Ұстазым менің мақтанышым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстазым менің мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстазым менің мақтанышым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие шараның тақырыбы: «Ұстазым менің мақтанышым ». 

Мақсаты: Оқушылардың ұстазға деген, анаға деген құрметін жетілдіру.

Сабақ барысы:


1 Жүргізуші:
Мұғалімдер, әз хандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар!
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар!

2 Жүргізуші:

Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз ұстаздарым баршаңды!

1 Жүргізуші:Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! Және бүгінгі мерекелік кешіміздің қонақтары! Бүгін өткізіліп отырған «Ұстазым, өзіңменен мақтанамын» атты мектебіміздің аяулы және ардагер ұстаздарымызбен мерекелік кездесу кешіне қош келіпсіздер!
Пауза шапалақ


2 Жүргізуші:Егер өткен күнге біраз шегінер болсақ, осыдан он бір жыл бұрын біз қолына әліппе ұстап, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер едік. Ал бүгін..


1 Жүргізуші:Ал бүгін біз ер жетіп, ұясынан ұшқалы тұрған бала қыран тәрізді көкке самғауға дайын тұрмыз.


2 Жүргізуші:Ия «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деген осы екен. Бүгінгі таңда біз 11 - сыныпты аяқтап, мектеппен қоштасқалы тұрған жас ұрпақпыз. Сондықтан бүгін біз 11 жыл бойы қызмет етіп кеткен және үздіксіз білім берген ұстаздарымызды құрметтеп, мерекелік кешімізді сол жандарға арнаймыз!

1 Жүргізуші:

Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүрсіз жиып.
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.


Ажырамай ұжымнан бір елі Сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз, - дей келе бүгінгі мерекелік кешімізді ашу үшін құттықтау сөз кезегін мектеп басшысы
Сауырбаева Гүлмира апайға береміз.

2 Жүргізуші:
Рахмет апай. Сіздердің құрметтеріңізге сыныбымыздың үздік оқушысы Қадір Айман «Ұстазым» өлеңін мәнерлеп жатқа оқиды. Қабыл алыңыздар!

1 Жүргізуші:
«Ұстаз » қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне 
ерекше жылулық нұрын себетін,аяулы тұлға 
бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде 
қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса , соның бірі- 
Ұстаз. 
Ұстаз деген-ұлылықтың анасы, 
Ұстаз деген-ұлылардың данасы. 
Ұстаз деген-жақсылардың жалғасы, 
Ұстаз деген-ұлылардың қаласы.-деп кезекті әнге 
жолдаймыз. 
11 б сыныбы
Қадір Айман Қадір Шолпан «Асыл ана»

2 Жүргізуші: Бүгінгі жаңа ғасыр азаматы білімді де білікті жеке тұлға болып қалыптасуы тиіс. Әр шәкірттің қабілетіне, мүмкіндігі мен шығармашылық деңгейіне қарай білім беру – уақыт талабы, білікті де, білімді әр ұстаздың міндеті. Сыныбымыздағы ақын жанды оқушыларымыз өздері жазған шығармашылықтарын жылдан – жылға дамытуда. Кішкентай ақындарымыздың жүрегінен жарып шыққан шығармалары аудандық газеттерде, т. б. баспа беттерінен көрініп жүр. Бүгін сіздерге сыныбымыздың ақынжанды оқушылары ұстаздарына деген алғыстарын өз өлең жырларымен өрнектейді.


1 Жүргізуші: Ел жақсысын еске алу – ұлтымыздың ұлы істерінің бірі. Қазақ қашаннан ақыны мен ардагерін ардақтап, аялай білсе, жалпы адамзат баласы алдында ұстаз еңбегінің алар мәртебесі зор. Бүгінгідей мереке күні саналы ғұмырының тең жартысын табан аудармай жас ұрпаққа білім беріп, тәрбие үйретуге арнаған мектебіміздің ардагер ұстаздары біздің жүрегімізден ерекше бір құрметпен орын алады.
Өмір - өз өнегесімен өлшенеді. Адам өмірінің өлшемі - өмір сүрген күндерімен, жылдарымен емес, ғұмырындағы мәнді тірлігімен, елге тигізген пайдасымен, өнегелі істерімен өлшенетіні анық. Өрнекті, өнегелі істерімен ардақты ардагер ұстаздарымыз мәңгі біздің жүрегімізде!

2 Жүргізуші:«Ұстаз» атты ұлы есім қашанда кісілік келбеті жоғары сан мыңдаған шәкірттерге үлгі - өнеге, білім - тәрбие беретін, ізгілік нәрін төгетін ерен еңбектің иелері. Қай қоғамда да ұстаз құрметті орындардың төрінен табылады. Осындай құрметті мамандықтың иесі болып, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген ардақты ардагер ұстаздарымыз бүгін бізде – қонақта!
ендеше ендігі кезекті ардагер ұстаздар жайлы шағын
видеороликке кезек береміз

1 Жүргізуші:

Көп жыл бұрын шыққанменен ол зейнетке,
Бір табан әлі жақын жүр «Бейнетке».
Ақсақалдар кеңесін басқарады,
Дауды шешіп, болысып кем - кетікке.

Үлгілі отбасында отағасы,
Төрт ұл мен төрт қыздың ата - анасы.
Жайқалтқан өз қолымен бауын баптап,
Сан түрлі жеміс толы айналасы.

2 Жүргізуші:

Өмір сырын түсініп ұққан терең,
Демалысқа құрметпен шыққанменен.
Қызығыңыз тарқамай замандағы,
Ұзақ ғұмыр тілейміз сізге әлі, - дей келе бүгінгі мерекелік кешіміздің құрметті қонағы ардагер ұстаздарымыз ........... жас ұрпаққа айтар жылы лебіздеріңізд тыңдайық.(айтып болған сон)
келесі кезекте би 11 ә сыныбы қазақ биімен қабыл алыңыздар


1 Жүргізуші:

Ұстаз болу-жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы. 
Ұстаз болу- мінездің күн шуағы, 
Азбай тұрған адамның ақылдығы.-дей келе кезекті оқушыларға жолдаймыз. 


2 Жүргізуші:.............. мен саған бір нәрсе айтайын ба?

1 Жүргізуші:
- Иә, айтшы, не ол?

2 Жүргізуші:
Мұғалім демекші, балалар, осы апайлар бізден әр жылдың соңында қорытынды емтихан жұмыстарын алады емес пе?!


1 Жүргізуші:
Ия маған бір ой келіп тұр. Бүгін біз - мұғалім, ал мұғалімдер – оқушы болсын. Осы сәтті пайдаланып біз де ұстаздарымыздан сынақ алайық. Ендеше әр ұстаз мына сандықшаға салынған билеттерден алып, сол билетте жазылған сұрақтарға орнынан тұрып жауап берсін.
Ұстаздарға арналған сұрақтарды қояды:
1. Сіздің ең алғашқы махаббатыңыз
2. Сабаққа кешігіп келген күндеріңіз болды ма?
3. Түрік сериалдарын үзбей көресіз бе?
4. Ватсапқа аптасына неше рет кіресіз?
5. Сіздің ең жақын досыңыз бар ма?
6. Бір ән орындап беруіңізді сұраймыз.
7. «2» деген бағаны алып көрдіңіз бе? я болса, не үшін?
8. Сабақта анекдот айтқан кездеріңіз болды ма?
9. 11 сынып оқушыларының келешегіне айтатын тілегіңіз.
10. Бақытты билет (сол билетте келесі орындалатын әннің аты жазылып тұрады)

11.Өмірде нені қымбат деп санайсыз?


2 Жүргізуші:

Ұстаздар –ұлттың тірегі, 
Ұстаздар-мектеп жүрегі. 
Ұрпаққа жетер ұстазбен, 
Халықтың ұлы тілегі-деп,кезекті ұстаздар өмірінен сыр шертетін
«Мұғалім мәртебесі» атты видеороликке кезек береміз. 



1 Жүргізуші:

Ұстаз сөзі –күн нұрына пара –пар, 
Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар. 
Ізгілік пен мейірімге толы ол, 
Шуақ болып жүректерге таралар

2 Жүргізуші:

Мектеп -үйім,ұстаздарым ата-анам. 
Сенен ғана,сенен ғана нәр алам. 
Саяң ыстық сен мәңгілік бәйтерек, 
Тамырланып сан тарапқа тараған.-дей келе осында отқан барша аяулы ұстаздарымызды 8 ші наурыз халық аралық қыз келіншектер мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып сыйлықтарымызды табыстауға рұқсат етіңіздер

(Оқушылардың өз мұғалімдеріне сыйлықтарын табыс ету) 


1 Жүргізуші: Келесі кезекте ән 11 б сыныбы Қадір Шолпан «Балалық шаққа саяхат» әнімен қабыл алыңыздар


Жүргізуші: Осымен аяулы және ардагер ұстаздарымызға арналғанашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
1251
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі