Материалдар / Ұстазым менің ұстазым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстазым менің ұстазым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстазды сыйлау керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
1328
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразбаева Гүлсайран Кенжеғазықызы Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады Данышпан да, дана да оқып сенен, Атақ-даңқын асырды бар әлемнен. “Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды, Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең! Жүргізушілер шығып: 1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар! 2-жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың. Ұстазыңды түсінген сен тереңнен, Бар әлемге еңбегімен еленген. Сенің бағың өрге қарай өрлесе, Ол да бірге қуанышқа кенелген. Сол арқылы сен де өмірді жалғадың, Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның. Мақтау алсаң ұстаздардың алдында, Ол өзіңнің орындалған арманың. Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиеті бас иелік мәңгілік! 1- жүрг. Аружан, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Ақырын жүріп анық бас. Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын! II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын! БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын! Ән. ………………………………………………………………………………………………….. 1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Аружан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек. 2-Жүргізуші: Әдемі, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! 1-Жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады, Көңілді күндер тусын алдан әлі Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер, Бүгінгі күн сіздерге арналады. Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (видеоролик) Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен Рахманберді Фарида. 2-жүрг. Күллі өмірін жеткіншекке арнаған Мұғалімді ардақтайды барша жан Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы, Жемісі оның жердің жүзін шарлаған Бала десе ойламайды өз қамын Керсем дейді күнге де кол созғанын Шәкірттерін өзінен де озғанын. 1- жүрг. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар! Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, Күндей боп күлімдеген жарықсыздар. 2-жүрг. Әдемі, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді? 1-жүргізуші: Ал ендеше баста. 2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау», 1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі» 2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр» 1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» 2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» 1-Жүргізуші: Аружан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік. 1-оқушы: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей, Перне басқан оркестрдің үніндей Әр баланың жүрегіне жол тауып, Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей. Әр сабаққа кіресің сен сыйынып, Жыр оқисың нөсер болып құйылып Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің, Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп Жалын атып, от боп, бірге жанасың, Білім беріп, содан бақыт табасың Бар өмірің өрнектеліп баламен, Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың. 2-оқушы: Мұғалімді анамдай жақсы көрем, Қиналамын қымбат теңеу таба алмай Өз баласын тастап кетіп үйіне, Ел баласын оқытады, ой Алла-ай. Мұғалімді жақсы көрем сезімтал, Үлгі етемін өнегелі сөзін бал Мұғалімнің мұғалімін танимын, Көкіректе көретұғын көзім бар. 3-оқушы: Ұстаздарға мың алғыс Алғыстарым көп менің, Асыл анам, мектебім! Үйреткені адалдық, Ұсынғаны адамдық, Текті мінез, даналық Бар ұстазға тілейміз: Бақыт, табыс, амандық! 4-оқушы: Мұғалім-ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың, даналардың Өмірде сенің алар орыныңды Бәрі де жеткізе алмас бағалардың Өткізіп өз алдыңнан талай бала, Бойына құйдың ақыл , ой мен сана Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді, Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға Атағым Алатаудай болып биік, Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп Алдыңда әрқашанда тағзым етіп, Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп. 1 жүргізуші: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға Тарап демде кетеді шаршауың да Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер Тұрғанында солардың қоршауында 2 жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асу да Қанша терің төгіліп жол ашуға Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек, Сен өмірдің ұстазы боласың да! 1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. 2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. (қонақтарды таныстырады) 1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер. 1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма? 2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз? 3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз? Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар. 2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен. 1-жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Айнұр Сәнібекқызын шақырамыз. 2-жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен біз Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз, Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді, Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз. ӨЗБЕК БИІ орындайтын…………………………………………………………………………………. 1- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек. Әзіл – қалжың отауы. ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН. Мұғалімдер кім болуды армандайды? Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені: -Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. -Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады. -Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі. -Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. -Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері. Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады. Неге бармайсың? Баласы шешесіне айтады: - Мен енді мектепке бармаймын! - Неге бармайсың? - Сол … Асанов таспамен оқ атады, Сотқаров оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады… Бармаймын! - Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың қырықтағы адамсың, екіншіден, мектеп директорысың. “Суретші” Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады: - Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым. - Сіз оны айтасыз, – дейді әкесі. -Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым. * * * Мұғалім: - Картадан Ертіс өзенін көрсет. Асан: - ??? Мұғалім: - Картадан Ертіс өзенін көрсет. - Асан: - ??? - Мұғалім: - Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой? Асан: - Мұғалім, картада ағып жатқан өзен көрінбей тұр. ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК Каникул – жылдың ең қысқа күндері. Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям. Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”. Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл. Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут. Спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым. “Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы. 1- Жүргізуші: Әдемі, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді? 1- жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма? 2- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік. 1-Жүргізуші: -ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/. Сұрақтар: 1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/ 2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/ 3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/ 4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/ 5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/ 6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/ 1-Жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз. №1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе? №2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба? №3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе? №4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба? №5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма? Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер. 2-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқашан Ұлағатты сөзін биік ұстаған Ардақты ұстаз асыл анаң секілді Тәрбиелейді балапандай жасыңнан 1-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар, Тұла бойға қуат болып таралар Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп, Айналайын білім берген ұстаздар. 2-жүргізуші: Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар! Ана туралы ән. Орындайтын ………………………………………………………………………….. 1-Жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім- Төгілген арай, шуағым Арманым қонса, қолыма, Арқаң деп сенің ұғамын Мұғалім, ғазиз мұғалім- Сарқылса мәңгі бұлағым Ұланың бүгін тойыңда Арнайды саған бұл әнін. Ән «Ұстазыма» орындайтын …………………………………………………………… 2- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам. Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін, Ұстаздың алып жүрген атын еркін Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз, Жүректің алғысы мен рақметін. Оқитын ………………………………………………………………………………………….. 1-Жүргізуші: Аружан, Мен саған жұмбақ жасырайын, табасың ба? 2-Жүргізуші: Жасырып көр 1-Жүргізуші: Бір сандық бар өзгеше, Қасыңа алып жүресің. Ішін ашып ақтарсаң Өмір сынын білесің. Ол не? /Кітап./ 2-Жүргізуші: мм, (сәл ойланады) иә, бұл, меніңше, кітап қой 1-Жүргізуші: Иә, дұрыс таптың. Ендеше сен кітап туралы не білесің? 2-Жүргізуші: Кітап-біздің ақылшы досымыз, барлық білім, ғылым кітапта. Оны неге сұрадың? 1-Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Кітап туралы сұрауымның себебі, біздің арамызда сол кітапқа немқұрайды қарап, таза ұстамайтын оқушыларымыз да бар екен. 2-Жүргізуші: Ендеше сондай балалардың қолына түскен кітаптардың мұңын тыңдап көрелік. Көрініс. Кітаптар мұңы Автор:/Мектептің отын қоймасы. Бір құшақ кітапты әкеліп тастай салды. Есік жақтағы бір кітап басын көтеріп қарап қояды. Ыңырсыған дауыстар/. 1.Қазақ әдебиеті:-Ей, /жанындағысын түртіп/ тұрсаңшы, қайда келдік? 2.Дүние жүзі тарихы: -Ойбай, басым! Мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресін шығарып, желмен ұшырып жібергені жақсы еді. 1.Қазақ әдебиеті: -Не болды? Жалғыз сенің басыңа келген қасірет қой дейсің бе? Көтер басыңды. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой. 2.Дүние жүзі тарихы: -Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп қанша қызмет етті, баспа қызметкерлері әр әрпімді жекелей теріп көз майын тауысты. Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниеті еді ғой бәрінікі. 3.Табиғаттану: -Иә, достар, менің де күнім сендердікіндей. Мен де қолымнан келгенше бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа, өз жерінің табиғатын тануға тәрбиелеуге тырыстым, бірақ Адырбай деген бала мені әбден шимайлап, жыртып, қорлады. 1.Қазақ әдебиеті: -Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптестерім. Енді мұңдас болдық. Мен де Сотқарбай деген баланың қолына түстім. Әдепкіде оқулық болып, мектеп босағасын аттағаныма қуанып едім. Оным көпке бармады. Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып, сызып тастады. 2.Дүние жүзі тарихы: /асығып, тұтығып/ -Әуелі көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерімді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті. 1.Қазақ әдебиеті: -Әріптестер, ең құрығанда кіші сынып оқушыларына неге жоғары сынып оқушылары айтып қоймайды екен?! Олар да кінәлі-ау! 4.Математика: -Дұрыс айтасыңдар! Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда, 10-сыныпта оқитын ағасы қой демеді-ау! 1.Қазақ әдебиеті: -Бірақ әр оқушы өз дүниесіне ұқыпты болу керек қой. Ондай ұқыпты балалар да жоқ емес. Бірақ олар Адырбай мен Сотқарбайларға ақыл айта алмай келеді. 2.Дүние жүзі тарихы: -Иә, иә, сен дұрыс айтасың. Менің өзім сияқты құрдасым болды. Ол екеуміз мектеп кітапханасынан бірге шықтық. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас, шіркін! Кітабына кір жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайтармайды, арасына қағаз салып қояды, сызбайды, сия тамызбайды. Оның кітабы су жаңа күйінде шықты. 3.Табиғаттану: -Енді бізді не істер екен? Әлде отқа тамыздық етер ме екен. (Бәрі селк ете түсті. Бір сәтке үндері шықпай, іштен тынды.) 1.Қазақ әдебиеті: -Қой, мүмкін бір кәдеге жаратар. Қайтадан түптер. 4.Математика: /кекетіп/ -Түптер. Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз. 2.Дүние жүзі тарихы: /басу айтып/ -Әріптестер, мен тарихты білсем, бізді фабрикада қайта жуып, тазартып, сиямыздан, бояуымыздан арылтып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Баспахана қайтадан кітап етіп шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек екен деп тілейік. Бәрі: -Иә, иә, соны айтсаңшы. Ылайым солай болсын. Бізді аялап ұстаса ғой. /Бәрі үміттеніп кетеді/. 1-Жүргізуші: -Иә, балалар, кітаптардың мұңы, шынында да адам аярлықтай екен. Олай болса, кітапты күтіп ұстау – бәріміздің міндетіміз. Кітап біздің ақыл-ойымызды өсіреді, ғылым мен техниканың жаңалықтарымен таныстырады, өмірде не болып жатқанынан хабардар етеді. Білім бастауы болған кітапты ұқыпты ұстау, оны жан досыңдай қадірлеуге әрқайсысың міндеттісіңдер. Кітап адамға қандай кезде де ақылшы, дос бола алады. 2-ЖҮРГІЗУШІ: Мерекемізді жалғастырайық. Ендігі кезекті қазақтың мақал-мәтеліне берсек. Бұл біздің мектебіміздің оқушыларына арналады. Сенің сүйікті мақалың қандай? 1-ЖҮРГІЗУШІ: Менің ең сүйікті мақалым: Оқу-күрекпен құдық қазғандай / инемен Мен шамасы дұрыс айтпадым-ау деймін. әріптер де, сөздер де бытырап, біртүрлі шашырап кетті ме, қалай? Ендеше мен сендерді көмекке шақырайын, менің айтқан мақал-мәтелдерімді түзетуге көмектесіңдер. 1. Қына басқа бітеді / тасқа Білім шашқабітеді /басқа 2. Біліп тұрсаң да, сұрама / сұрап ал 3. Аз біл, көп сөйле /Көп біл, аз сөйле 4. Көрмес – шошқаны да көрмес /түйені 5. Өнер алды – ұзын тіл /қызыл тіл 6. Жығылып жатып, жығылғанға күлме /сүрінгенге 2 - Жүргізуші: Қадіріңді кезінде Білмепті ғой ұланың. Қазір әрбір сөзіңе, Елеңдейді құлағым. Бірдей етіп ұстадың. Демей бізге бөтенсің. Кейде акылын ұстаздың, Сағынады екенсің. Сол ұстазға жаны нұр, Демек үлкен адаммын. Есейсек де бәрі бір, Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз. 1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. /Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/zhospar/scenarii/1348-teacher.html
© www.ZHARAR.com



ңа оқу жылы ұстаздар қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлық қызмет иелері мұғалімдеріміздің кәсіби мерекесі. Мереке қарсаңында еліміздегі әрбір мектептер мен оқу орындарында іс-шаралар өтіп, шәкірттері ардақты ұстаздарын құттықтап жатады. Біздің сайт ұжымы сіздерге Мұғалімдер күніне арналған мерекелік кеш сценарийін ұсынады. 

Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)
М — мейірімді
Ұ — ұлағатты
Ғ — ғазиз
А — ақылшы
Л — лайықты
І — іскер
М — маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)
1 — оқушы:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
2 — оқушы:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
3 — оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
4 — оқушы:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
5 — оқушы:
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
6 — оқушы:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
7 — оқушы:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!
1 — жүргізуші:
Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған оқушылар!
2 — жүргізуші:
Қымбат, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
1 — жүргізуші:
Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!
2 — жүргізуші:
Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің дана көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз. Құрметті ұстаздар!
1 — жүргізуші:
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтау үшін сахна төріне мектеп басшысыДәмелі Қойбаққызын шақырамыз!
2 — жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!
Ән «Алтын ұя мектебім» 
1 — жүргізуші: Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.
2 — жүргізуші: Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін

«Ұстазым» әні 

1 — жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол — ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер. 1 — қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма? 2 — қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз? 3 — қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.

2 — жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Әй ақымықтық деймін, біз осы асыл жандардың қадірін түсінбей жататын кездерімізде болады. Олай болса, осы тақырып аясында дайындалған музыкалық қойылымымызды бірге тамашалайық!
Музыкалық қойылым
1 — жүргізуші:
“Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген Бауыржан Момышұлы.
Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік достар! 2 — жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға Кәсіп одақ ұйымының төрағасы Маржангүл Сағиданқызын шақырамыз.
1 — жүргізуші: Тәтті әуен бағаланса, балдан нәрі, Өнердің асулары алда әлі. Өнерге іңкәр етіп қояр жанды
Ән «Мектебім» 
2 — жүргізуші:
Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстазжайлыайтылар сыр да, жыр да көп. Ұстазсенімінақтау — адамгершіліктіңбелгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылықкерекекен.
(баяу музыка ойнап тұрады)
1 — жүргізуші: Қымбат, мен саған жұмбақ жасырайын? Шешіп көрші
2 — жүргізуші: Жарайды жасырып көр, кәне
1 — жүргізуші: Жылдың ең қысқа күндері.
2 — жүргізуші: Каникул
1 — жүргізуші: Оқушылардың үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиясы
2 — жүргізуші: Күнделік.
1 — жүргізуші: Бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
2 — жүргізуші: Дос
1 — жүргізуші: Үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
2 — жүргізуші: Сабақ
1 — жүргізуші: Әжеме айтатын басты сылтауым.
2 — жүргізуші: Спорт секциясы
1 — жүргізуші: Қыздардың негізгі қаруы.
2 — жүргізуші:“Апайға айтам”
2 — жүргізуші: Әрине бұның бәрі әзіл.
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
«Жылқышы» биі 1-класс бүлдіршіндерінің орындауында.
1 — жүргізуші:
Мұғалімнен өнеге — білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез — келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Ұстаз «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»,…..
2 — жүргізуші:
Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Құрметті ұстаздар сіздердітағы бір мәрте мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Келесі әсем ән сіздерге арналмақ, қабыл алыңыздар!
 «Ұстазым» әні 
1 — жүргізуші:
Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
2 — жүргізуші:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Екеуі хормен:
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
8. Хор. «Ұстазым»(Көңілді әуен, сахнаға барлық оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді)
1 — жүргізуші: Аса құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз. Білім шаңырағы — алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір — түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін! Келесі кездескенше сау — саламатта болайық.

1.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұстаз аты-биік,әрі мәңгілік»
Тәрбие сағатының мақсаты:
 Ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып,ардагер ұстаздарға қошемет көрсету, ұстазды сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы байланысты нығайту.
Сабақтың түрі: әдеби- музыкалық бағдарлама 
Әдіс-тәсілі: мәнерлеп тақпақ айту, ұстаздар жайлы әндер,билер орындау,топпен жұмыс 
Ресурстар: Ұстаздар туралы жазылған нақылсөздер,шарлар,қабырға газеті «Менің алғашқы ұстазым» және слайдтар.

1.Ұйымдастыру кезеңі 
Мұғалім сөзі: 
Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріміз – «Ұстаздар» күні де келіп жетті. Бүгін сол дәстүрлі мерекеге орай 2 «А» сыныбының оқушылары барлықтарыңызды шын жүректен құттықтау тілегімен, бәріңізге жақсы мерекелік көңіл- күй сыйламақ ниетпен өз өнерлерін көрсетпек. ( музыкамен сырттан кіріп тұрады,қолдарында 
«Құттықтаймыз!» деген жазу ) 
Слайд№1 
2.Негізгі бөлім
1-жүргізші: 
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бүгін біз мұғалімдер мерекесіне жиналып отырмыз. 
2-жүргізуші
Осынау ерекше есте қалатын жаңа оқу жылында қадірлі ұстаздар сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт,отбасыларыңызға береке,шығармашылық табыстар тілейміз. 
1-жүргізуші: 
Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер! 
1-2-жүргізуші бірге: 
Құрметіне ұстаздардың тік тұрайық 
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық 
Аяулы ұстаздардың мерекесін 
Барлығымыз қуанып қарсы алайық
!  Барлығы бірге «Мұғалім-ол біздің» әнін айтады.
2- жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. 1-жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері,

2.

мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. Бастауышта сабақ берген: Күлімхан, Қалиша,Гүлсімхан апайларымызға бір қошемет көрсетіп қояйық. (қонақтарды таныстырады) 
2-жүргізуші: 
Халқымыздың батыр ұлы Б.Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет,себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді» деп бекер айтпаған. 
1-жүргізуші:  
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі –мұғалім. 
Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтар тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан екенін баршамыз мойындаймыз. Енді кезекті тақпақтар мен әндерімізге берсек.
1. Ерасыл
Ұстаздарым, биік тұлға байсалды, 
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. 
Қуанышты жарқын тілек білдіріп 
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршанды. 
2.Сұлтан
Үйретіп өмір ұстамын, 
Үлгілі іске нұсқадың 
Ақ көңіл іскер қашанда 
Ақылшым менің –ұстазым 
3.Айзере
Көзімдегі шырағым 
Ол – өзіңсің мұғалім 
Сенен жиған білім-нәр 
Нәрсені мол ұғамын. 
Зәулім де асқақ шынарым 
Жүрек жылы жыр-әнім. 
Ән: «Ұстазым» /Бейбарыс/ 

4. Жансая
Тек биіктер шығарым 
Ақылшы бек мұғалім 
Жаныма серік еткенмін 
Білімнің қайнар бұлағын. 
Кеңейтіп сана түлеткен, 
Өшер ме есімің жүректен? 



3.

5.Елнұр
Құйылады жыр ағын 
Көптен дара пырағым .
Құтты болсын мерекең 
Заңғар тұлға мұғалім! 
2-жүргізуші Мұғалім – барша мамандықтың көш бастаушысы,мәртебелі мамандық. Мұғалім,ұстаз сөзіне талдау жасап көрелік!

Топпен жұмыс
М мейірімді  
Ұ- ұлағатты   
Ғ- ғазиз 
А- ақылды 
Л- лайықты  
І- іскер 
М- маман

Ұ – ұлы
С – сабырлы
Т – тапқыр А – ардақты З –  зиялы 2-жүргізуші 
Інжудің орындауында «Қамажай» биі

6. Мейір
Білімнің кәусәр бұлағын, 
Жүресің құйып санама, 
Біз үшін сенсің-мұғалім, 
Ұстаз да,ғалым дана да. 
7.Айғаным
Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың 
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын 
Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан, 
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын. 
8.Айдана 
Шәкірттерін азамат қып саналы 
Ұстаз-ана , дана бола алады 
Ең бастысы ұстаз мына өмірде 
Ұлағат боп, ұлылық боп қалады 



4.

9.Мирас А
Ұлы өмірге жетелеп, 
Ашқан білім есігін. 
Құрметтеік мәпелеп, 
Ұстаздардың есімін. 
10.Ерболат
Мұғалім,ғазиз мұғалім, 
Сарқылмас мәңгі бұлағым 
Ұланың бүгін тойыңда, 
Арнайды саған бұл әнін. 
1-жүргізуші

Бейнекөріністі тамашалаңыздар! (Ұстаз қалай пайда болды)

2 слайд  
2-жүргізуші Ұлдардың орындауында «Кірпілер»биі  
11.Бейбарыс
Әр адамға құрметпенен қараған 
Өз бойынан мол ізгілік тараған. 
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп, 
Осы өмірге мұғалім боп жаралған. 
1-жүргізуші 
Ұстазым екінші анам аялаған, 
Біздерден бар білімін аямаған, 
Оқысын,білім алсын,үйренсін деп, 
Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.

2-жүргізуші: Ендігі кезекті мұғалімдерге арналған қызықты сұрақтарымызды қоя бастаймыз. Сұрақтар: 1.Кімнің шашына жаңбыр жауғанда су тимейді? /Тақырбас/ 2. «Алакөлге» ақ орамал салса не болады? /Су/ 3. Адам аттан неге құлайды? /жерге/ 4.Патша қайтыс болғаннан соң оның ұлы не болады? /жетім/ 5. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? /Мұз/ 6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/ 7. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар.Бірінші нені жағасыз? /шырпы/ 8.Мотоциклші ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл көлікті және бір КаМазды кездестірді.Ауылға неше көлік бара жатыр? /Бір ғана мотоцикл/ 9.Адам тамақ пісірерде қазанға бірінші не салады?/көз/ 5. 10.Бір күні кемпір бауырсақ пісіріп терезе алдына суытуға қояды.Біраздан кейін келіп қараса бауырсақ қашпапты.Кемпір қандай амал қолданған? /төртбұрыш/

1-Жүргізуші:

Хор: «Болайықшы осындай»
12.Элиф
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, 
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. 
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, 
Өздеріңнен бастау алар бар арман. 

13.Інжу
Жанымды менің жайнатып, 
Баураған өзің- мұғалім. 
Өзіңмен бірге таң атып, 
Өзіңмен бірге шығар күн 

14.Нәсіл
Сабақтан еш қалмаймыз, 
Сонда гүлдей жайнаймыз. 
Ұстаздардан үйреніп, 
Биіктерге самғаймыз. 
15.Шапағат
Білімін құйған санама, 
Ұқсайтын асыл анама. 
Мектептегі бар ұстаз, 
Лайық ең зор бағаға 
2-Жүргізуші : Ән «Тұлпарым» орындайтын ұлдар

1-Жүргізуші:

3 слайдты көріп тынығып алайық.

16. Айсұлтан Ұстаз деген бір тұлға, 
Ең қадірлі мамандық. 
Мұғалімге, ұстазға 
Біз тілейміз амандық. 

17.Еркежан 
Ұстаздар - ұлттың тірегі, 
Ұстаздар - мектеп жүрегі 
Ұрпаққа жетер ұстазбен, 
Халықтың ұлы тілегі.

6.

18. Иляс Мұғалім! Бұл адамның  ардақты  аты ,
Білімдік бар биікке  шығар  саты
 Ең  алғаш  басталады осы  адамнан,
 Сүйеді  сондықтан да  жақын  жатты

2-жүргізуші Қыздардың орындауында «Жаңбыр» биі

19.Муқали
Күніміздей жарқылдап
Қызық өтіп сабағы
Өсіреді ой- сананы ,
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді. 
20.Мирас

Балалардың бағы болып басты әні Ұстаз елді болашаққа бастады Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны, Ашық болсын туған елдің аспаны.

21.Жанерке

Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,
Арайлап ата берсін таң күліп.
 Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып, 
Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік 
22.Мадина

Әр жүйенің еңбекте   тірегісің,
   Тәрбиенің мектепте жүрегісің.
   Жасыл баққа сән берген бағбандай-ақ 
   Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.

23.Ақзере

Ұстаз  мейірі  мен  ана  мейірімі  егіз  Ұстазы  бейілді  болса,  
Шәкірті  зейінді  келеді
Өмірдің  діңгегі—ұлы ұстаз





7.

24.Инабат

Мынау менің сезгенім 
Ол—сыныптың анасы
Өзінің де,өзгенің
Баласы—оның баласы
 1-жүргізуші

Балалардың орындауында: «Ақылшы мұғалім» әні

Екеуі хормен: 
Қара сөздің дауылы, 
Құрмет еткен ауылы 
Сыйымызға риза бол, 
Мұғалімдер қауымы! 

III қорыту.

1 слайд(2) әнмен

Мұғалім: 
Қорытынды: 
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, 
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 
Азбайтұғын адамның алтындығы. 
Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың 
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын 
Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан, 
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын
Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! 
Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған
«Ұстаз аты-биік,әрі мәңгілік»
атты сабағымыз аяқталды. 

Тақырыбы: «Ұстаз – ұлы есім»
Мақсаты: Оқушыларды ұстаздарды, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.

Жүрісі: 
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Би: Ұлытау

Орындайтын:



1-жүргізуші:

- Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ата- аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында 4 сыныптар арасында өткелі отырған «Ұстаз – ұлы есім» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!



2-жүргізуші:
- Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы.



1-жүргізуші:

Ия, бүгін сол, мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. 



2-жүргізуші:

Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас, 
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы...



БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!





1-жүргізуші:

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы, 
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

2- жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, 
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

 1- жүргізуші:
Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берейік.
 
1-оқушы: 
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей, 
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып, 
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
2-оқушы
Жалын атып, от боп, бірге жанасың, 
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен, 
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың 
3-оқушы: 
Мұғалімді анамдай жақсы көрем, 
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне, 
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
4-оқушы:
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал, 
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын, 
Көкіректе көретұғын көзім бар 

5-оқушы: 
Мұғалім-ұстазысың балалардың, 
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

6-оқушы:
Өткізіп өз алдыңнан талай бала, 
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді, 
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға 
7-оқушы
Атағым Алатаудай болып биік, 
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп, 
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.


2-жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз, 
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді, 
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз. 
Ән: «Ұстазым» Орындайтын:

1-жүргізуші:
   Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
2- жүргізуші:
-    Ия, расымен де, солай ғой. Ал ендеше осындай жүректі де сабырлы жандармен сыр-сұхбат жасасақ қайтеді, достар? - Әрине жасайық.
-  Мына гүлдерді алуларыңызды сұраймыз. Кімнің гүлінің ішінде «Сыр – сұхбат» деп жазылған сол ұстазды ортаға шақырамыз.
«Сыр – сұхбат» сұрақтары:
1. Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
2. Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте  қандай өзгерістерді байқайсыз?
3. «Ұстаз - мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
4. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
5. Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма? Болса сол туралы есіңізде ме?
6. Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?
7. Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?
8. Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.
9. Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?
10. Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?
Жүргізуші:
-    Көп рахмет сізге, біздің көкейіміздегі сұрақтарға жауап бергеніңізге ризамыз. Олай болса, осы сыр-сұхбаттан қандай әсер алдыңыз, соны мына "смайликтер" арқылы көрсетіп, қайталап берсеңіз дейміз. Және бір өтініш, сізге ұнаған сұрақты қойған оқушыға мына сыйлықты қолтаңбаңызбен табыс етсеңіз дейміз.
(қонақ берілген сыйлыққа өз қолтаңбасын қойып, оқушыға табыс етеді)

Ән: Бала тілегі

Орындайтын: Куваныш Даурен



1- жүргізуші:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
2- жүргізуші:
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар, 
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп, 
Айналайын білім берген ұстаздар- деп оқушылар құттықтауына кезек берейік. 

8-оқушы
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында  
9-оқушы
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек, 
Сен өмірдің ұстазы боласың да! 
10-оқушы: 
Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен, 
Сен ұялдың кір болса менің жейдем. 
Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп, 
Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең 
 
11-оқушы: 
Алғаш рет оятқансың санамды, 
Алғаш рет ұстатқансың қаламды. 
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін 
Түсіндірген жақсы менен жаманды. 
12-оқушы: 
Ұстаз бізді білім беріп өсірген 
Қатемізді әрқашанда кешірген 
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым 
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.  

13-оқушы: 
Анамдайсыз, менің асыл ұстазым, 
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың 
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап, 
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.

Күй: Ерке сылқым

Орындайтын:



1-  жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма, 
Арқаң деп сенің ұғамын 
2- жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін. 


Ән: «Ұстазым» 

Орындайтын: Хор



Оқушылар кезектесіп айтады:

М -мейірімді, Ұ- ұлағатты, Ғ-ғазиз, А-ақылды, Л- лайықты, І-іскер, М- маман Бұл кім, балалар? Әрине - МҰҒАЛІМ



Жүргізуші:

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы есім» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Мұғалім:  Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар бүгін біздің мектепте үлкен мереке. Сынып оқушылары мектеп ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтағалы отыр. Бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар Сіздерге бүкіл әлем баласы бас иеді.
 

1- Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар! қош келдіңіздер! Ұстаздаымызды  кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

Ғұлама, білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан
Мархабатты ойшылдан
Мал өсірген қойшыдан
Жазушыдан, ақыннан,
Космонавтан, батырдан,
Өнері тасқан артистен,
Ырыс қазған шахтерден,
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден
Сіздерге бүгін мың алғыс – дей келе құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Кушекова Шолпан Ықсан қызына береміз.

 

1-Жүргізуші:  рахмет!

 

 

Мұғалім: Құрметті қонақтар байқауымызды бастамас бұрын айта кетейін

Мектепте ұстаздар мерекесіне орай оқушылар арасында 7 номинация бойынша сауалнама жүргізілді. Бұл сауалнаманың қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер.

  1. Ең белсенді ұстаз – Жұмағалиева Рима
    2. Ең сұлу ұстаз – Молдашева Салтанат
    3. Ең білімді ұстаз – Бримбетова Мадина
    4. Ең қамқор ұстаз – Аденова Гауһар
    5. Ең ардақты ұстаз – Жалмағанбетова Гүлнар
    6. Ең мейірімді ұстаз – Рахматуллина Дәметкен
    7. Ең сүйікті ұстаз – Жұмағалиева Ақмарал

2-жүгізуші:

Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол — ұстаздар деп білемін.
Оқушыға мейірі мол анадай,
Ол қуанса, қуанады баладай.
Түсе қалса, қабағы мен қасы егер,
Жұбатады жылы сөйлеп аялай.
Үйретеді жалықпастан өнеге,
Отырығызып білім атты кемеге.
Теңіздейін тереңіне бойлатып,
«Маржан» терсе, көтереді төбеге.
Өрелі боп өссе ұлы-қыз бағына,
Асып — тасып мерейленіп тағы да
-Міне, менің шәкірттерім осындай,-
деп, өткенін еске сағына.
Жақсы шәкірт — жақсы ұстаздың жалғасы,
Өзендердей ортаймайтын арнасы.
Ұлт ұстазы, ұлағатты келіскен,
Ар-білімін ұрпағыңа арнашы!

 

Ұстаздарымызға 9 – сынып атынан өлең жолдарымен шағын ғана сыйлығымызды  ұсынамыз. Қабыл алыңыздар !

  • Жүргізуші:Ұстаздар мерекесіне орай бүгін жас мамандарымызды да сыннан өткізгелі тұрмыз.

 

Қатысатын жас маман апайлар:

2-Жүгізуші:

  1. Молдашева Салтанат апай

1-жүгізуші:

  1. Жылқыбай Гүлмайда апай

2-жүгізуші:

  1. Бримбетова Хадиша апай

1-жүгізуші:

  1. Қасымова Аяна апай

2-жүгізуші:

  1. Кузаков Алтынбек ағай

 

Төмендегі шарттар бойынша өнер көрсетеді:

 

Байқау шарты:

  1. Менің бейнем (өзін-өзі таныстырады, жүріс-тұрысы бағаланады, презентация, әр түрлі жанрды қолдануға болады)

  2. Менің ұстазым (өз ұстаздары туралы сыр шертеді, шығарманың мазмұнын ашады)

  3. Өз өнері (қандай өнері бар. Ән, күй, би, қол өнері т.б.)

  4. Менің тілім (Толғау, жыр, поэма, дастандардан үзінді оқу (жазбаша түрде қазылар алқасына ұсынады))

  5. Білімдіге бес сауал (5 сұрақ қойылады)

  6. Ұстаз асханасы (аспаздық өнерлерін көрсетеді)

  7. Ыстық тілек (жас мамандар бір-біріне ақ тілектерін айтып, сыйлықтарын ұсынады)

Байқаудың әр шарты  өз кезегінде  түсіндіріліп отырады.

 

 

  • Жүргізуші: Ұстаздарға әділ баға беретін әділқазы мүшелерімен таныстырайық.

 

Мектеп директоры : Кушекова Ш.И

Оқу ісінің орынбасары: Жұмағалиева Р.А

Тәрбие ісінің орынбасары: Бримбетова М.Т

 

 

1-   Жүргізуші:   Ал енді, бүгінгі байқауымызға  қатысатын жас ұстаздарымызды қарсы алайық.

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші

Ұстазы деп мектептің  жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал ұстаздарға тек сәттілік тілейікші!

 

2-Жүргізуші:

Өнер қуып ұстаздар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен ұстаздар кезектесіп,

Таныстырып  өздерін өтер деймін.

Таныстырсын өздерін,

Тамылжытып сөздерін — кезек ұстаздада

 

 

1-ші шартымыз «Менің бейнем»       

Ән салуға жалықпайды

Шаршамайды,  сірә бір

ұстазымыздың  сан өнері бар,

Сырын терең  ұға біл.

 

1 – ші жас  маманымыз  Молдашева Салтанат апайды шақырамыз

 

2-Жүргізуші:                    Ұстазын анасындай құрметтеген

Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.

Гүлмайда апай  ұстазының  айнасы ғой

Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген

2– ші  жас маманымыз    Жылқыбай Гүлмайда апайды шақырамыз

 

                                        Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ,  торсық шеке, томпақ бет,

Хадиша апайдай ер жүрек  табылмас

3– ші  жас маманымыз    Бримбетова Хадиша апайды шақырамыз

 

1-Жүргізуші:                 Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ,  бота көзді, сұлу апай,

Аянадай ер жүрек апай табылмас

4– ші  жас маманымыз   Қасымова Аяна апайды шақырамыз

 

                                     Сыпайы  оның  мінезі,

Күліп жүрер ақырын

Байқауға бүгін кеп қапты

Жүрек жұтқан бұл ағай

5 – ші  жас маманымыз   Кузаков Алтынбек ағайды шақырамыз

 

2- Жүргізуші  

                             Әділқазы бағаларын береді.

 

Ән:                              Орындайтын: Жақсылық Ақторғын

 

2-ші шартымыз:  Менің ұстазым (өз ұстаздары туралы сыр шертеді, шығарманың мазмұнын ашады)

  1. Молдашева Салтанат апай

  2. Жылқыбай Гүлмайда апай

  3. Бримбетова Хадиша апай

  4. Қасымова Аяна апай

  5. Кузаков Алтынбек ағай

 

                             Әділқазы бағаларын береді.

 

Би:                       Орындайтын:

 

3-ші шартымыз:  Өз өнері (қандай өнері бар. Ән, күй, би, қол өнері т.б.)

Мен жаспын деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап тұрар бойында.  

  1. Молдашева Салтанат апай

  2. Жылқыбай Гүлмайда апай

  3. Бримбетова Хадиша апай

  4. Қасымова Аяна апай

  5. Кузаков Алтынбек ағай

             Әділқазы бағаларын береді.

Пародия  9сынып оқушыларын шақырамыз.

 

1- Жүргізуші:  

4-ші шартымыз:  Менің тілім (Толғау, жыр, поэма, дастандардан үзінді оқу (жазбаша түрде қазылар алқасына ұсынады))

  1. Молдашева Салтанат апай

  2. Жылқыбай Гүлмайда апай

  3. Бримбетова Хадиша апай

  4. Қасымова Аяна апай

  5. Кузаков Алтынбек ағай

 

       Әділқазы бағаларын береді.

 

Би: Өзбек биі   Орындайтын:  Жалмұханова Луиза

 

2-Жүргізуші:

5-ші шартымыз: Білімдіге бес сауал (5 сұрақ қойылады)

  1. Молдашева Салтанат апай

  2. Жылқыбай Гүлмайда апай

  3. Бримбетова Хадиша апай

  4. Қасымова Аяна апай

  5. Кузаков Алтынбек ағай

 

 

 

1

  1. Әпкеңнің қызы саған кім?

  2. Үш арсызды ата

3.Қыз  ұзату деген не?

  1. Аға әдепті болса, іні әдепті………………(апа әдепті болса, сіңлі әдепті)

  2. Қандай құс бейбітшілік белгісі, хат тасушысы атанған?

Б) көгершін *

 

2

  1. Немере кім ?

2.Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы, қазақ хрестоматиясын жазған.

3.Ата тұрып ұл сөйлесе ер жеткені болар,

(Ата тұрып қыз сөйлесе бой жеткені болар).

  1. Жердің ауа қабаты ( Атмосфера * )

5.Сүйінші деген не?

 

3

 

  1. Шөбере кім?

  2. Конституция күні  30 тамыз*

3.Қыз өссе елдің елдің көркі….(гүл өссе жердің көркі)

4.Ат қою деген не?

  1. Ит жейде деген не?

 

 

4

  1. Бөле кім?

  2. 1-10 арасында қанша жұп сан бар? 5  *

3.Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, …(Ұлы атадан үйренбей сапар                шекпес)

  1. Келі деген не?

  2. Сыбаға деген не?

 

5

 

  • Нағашың кім

  1. Әке көрген оқ жонар, …..(Шеше көрген тон пішер)

3.Исания астанасы?

4.Аластау деген не?

  1. 5Жеті ғаламды ата?

 

1- Жүргізуші:  

 

                            Әділқазы бағаларын береді.

 

Орындайтын: КВН 9-сынып оқушылары

 

2-Жүргізуші:

 

6-шы шартымыз: Ұстаз асханасы (аспаздық өнерлерін көрсетеді)

 

  1. Молдашева Салтанат апай

  2. Жылқыбай Гүлмайда апай

  3. Бримбетова Хадиша апай

  4. Қасымова Аяна апай

  5. Кузаков Алтынбек ағай

 

                      Әділқазы бағаларын береді.

Пародия  Орындайтын:  8-сынып оқушылары

 

1- Жүргізуші:  

 

7-ші шартымыз: Ыстық тілек  (жас мамандар бір-біріне ақ тілектерін айтып, сыйлықтарын ұсынады)

  1. Молдашева Салтанат апай

  2. Жылқыбай Гүлмайда апай

  3. Бримбетова Хадиша апай

  4. Қасымова Аяна апай

  5. Кузаков Алтынбек ағай

 

Би: Испандық  Орындайтын: Айсана мен Раушан

 

1-Жүргізуші:  Әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікірлерін білдіріп, ұстаздарымыздың  жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.

Берілетін атақтар:

  1. «Жас маман — 2013»

  2. Білімді жас маман

  3. Тапқыр жас маман

  4. Өнерлі жас маман

  5. Ақылды жас маман

Ән: « Қазақ жастары» Орындайтын: Ғасыр мен Мэлсбек



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!