Ұстазым, мені шығармашылыққа
шабыттандыр.
Ұстаз мен үшін күн болып
көрініп, нұр болып төгілетін – ұлы
тұлға. Өйткені ол бізді сергектікке,
байқағыштыққа, сезімталдық пен
әділеттілікке тәрбиелей отырып, сабырлық
пен мейірімділікке үйретеді. Ұстаз
бізді адалдыққа баули отырып, біздің
бойымызға білім нәрін себуші, жақсы мен
жаманды ажырата отырып, бойымызға
жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруге
бағыт –бағдар беруші, шынайы көшбасшы.
Ұстаз өзінің шәкіртінің бойына нұр
құйып, өмірде де, өзі бақытты болып,
өзгелерді де бақытқа бөлейтін жан.
Әрбір оқушының өз жүрегіне жақын сүйікті
ұстазы болады. Ұстаз мектептегі екінші-
анамыз. Менің сүйікті ұстазым-өзін-өзі
тану пәнінің мұғалімі - Фарида Кенжебайқызы.
Ұстазым өз мамандығын сүйеді, сабаққа
жан-жақты дайындықпен келіп, биік
шеберлігімен, қарапайымдылығымен,
адамгершілігімен бізді баурап алады.
Өзін-өзі тану сабағын тартымды, әрі
қызықты өткізеді. Өзін-өзі тану пәні-
жалпыадамзаттық құндылыққа толы керемет
пән. Мен де осы сабақта шабыт пайда
болады. Шабытты мен адал жүрегіммен
сеземін. Менің көңіл-күйім көтеріліп,
сабаққа деген қызығушылығым арта
түседі. Өзін-өзі тану сабағында біз
үнемі өзіміз туралы, өзіміздің ішкі
ойларымызды, басқаға деген көзқарасымызды
еркін білдіре аламыз. Өз қабылетіміз
бен мүмкіншілігімізді сынап, өзімізге
баға бере аламыз. Алдымызға мақсат
қойып, сол мақсатқа жету жолында
еңбектенеміз.Шығармашылық жұмыс жасай
отырып, өз бойымыздағы сенімділікті
арттырамыз. Біздің шығармашылық
қабылетіміз-өлең жазу, суреттер салу,
шағын әңгімелер құрау, мәнерлеп оқу,
жағдаяттарды шешу, ән айту, би билеу,
сахналық көріністер арқылы актерлік
шеберлігіміз артады. Сабақ барысында
«Ыстық орындық», «Өрмекшінің торы»,
«Аквариум» т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта
қолдана отырып, шығармашылық жұмысқа
ерекше талпыныс пайда болады. Жаңа
технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану
арқылы топтық, жұптық жұмыстарды
бірлесе отырып орындауға болатынын
түсіндік. Өз ойларымызды ашық айтып, өз
қателерімізге түсіністікпен қарайтын
болдық. Сыныпта нашар оқитын оқушылар
да, тапсырманы біріге отырып шешіп, өз
ойларын ортаға салу арқылы, ынтымақтастық
таныта білуге үйренді. Сол арқылы әр
оқушы өз бойындағы қасиеттерін ашып,
көрсете алды. Сабақ соңында«Екі жұлдыз,
бір тілек», «Бес саусақ» т.б стратегиялар
арқылы нені түсінгенімізді бағалап,
кері байланысты орнату арқылы нәтижеге
жетуді үйрендік. Менің алдыма қойған
негізгі мақсатым- сабақты жақсы оқып,
қалаған мамандығым бойынша жоғарғы оқу
орнына түсіп, қоғамға пайдалы адал еңбек
етіп, «Үлкенге құрмет, кішіге қамқор»
болатын, елімнің құрметті азаматшасы
болу.Ұлы қазақ ақыны, әрі ойшыл атамыз-
Шәкәрім Құдайбердіұлының: «Адам өмірін
түзеуге, барлық адамдар тату тұруға –
адал еңбек,арлы ақыл, ақ жүрек болуы
керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай,
адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкін
жоқ »,- деп жазған болатын. Адал еңбек,
арлы ақыл, ақ жүрек-бұл қол, бас пен
жүректің бірлігі. Осы үштік бірлік ой,
сөз және іс бірлігінен көрініс табады.
Шығармашылық жұмыстармен айналыса
отырып, ұлы данышпан аталарымыздың
еңбектерін, дәйексөздерін сабақ
барысында қолдану арқылы, ішкі жан
дүниеміз рухани адамгершілік білімге
толы болса, ойымыз, ісіміз, бір жерден
шығатын нағыз ерекше тұлға болып
шығатынымызға зор сенімдемін.
Павлодар
облысы Баянауыл ауылы «Зейтін Ақышев
атындағы жалпы білім беретін мектеп»КММ
10
«Ә»-сынып оқушысы
Зекен
Айғаным Ардаққызы
Жетекшісі
өзін-өзі тану мұғалімі Рахметова Фарида
Кенжебаевна