Материалдар / "Ұстазым менің ұстазым" апталық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұстазым менің ұстазым" апталық

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар күніне арналған апталық жоспары мен анықтамасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2020
1571
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ұстазға тағзым»

Ұстаздар мерекесіне арналған апталық жоспар.



Мақсаты:



Оқушыларды өнер, әдептілік, адамгершілікке тәрбиелеп жүрген ұстаздарға деген құрметтін арттыру, ұстаз мамандығын құрметтеу, дәріптеу, оқушы мен ұстаз арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жағымды

қарым – қатынас орнату.

Жас жеткіншекті ұстаздарды құрметтеуге, еңбек жолын бағалауға үлгі өнеге алуға тәрбиелеу.






Күтілетін нәтиже:



  • Оқушылар өздерін әдептілікке, адамгершілікке тәрбилеп жүрген, жол көрсетуші ұстаздарына құрметпен қарайды;



  • Ұстаз мамандығын дәріптеп, бағалауға үйренеді;



  • Ұстаздар мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жақсы қарым – қатынас орнатады;





  • Өздерін білім нәрімен, тәрбиенің тәлімі мен тағлымын бойларына сусындатып жүрген ұстаздарына сыйластығы артады;




Міндеттері:



  • Оқушыларды ұстаз мамандығының қыр- сырымен таныстыру;



  • Жас ұрпақты ұстаздардың еңбек жолы туралы тың ақпаратпен хабардандыру;





  • Ұстаздардың еңбек жолын бағалауға, үлгі өнеге алуға үйрету;





Қатысушы сыныптар: 9-11

Жауапты: Тәлімгер М.Айтбекова.

«Ұстазым үлгі – өнеге ұлағатым» тақырыбында ақпараттық тақта апта бойы жұмыс жасады. Ақпараттық тақтада мұғалімдердің жетістіктері мен жұмыс барысындағы суреттер мен құттықтау қоржыны ілінді. Барлық сынып оқушылары құттықтау қоржынына ұстаздарға ашық хаттар мен құттықтаулар салынды.




Қатысушы сыныптар: 5-8



Жауапты: Сынып жетекшілер



5-8 сыныптар аралығында «Ұстазым – ұлы тұлға» тақырыбында қабырға газеттері ілінді. Әр сынып мектеп ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтап, әдемі суреттермен безендірілген эстетикалық талғамға сай қабырға газеттерін жасады. Барлық сынып белсенділікпен қатысты.


Қатысушылар: 9-11 сынып оқушылары

Іс – шара түрі: спорттық сайыс

Жауапты: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: А.Чажаев.

Жас ұстаздар.

«Ұстазым және мен» оқушылар мен ұстаздардан құрылған төрт

топ 8 кезең бойынша сайысқа түсті. Сайысқа «Алтын адам», «Қыран»,

«Бірлік», «Достық» топтары жоғары дайындықпен сайыстың барлық кезеңдеріне сүрінбей өтті. Қызықты әрі тартысты сайыста «Алтын адам» тобы бас жүлде иеленді.

Қатысушы командаларға ақшалай сыйлықтар мен мадақтамалар ұсынылды




Қатысушы: 1 – 4 сыныптар

Жауапты: Бастауыш сынып жетекшілері

Іс – шара түрі: кездесу

«Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» бастауыш сыныптар ұзақ жылдар ұстаздық еңбек етіп, бүгінде зейнетке шығып отырған ұстаздармен кездесу өткізді. Аталған кездесуге зейнеткер ұстаздарымыз Б. Рахимбаева, Р. Хамзина, Н. Келіп оқушылармен ойын ойнап, өздерінің ұстаздық қызметтегі қызықты оқиғаларымен бөлісті.


«Ұстазға деген махабатпен» оқушылар үзіліс кезінде мектебіміздегі барлық ұстаздар қауымын құттықтап ашық хаттар табыстады.



Қатысушы: ұстаздар

Іс- шара түрі: тренинг

Жауапты: Е. Абзапиев.


«Көңілді әріптес» ұстаздар мерекесінде ұстаздардың көңілін көтеру мақсатында тренинг ойыны ұйымдастарылды. Барлық ұстаздар қауымы көтеріңкі көңіл күймен, белсенділікпен қатысты. Әр түрлі қызықты ойындр ұстаздар үшін кішігірім мейрамға айналғандай.









Қатысушы: «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының белсенділері

Жауапты: Тәлімгер М.Айтбекова

Іс – шара түрі: Мерекелік тосын сый


«Ұстазым мен өзіңді жырлаймын» «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының белсенділері ұстаздар қауымына мерекелік тосын сый ұйымдастырды. Мұғалімдер бөлмесінен қарсы алып, алаңға шақырып, ұстаз туралы әдемі өлең оқылды. Барлық ұстаздар көтеріңкі көңіл күймен еркін түрде оқушылардың құттықтауы мен тәтті дастарханына дәм татты.

Мереке қорытындысы ретінде ұйымдастырылған «Ұстазым мен өзіңді жырлаймын» мерекелік құттықтау ұстаздар қауымына ерекше көңіл күй сыйлай отырып,мәртебелерін арттырған іс шара болды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!