Ұстазым өзіңменен мақтанамын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстазым өзіңменен мақтанамын

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстазым өзіңменен мақтанамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұстазым өзіңменен мақтанамын!» тәрбиелік іс-шараның жоспары


Тақырыбы: «Ұстазым – өзіңменен мақтанамын!»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сөз өнері мәдениетін қалыптастыру

Тәрбиелік: Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру

Дамытушылық: Оқушыларды әдеби көркем кештерге ынтасын жоғарылату

Әдіс формасы: Ашық тәрбие сағаты барысында сұрақ-жауап әдістері қолданылды. Ұстаз туралы ән жырлар оқылып, жылы лебіздер білдірілді. Әр оқушы жақсы қатысты.

Алдын-ала дайындық: Алдын ала дайындық барысында мәнері жақсы, икемі бар оқушыларды жүргізушілікке дайындалып, жоспарланған ән-жырлар мен би, өлеңдер сценарге енгізілді.

Рәсімдеу, көрнекіліктер. Ашық тәрбие сағатында пайдаланылған көрнекіліктер: суреттер, видеороликтер, слайдтар, тақырыптық плакаттар,АКТ.

Өтілу барысы: Ашық тәрбие сағат шымылдығы 11 «Ә» сыныбы қыздарының ұлттық биімен басталды. Содан соң жүргізушілер ашық тәрбие сағатты бастады. Тәрбие сағатында алғашқы сөз кезегі мектеп директоры мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына берілді. Келесі кезекте шақырылған қонақтарға, яғни зейнетке шыққан ардагер ұстаздарға сөз кезегі беріліп, олар жылы лебіздерін білдірді.

Сөз шымылдығы ашылғаннан соң оқушылар ұстаздарға деген жылы лебіздерін өлең шумақтарымен жеткізді.

11 «б» сыныбы Қадір Айман, Қадір Шолпан «Асыл ана» әнін орындады.

Келесі кезекте жүргізушілер тарапынан бірақ мәліметтер келтірілды. Айта кететін болсақ:

Бүгінгі жаңа ғасыр азаматы білімді де білікті жеке тұлға болып қалыптасуы тиіс. Әр шәкірттің қабілетіне, мүмкіндігі мен шығармашылық деңгейіне қарай білім беру – уақыт талабы, білікті де, білімді әр ұстаздың міндеті. Сыныбымыздағы ақын жанды оқушыларымыз өздері жазған шығармашылықтарын жылдан – жылға дамытуда.

Кішкентай ақындарымыздың жүрегінен жарып шыққан шығармалары аудандық газеттерде, т.б. баспа беттерінен көрініп жүр. Бүгін сіздерге сыныбымыздың ақынжанды оқушылары ұстаздарына деген алғыстарын өз өлең жырларымен өрнектейді. Ел жақсысын еске алу – ұлтымыздың ұлы істерінің бірі. Қазақ қашаннан ақыны мен ардагерін ардақтап, аялай білсе, жалпы адамзат баласы алдында ұстаз еңбегінің алар мәртебесі зор. Бүгінгідей мереке күні саналы ғұмырының тең жартысын табан аудармай жас ұрпаққа білім беріп, тәрбие үйретуге арнаған мектебіміздің ардагер ұстаздары біздің жүрегімізден ерекше бір құрметпен орын алады.

Өмір – өз өнегесімен өлшенеді. Адам өмірінің өлшемі – өмір сүрген күндерімен, жылдарымен емес, ғұмырындағы мәнді тірлігімен, елге тигізген пайдасымен, өнегелі істерімен өлшенетіні анық. Өрнекті, өнегелі істерімен ардақты ардагер ұстаздарымыз мәңгі біздің жүрегімізде! «Ұстаз» атты ұлы есім қашанда кісілік келбеті жоғары сан мыңдаған шәкірттерге үлгі - өнеге, білім – тәрбие беретін, ізгілік нәрін төгетін ерен еңбектің иелері. Қай қоғамда да ұстаз құрметті орындардың төрінен табылады. Осындай құрметті мамандықтың иесі болып, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген ардақты ардагер ұстаздарымыз бүгін бізде – қонақта! Келесі кезекте ардагер мұғалімдер туралы видеороликтер көрсетілді.

Видеороликтен соң 11 «Ә» сыныбы оқушылары «Аққу» биін биледі.

Келесі кезекте мұғалімдерге түрлі логикалық қызықты сұрақтар қойылып, сұрақ-жауап жүргізілді. Ашық тәрбие сағаты соңында 11 «Б» сыныбы оқушысы Қадір Шолпанның орындауында «Балалық шаққа саяхат» әні орындалды. Ардагер ұстаздарға тілектер мен жылы лебіздер айтылып, сыйлықтар таратылды. «Ұстазым – өзіңменен мақтанамын» атты тәрбиелік іс-шарасы қорытындыланды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
793
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі