Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұстазым менің
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға ұстаздар күні мерекесінің
мәнін ұғындыру.
Тәрбие сағатының жүрісі: 1. Ұйымдастыру
Асылхан:Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз.Өйткені ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады.Сондықтанда болар небір дарынды ойшылдар да, көк төсін шарлаған ғарышкерлер де, жүрек жұтқан батырлар да, қарапайым еңбек адамдары да, тіпті, жас ұрпақты тәрбиелеп жүрген педогогтар өздері де ұстазды ерекше пір тұтып, ерекше қадірлейді.
Әлия: Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар.Ол-Ұстаз.
Ақбота: Ұстаз еңбегі-ұлы еңбек.Сондықтан да ұлы ақын Абайдың
Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға-деп айтуында терең мағына жатыр.Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі.
Мөлдір: Әр жылдың қыркүйек айында ұстаздар өзінің сүйікті шәкірттерімен жүздеседі.
Барлығы хормен: Қоңырау үні үзілмесін ұстаз. Әуелей берсін, әсем сазды
әуез !
Хормен: Ұстазым әні орындалады
Әнсара: Білімнің кәусар бұлағын
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің, мұғалім.
Ұстаз да, ғалым, дана да.
Айгерім: Өмірдің ұғып тереңін
Өркен жайған қауымым
Қабыл ал жүрек сәлемін,
Құлақта сенің әр үнің !
Бекарыс: Күн боп күліп балаға
Ой жіберген санаға
Мың бір сәлем жолдаймыз
Зоя, Замзагүл апайларға.
Бекзат: Бірге өсіп ел жайлаған ұл мен қыз
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ әнмен әсем биді.
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Еламан: Ұстаздардың ұлағатты сөзінен
Өмір бойы таусылмас нәр аламыз
Ұстаздардың мейірімді өзінен
Бізге деген жылылықты табамыз.
Айкөркем: Жүрегіміз түпкірінен ән қылып
Шырқай оған айттық біздер тілекті
Ұстаз аты биік әрі мәңгілік
Тербетеді сезім менен жүректі.
Әлия: Мұғалім ғазиз мұғалім
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Нұрболат: Ауылымыздың білгірі
Өздері ғой ұстаздар
Талай жанға үлгілі
Парасатсың, ұстаздар !
Лаура: Еркелеп ап, артынан
Еркелеткен, ұстаздар
Айныма осы қалпыңнан
Жібектей мінез ұстаздар.
Асылхан: Тірі пенде жоқ шығар
Өкпелеткен ұстаздар
Жүрген жерің жайдары,
Жайма шуақ, ұстаздар.
Ән орындалады:
Қорытындылау.
Тақырыбы: «Тілге құрмет-елге құрмет»
Мақсаты: Оқушыларды туған тілін, жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының жоспары:
1.Сүйемін туған тілді –анам тілін.
2. Бабалардан жеткен аманат.
3. Ана тіліміздің бүгінгі халі.
4. Туған тілдің ертеңі жайлы ойлар.
Әлемнің құты,
Шешемнің сүті,
Сіңірген тұла бойыма.
Бар асылын халықтың,
Лұғатын ұлы тарихтың,
Құйған сана-ойыма.
Туған тілім, өркенде,
Бола бер күшті,көркем де !
С.Мұханов.
«Сүйемін туған тілді-анам тілін. Жөргекте жатқанымда-ақ берген білім»-деп Сұлтанмахмұт Торайғыров бекер жырламаған.Ана тілі ананың ақ сүтімен, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, бойға дариды.Ана тілі деп аталуының өзі де сондықтан болса керек деп ойлаймын.Иә, ана тілім-ардағым. Ана тілі жайлы толғанбаған ақын жазушы жоқ шығар, немесе әйгілі ақынымыздың:
«Ана тілің –арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!»-деген тамаша өлеңін білмейтін, ана тілінде еркін сөйлей алатын қазақ баласы да жоқ шығар деп ойлаймын. Ана тілінің қадір-қасиетін сезініп өскен ұрпақтың елінің болашағы жолында атсалысатын саналы адам болып шығатынына мен сенемін. Өзім де осы жолдан табыла білемін деп ойлаймын.
Қазақ тілі-әлемдегі 12 миллион қазақтың ұлттық ана тілі атанып келген болса, тәуелсіздік алғаннан кейін ана тіліміздің мәртебесі өсіп Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деп Ата Заңымызбен бекітілді. Бұл сонау желтоқсан оқиғаларынан кейін қабылданған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы қаулысының нақты жалғасы еді.
Ана тіліміздің шұрайы мен шырайына сонау ерте замандардан-ақ шетел саяхатшылары, ғалымдары ерекше мән берген.
Ұлы Пушкин қазақ даласына келіп «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу» сияқты жырларымызды тамсана, әйгілі ғалым В.В.Радлов: «Қазақтар тамаша шешен сөйлеп, әңгіме айтуды да ұнатады, аса бай поэзияға ие»,-деп жазған.
Қазақ тілі-ұлы Абайдың, Шоқаның, Әуезовтың, Ғабит, Сәбиттің тілі ! Менің тілім ! Мен осынау ғажайып сырға толы ана тілімде сөйлей алатыныма, осы тілмен он бір жыл бойыбілім алып, болашақ кәмілеттік өмірге жолдама алатыныма қуанамын.
Әйгілі ақынымыз Әбілда Тәжібаев:
Туған тілім-тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өссе тілім, менде бірге өсемін !-деп жырлағандай, кешегі социалистік дәуірде тарихи жағдайларға сай өз жерінде өз елінде қысым көрген ана тіліміз өшіп кете жаздады. Қазақ мектептері балабақшалары жабылып орысша оқыған заманның әсерінен бұл күндері қаншама қара көздер ана тілінен жұрдай күй кешуде.
Бұған заман кінәлі дегенімізбен, еліміз егемендік алғалы да он екі жылдың жүзі болып қалыпты.
Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін -деп Президентіміз өзі де үлгі көрсетіп, теледидардан қазақша сөйлегенімен, біздің көптеген замандастарымыз ана тілін әлі күнге менсінбейді.
Ана тілін білмеген-
Ақысы жоқ желікбас-
Ана тілін сүймеген-
Халқын сүйіп жарытпас-дегендей, ана тіліне жаны ашымаған адам өз Отанын жаудан да қорғамайды деп ойлаймын.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «біз өткен тарихымызға үңіле отырып, ақын-жазушыларымыздың жүз томдығын бастырамыз сол арқылы тілімізді дамытамыз» деуінде үлкен мән мағына жатқандай.Қазақ халқы барда қасиетті қазақ тілі өлмек емес. Ақиық ақын Мұқағалиша айтар болсақ:
«Ал екінші бақытым-тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім !»
«Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» дегендей, өзге тілдің жетегінде жүрген қандастарымызға да ойланар, тілімізге мойын бұрар, көсегесі көгеретін кезең туар деген үмітпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Ана тілі жайлы айтылар ойлар, пікірлер ешқашан таусылмайды.
«Егер туған тілім ертең жоғалар болса, мен бүгін өлуге дайынмын»-деген ақын Расул Ғамзатовтың сөзімен түйін жасамақпын.Халқыңмен мәңгі, жаса қадірменді қазақ тілім, ардақты ана тілім !
Қорытындылау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұстазым менің"

шағым қалдыра аласыз