400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстазым менің ұстазым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатына арналған ашық ертеңгілік "Ұстазым менің ұстазым" атты концерт. Бастауыш сынып ұстаздарына мерекелік іс-шара өткізуге көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстазым менің, Ұстазым!

Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс  жүргізе  білуге  машықтандыру   және   келешек өмірлерінде әр  нәрсеге  жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен  ұстаздарына  деген  құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай  білуге  тәрбиелеу.


Безендендіру: Шарлар, тақырыптық плакат, гүл, құттықтау плакаты, ұлағатты сөздер.



  1. Жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым, ұстаз,
                        Бүгінгі күн ұстаздардың мерекесі.
                        Құтты болсын мереке баршамызға,
                        Жүріңіздер үнемі сіздер, алда!

  1. Жүргізуші: Құрметті барша ұстаздар қауымы, сіздерді «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймыз.  Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Бастауыш сынып оқушыларының дайындауымен «Ұстазым, менің Ұстазым!» атты концертімізге қош келдіңіздер.

  2. Ведущий 1. Добрый день, уважаемые учителя, учащиеся, гости. Сегодня у нас праздник, профессиональный праздник – День Учителя!

Сегодня мы дарим Вам не только цветы и улыбки. Мы говорим «Спасибо» за Ваш труд, за терпение и умение, которое вы проявляете к каждому из учеников.

В этот день, когда у порога

Задышали уже холода,

Школа празднует день педагога –

Праздник мудрости, знаний, труда.


Құттықтау сөз мектеп төрайымы Уатаева Айкүміс Жалелқызына беріледі.

Ән: хор: «Ардақты ұстазым» әні 3 «б» сынып оқушылары

1 - жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
3 «б» сынып оқушыларның тақпақтары:



  1. Білімнің кәусар бұлағын,
    Жүресің құйып санама
    Біз үшін сенсің, мұғалім,
    Ұстаз да, ғалым, дана да.



  1. Ғұлама, білгіш ғалымнан
    Оқушы жас жалыннан,
    Мархабатты ойшылдан,
    Мал өсірген қойшыдан,
    Жазушыдан, ақыннан
    Ғарышкерден – Батырдан
    Өнері асқан актерден,
    Ырыс қазған шахтерден,
    Мың бұралған бишіден,
    Ой тербеткен күйшіден,
    Оқыған жас-кәріден
    Оқушының бәрінен,
    Ұстаздарға мың сәлем!

  2. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
    Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
    Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
    Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

  3. Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
    Ол болмаса, кім береді парасатты.
    Асылын беріп шәкірт бойларына,
    Ағартқан сол үшін де қара шашты.
    Ұстазға әркім басын ию керек,
    Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
    Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
    Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
    Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
    Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
    Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
    Шәкіртінің биікке шыққандарын.

  4. Шығарған мерей атағың,
    Шәкіртке ұстаз анадай.
    Қызықтар әрбір қадамын,
    Ұстазға шәкірт баладай.

  5. Ұстаз ана - болашақтың анасы,
    ұстаз ана - ақыл-білім панасы,
    жүзіндегі пәк мейіріміді көргенде
    әр шәкірттің оянады санасы

  1. Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
    Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
    Қуанышты жарқын тілек білдіріп
    Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

  2. Әр адамға құрметпенен қараған,
    Өз бойынан мол ізгілік тараған.
    Талап пенен тәртіпті тек ту етіп
    Осы өмірге мұғалім боп жаралған.

  3. Ұстаз – ана, аялайтын барша жан,
    Ұстаз – дана, бас иетін кіл ғалам.
    Ұстаз – ұлы, ғалымдардың анасы,
    Сөнбейтін де, өшпейтін де сол адам.

  4. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
    Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
    Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
    Азбайтұғын адамның алтындығы


1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан - жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.

  1. Жүргізуші: Ән «Ұстазым»


  1. Ведущий.

День учителя! Вслушайтесь сердцем
В эти звуки, что дороги нам
Всем, что связаны с юностью, детством,
Мы обязаны, учителям!


2 «В»-4 «В» частушки


1 Жүргізуші: 4 «а» сынып биін қарсы алыңыздар


  1. Жүргізуші :

Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Хормен: Алғыстарым көп менің
Асыл анам – мектебім!


ӘН «Аяулы әнім мектебім» орындалады


  1. Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

4 «а» сынып көрініс


  1. Ведущий.

Дорогие наши учителя!

Мы обещаем вам учиться

Лишь на четыре и на пять,

Чтоб нами вы могли гордиться,

Чтоб всё уметь и много знать.

Выступление 2 «в» класса танец «Бабушки»


  1. Жүргізуші: Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
    Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
    Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
    Сіздерге тарту етіп ұсынамыз


4 «а» сынып оқушыларының биі


  1. Ведущий. Флэшмоб 2 «в» класс


1– жүргізуші: Күнде той бола бермес дәл осындай,

Күн сайын өркендейміз, өзгереміз,

Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен

Ұстаздарға мың алғыс деп бас иеміз


Хор: «Ұстазым»


1-жүргізуші: Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,

Тілектермен ұлғайсын мерекеміз

Ұстаздарға жолдаймыз аппақ алғыс

Осымен аяқталды концертіміз.

1 – жүргізуші: Осымен «Ұстазым, менің ұстазым » атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Сіздерді тағы да ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
































«Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі Қызылжар ауылының орта мектебі» КММ











Тақырыбы: «Ұстазым менің, Ұстазым!»







Жауапты: 3 «Б» сыныптар

Идрисова А.И.









2017-2018 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
926
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі