс өзенін көрсет

Ердәулет жауап таппай үнсіз тұр

Мұғалім:

-Картадан Ертіс өзенін көрсет

Ердәулетте жауап жоқ

Мұғалім:

  • Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой

Ердәулет

Мұғалім , картада ағып жатқан өзен көрінбей тұр

Жүргізуші: 1

Жүрегіне нәр берер салған әні

Сол әнімен көрінген таза жаныә

Әніменен әлдилеген халқымызды

Шақырамыз өнерпаз ұлдарды

Ән орындайтын «Жігіттер квартеті»

Жүргізуші: 2

Ұстаздың «ұстаз» болды арман әні

Барады қорғасын боп салмақ әлі

Еңбегі ұшан теңіз, ұлы мақсат

Елімнің ертеңіне арналады

Би

Жүргізуші: 1

Ұстазым менің ұстазым

Көп жанның сан ойы мен назын

Жаңалық жария ететін

Жанашыр жандай ұстазым

Ән орындайтын Рахатов Қуаныш

Жүргізуші: 2

Мұғалім ғазиз мұғалім

Сарқылмас мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойың да

Арнайды саған бұл биін

Би

Жүргізуші: 1

Шәкірттерің құттықтаса мейраммен

Нұр шуағы сейілмейді маңдайдан

Әр шәкірттің қуанышын баса алмай

Шарықтайды шартарапқа самғайды ән

Хор: «Ұстазға арналған»

Жүргізуші: 2

«Мейлі жас, мейлі кәрі бол,

Дана деп сені, пана деп сені ұғамын

Көктейсің нұр мен нәрі мол,

Ақылшым меннің мұғалім

Жүргізуші: 1

Жайғанда арман құшағы

Мен де өзіңе ұқсармын

Жеткенше, қайрат күш әлім

Биікке самғап ұшармын

Бәріңізге арналады төр бүгін

Ұстаз сыйлау құрметтеу елдігім

Қуанышты күндерде тек бас қосып

Ақ тілекті атқаратынкелсін күн

Жүргізуші: 2

Осымен сіздерге арналған мерекелік тәрбие сағатымыз аяқталды. Еңбектеріңізге жеміс, толағай табыс тілейміз. Тәуелсіз еліміздің тірегі болар шәкірттеріңіз көп болсын

Жүргізуші: 1

Бүгінгі мерекеміздің қорытынды сөзін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Каримова Жанар апаймызға береміз














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
831
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12