Материалдар / Ұстазым, сізге мың алғыс!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұстазым, сізге мың алғыс!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар күніне арналған тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2023
241
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстазым, сізге мың алғыс!



Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету

Міндеттері:

1) Оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастырып дамыту.

2) Ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.

Хор: «Ұстазым, менің ұстазым»

Сөзі: А.Шамкенов

Әні: Ә.Еспаев



Жангүл:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.


Салтанат:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

Нұрсезім:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!


Жансейіт:
Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған оқушылар!


Ерасыл:

Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.


Думан:


Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.





Ән: «Ұстазым» Әні: Сөзі:

Орындайтын: Тұрсынбек Нәзира (Видеоролик көрсетіледі)



Еңілік:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.



Талшын:

Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп



Көрініс: «Мектептегі үзіліс».

Мектеп коридоры. Қоңырау соғылады. Кезекші мұғалім тұрады. Сыныптан шыққан балалар бір-бірін қуалай жүгіреді. Бір-бірімен соқтығысып, жүгірген балалар. Біреуі ысқырып өтеді. Біреуі аузына сызғышын салып алып өтеді. Кезекші мұғалім оқушыларға: жүгірмеңдер, ал сен неге сызғышыңды аузыңа саласың, егер алдыңнан басқа жүгірген оқушы соғып кетсе, тамағыңа кірмейме?-дейді тоқтатып. Осы кезде басқа мұғалім өтіп бара жатады. Алдынан шыққан оқушы, мұғалімді соғуға сәл қалады. Мұғалім тоқтай қалады. Ал оқушы жүгіре өтеді. Қоңырау кіруге соғылады. Оқушылар ары-бері жүгіре сыныпқа кіреді.  

Жүргізуші:

Біздің ата-аналарымыздың айтуынша, мектептегі кезінде «қоңыраудағы көрініс» былай болған деседі, ендеше тамашалаңыздар.

Мектеп коридоры. Қоңырау соғылады. Екі кезекші мұғалім тұрады. Оқушылар сыныптан шығып, жүгірмей, өтіп жатады. Кенеттен мұғалім өтеді. Ал оқушылар тізіліп тұра қалады да, сәлем беріп, жол береді. Кезекші мұғалімдер сол қалпында тұрады. Тағы бір мұғалім өтеді, алдынан шыққан екі оқушы сәлемдесіп, жол беріп, тұра қалады. Қоңырау кіруге соғылады. Оқушылар сыныпқа кіреді.  

Жүргізуші:

Оқушылар! Мектеп біздің екінші үйіміз, ал ұстаз- екінші анамыз. Мәдениетті, әдепті адамдар үйде, бөлме арасында жүгіріп, алдынан шыққан ата-анасын, іні-қарындастарын соғып өтпейтіні белгілі. Жақсының жақсы қасиеттерін үйреніп, бойымызға дарыта білейік. Әдептілікті үйрену- адам болуға жетелейді. Осы көрсетілген екі көріністің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін түсінесіздер деген ойдамын. — деп аяқтайды.


Ақниет:

Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!



Айымжан:

Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,
Отырармыз қуанышта, тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе:
Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!


Талшын:

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Би: «Школьный танец»

(Гүл таратады) 1 — жүргізуші:



Шапағат:

Қадірлі ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз!.

Келесі кездескенше сау — саламатта болайық!.













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!