400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстазым, маған шығармашылық шабыт сыйлашы...

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға эссе жазғанда керек болар.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұстазым, маған шығармашылық шабыт сыйлашы...

Данышпан Абай атамыздың: «Адам баласының бойынан үш-ақ нәрсе табылу керек»,- деген өсиет сөзі маған үлкен шабыт беріп, ізденіске, шығармашылыққа жетелейді. Олар: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». «Ыстық қайрат»-ол үнемі ізденісте болу, өз мінезіңді өзгерту, алға ұмтылу. «Нұрлы ақыл»- туған еліңе өзіңнің ішкі жан-дүниеңнің нұрын шашып, ізгілікті істер атқару, жақсылыққа жүгіне отырып, ақыл-ойыңды таза ұстау. «Жылы жүрек»-адамдарға құрметпен қарап, ата-анаңды, отбасыңды,ұлағатты ұстазыңды, сыныптас достарыңды барлығын бірдей жақсы көру. Адамның жанын ауыртатын сөз айтып, тыныштығын кетіріп, мазасын алмау. Адам өзін-өзі бақылап, жауапкершілігін күшейтсе, ойы да, сөзі де, ісі де бірлікте болады. Біздің негізгі міндетіміз- алтын ұя мектебімізде жақсы оқып, жақсы білім алу. Оқушының адал еңбегі- оның мектеп ережесіне сай ұқыпты таза киінуінде, ата-анасын, ұстазын сыйлау арқылы күнделікті сабаққа дайындалып барып, жақсы баға алуында. Жақсы баға ата-ана мен ұстазды үлкен қуаныш пен шаттыққа бөлейді. Егер құндылықтар ағашын алатын болсақ, ағаштың тамыры-ол ақиқат. Өміріміздің негізі-осы тамырдан тұрады. Ағаштың тамыры көрінбейді. Сол себепті де ақиқат сырт көзге көрінбейді. Оны іспен дәлелдеу керек.Тамыр мықты болу үшін оны сүйіспеншілікпен суару керек. Ағаштың діңгегі-дұрыс іс-әрекет. Егер адам дұрыс өмір сүрсе, оның жан дүниесі ішкі тыныштықта болады да, ол басқаға қиянат жасамайды. Ағаштың тамыры-ол менің отбасым. Мен балабақшадан, мектеп табалдырығын аттап, мектепке кірген күннен бастап, менің өмірге деген көзқарасым жақсы жаққа қарай өзгерді. Отбасында, мектепте өзімнің ұстаздарымнан алған жалпы адамзаттық құндылықтарды өз бойыма жинап, қазіргі шақта үлкен өзгеріске түстім. Сабақтарға деген көзқарасым қызығушылыққа ауысып, пәндерге деген шабыттану пайда болды. Ішкі жан дүнием жақсылыққа толып, өзімде жан тыныштығы пайда болды. Шабыттың арқасында шығармашылық жұмыспен айналысып, соның жемісін көре бастадым.Ішкі жан дүниемде рухани адамгершілік білім пайда болды. Олар: ақиқат, сүйіспеншілік. Туған туыстарыма, ата-анама, ата мен әжеме «Мен сіздерді жақсы көремін» - деп жиі айтатын болдым. Дұрыс іс-әрекет жасау арқылы-мені жолдастарым, құрбы-құрдастарым сыйлайтын болды. Егер жан-дүниең жақсылыққа толы болса, онда қоршаған ортаға жақсылық жасау арқылы, адам үлкен қуанышқа бөленеді. Шабыт шығармашылық жұмысқа қызыққанда пайда болады. Өзін-өзі тану сабағында «Жаңаша оқыту» бағдарламасы бойынша әр сабақтан өзімізге өмірлік керек құндылықтарды оқып үйренеміз. Өздігімізден ғылыми ізденіс пен зерттеулер жасап,белсенді әрекетке түсе отырып, өздігімізден шешім қабылдап үйрендік. Сол арқылы өз бойымызда жасырынып жатқан өнерімізді аша білдік. Әңгімелеу, шаттық шеңбері, тыныштық сәті, мәтінмен жұмыс, сабақтың дәйексөзі, жаңа ақпарат, шығармашылық жұмыс, сергіту сәті, ойын, тренингтер, бейнефильмдерді көру, «жүректен жүрекке» өзімізді, айналамызды тануға, өз бойымыздағы жан-жақты қасиеттерімізді дамытуға жағдай жасады.Сабақ барысында өз ойларымызды еркін жеткізіп, пікір алмасу арқылы бір-бірімізді тыңдап үйрендік. Аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, ұлылардың ұлағатты сөздері,ақын жазушылардың еңбектері өз ісіңе баға беруге, өмірдің мәнін түсінуге, рухани адамгершілік білім беруге көмектеседі. Ұстазым мен үшін әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзі.



Павлодар облысы Баянауыл ауылы «Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

9 «Ә»-сынып оқушысы Қаракесек Томирис Жанарбекқызы

Жетекшісі өзін-өзі тану мұғалімі Рахметова Фарида Кенжебаевна








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
679
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі