Тәрбие сағатының
тақырыбы:
Ұстазым, менің
ұстазым!
Мақсаты: Ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу -
инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға
түсіндіру.Ұстаздарды құрметтеуге тәрбиелеу
Барысы:
1- жүрг. Ұстаз туралы өлең
оқылады
Данышпан да, дана да оқып
сенен,
Атақ-даңқын асырды бар
әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл
жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы
өлең!
Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер,
Құрметті де аяулы ұстаздар!
2-жүрг. Ұстаз деген – жарық күні
ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол
адамның.
Бүкіл әлем мойындайды
еңбегін,
Сен
де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен
тереңнен,
Бар
әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай
өрлесе,
Ол
да бірге қуанышқа кенелген.
Ұстаз деген – ұлылардың
ұлысы,
Қасиеті бас иелік
мәңгілік!
1-
жүрг. Гүлмаржан, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар
қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз
есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
2-жүрг. Ақырын жүріп анық
бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай,
шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз
құтты болсын!
1-жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп
болсын!
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты
болсын!
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы
ұстаздар, қабыл алыңыздар!
Алдарыңызда «Ұстазым» әнімен
Жансұлу.
1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Ақнұр? Менің
ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі
ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген
адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын
ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз
ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса
керек.
2-Жүргізуші: мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін
мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің
ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн
шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
–
деп
ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі
маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине,
ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей,
қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес
пе?!
1- жүрг. Ұстаздар! Қандай ғажап
халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік
алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр
сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген
жарықсыздар.
2-жүрг. Әдемі, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер
айтып жарысып көрсек қайтеді?
1-жүргізуші: Ал ендеше
баста.
2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің
бақытын аялау»,
1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт
өседі»
2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат
таныр»
1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей
сыйла»
2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы
жақсы»
1
жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара
жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала
отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат
етіңіздер.
1 қонаққа
сұрақ:
Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы
мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды
ма?
2 қонаққа
сұрақ:
«Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті
таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп
ойлайсыз?
3 қонаққа
сұрақ:
Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді
байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.
Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл
алыңыздар.
Би қазақша. Ортада биші
қыздарымыз
1-Жүргізуші: Ғылым
иесі ғалым да, ел қорғаған батыр
да, тілінен бал тамған ақын
да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы
да, егін салған диқан
да, мал бағып терін төккен шопан
да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер
де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған,
сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен
бас иеді.