400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстазым, бар сенің қасиетің...

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға, басқа да қоғам мүшелеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстазым, бар сенің қасиетің...


Дана халқымызда «ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең» деген тәмсіл бар. Ал саналы ғұмырын ел ұрпақ тәрбиелеуге арнап, бүгінде қариялық шаққа абыроймен жеткен ардагер-ұстаздар өмірі, игілікті ісі, өнегелі сөзі кейінгіге керемет үлгі, телегей-теңіз өсиет емес пе?! Сондай ардагер ұстаздардың бірі де бірегейі – ҚР білім беру ісінің үздігі, Филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасұлы.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқып жүрген кезімде сабақ берген оқытушылардың ішініде зор шәкірттік ілтипатпен Жеңіс Сәдуақасұлына алғаусыз алғысымды айтып, бас иемін. Өзінің биік болмысына тән майда қоңыр даусы, жібектей жұмсақ мінезімен менің ғана емес, талай шәкіттің жүрегіне жол тартқаны анық.

Ұлағатты ұстаз Ж.Сәдуақасұлы қазақ тіл білімінің морфология, синтаксис салаларының еліміздегі жетекші маманы ретінде танымал. Жұбайы Орынбикемен бірге 5 қыз, 10 немере тәбиелеп отырған өнегелі отбасының отағасы Ж. Сәдуақасұлы 1946 жылдың 19 қаңтарында Қызылорда облысы Арал ауданы Ұялы аулында дүниеге келген. 1964 жылы Қазалы стансасындағы он бір жылдық № 420 (қазіргі № 70) темір жол орта мектебін бітірген. Сол жылы жаңадан ашылған «Қызылқұм» кеңшарындағы сегізжылдық мектепте 3 жыл мұғалім болып қызмет атқарды. 1967 жылы Н.В.Гоголь атындағы пединституттың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға қабылданып, оны 1971 жылы үздік бітіріп шықты. Аталмыш оқу орнында Ж.Сәдуақасұлы 1979 жылдан бері оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор қызметінде 40 жылға жуық табан аудармай қызмет етті.

Ағайдың ғылым жолына, ұрпақ тәрбиесіне деген бала күнгі арманы орындалғанын және оның қаншалықты қиыншылықпен келгенін айтып бергені есімде. Осыған орай, еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Алла қай істің хайырлы болатынын білуші дейді ғой, бүгінде бейнетінің зейнетін көруде. 1992 жылы «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгісімен, 2001 жылы ҚР-ның 10 жылдығына арналған төсбелгі және Елбасының «Алғыс хатымен», 2005 жылы Елбасының екінші «Алғыс хатымен», 2006 жылы «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен», Қызылорда облыстық мәслихатының «Алғыс хатымен», 2008 жылы «10 жыл Астана» медалімен, 2008 жылы «Облыс әкімінің стипендиясымен», 2009 жылы «Қызылорда облысына 70 жыл» Мерекелік медалімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» Мерекелік медалімен, 2013 жылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Қорқыт Ата» Алтын медалімен марапатталды.

- 50 жылдан астам атқарған ұстаздық қызметімде менің білім беріп, тәрбиелеген шәкірттерімді еліміздің кез келген түкпірінен кездестіруге болады. Олардың дені ағарту саласында қызмет атқарып, ұстаз ғұмырын жалғастыруда болса, бірсыпырасы қоғамдық өмірдің әртүрлі саласында – өндірісте, құрылыста, қаржы, әкімшілік аппараттарында, БАҚ-та, құқық қорғау органдарында, басқа да алуан түрлі қызметтер атқаруда, - дейді «ұстаз ғұмыры шәкіртімен мәнді» деп білетін ағай.

Жеңіс ағайдың аурасы, кісімен сөйлесуі, тіл біліміне қатысты кез-келген сұрағыңа асқан қарапайымдылықпен, әрі ыждағаттылықпен жауап беруі өмір парасатын ұғындырсам деген кәдімгі дана адамды көз алдыма әкелетін. Бұл менің аудиториядан алған дәрісімнен бөлек, санаулы мәрте ғана пәнге байланысты сұрақтарыма жауап алмаққа дидарласып, алқасында болып алғандағы әсерім ғана. Менікі жастық қой сонда, әйтпесе шәкірттері үшін шын қуанып, шын мұңая алатын осындай риясыз адамға шын шәкірт болып, ғылыми еңбектерін талдап, батасын алғанымда қаншама жан байлығын жиып алар ма едім десеңізші?!

Өзінің жарты ғасырлық ғұмырын ұстаздықпен өткізіп Егемен еліміздің ертеңі үшін білімді де білікті шәкірттерді даярлауда, тіл ғылымының өсіп өркендеуі, ана тіліміздің қолданылу аясының кеңеюі жолында бар күш-жігерін арнаған Жеңіс ағайды өткен Халықаралық қарттар күнімен және ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Білім саласындағы және лингвистика ғылымы саласындағы тасқындап жатқан жаңалықтар мен ақпараттарды игеру һәм игерту талабы тұрған ұстаздық жолын абыроймен өткеріп, бүгінде осы саланың алтын тұғырында тұрған алтын адамнан тәлім алған бізде арман жоқ...




280 негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрқасымқызы Ақжарқын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.05.2019
834
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі