400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстазым-ұлағатым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар күніне арналған шығарма
Материалдың қысқаша нұсқасы




"Ұстазым-ұлағатым”




Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавловск қаласы Солтүстік Қазақстан Облыстық

Олимпиада Резервінің

мамандырылған мектеп интернат колледжі

Ермеков Мансур-7 сынып оқушысы




Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. 
Ұстаз жолы – ауыр жол.
Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, дегенмен шәкірт үшін барын беріп, сол қуанса қуанып, сол күйінсе күйініп, суығына төзетін ұстаздар қауымы бұрын да болды, қазір де бар. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым. Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше.Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол- алғашқы ұстаз. Солардың бірі – маған қазақ тілінен сабақ берген мұғалімім Махатова Динара Төлегенқызы .Апай қара сөздің майын тамызып сабақ түсіндіргенде  шаршаусыз сабақтың өткенін де аңғармай қалатынбыз. Динара апайдың қоңыр даусы, балаларға мейіріммен қараған жанары, тасқа басқандай әдемі жазуы «мұғалім осындай болуы керек» деп тұрғандай болатын. Апайымыздың қазақ тілі сабақтары біз үшін өте пайдалы болды. Сабақтарда біз тарих, әдебиет, география пәндеріне байланысты көп жаңа мәліметтерді алып жүреміз. Қазақ тілі сабақтарында қазақ халқының көптеген әндерін, өлеңдерін, мақал-мәтелдерін, әңгімелерін оқып, халықтын даналығын танып жүрміз. Ұстазымыз сабақтарда тек тапсырма беріп қана қоймайды, әрдайым «Сендер қалай ойлайсыңдар?» деген сұрақтар қойып тұрады. 
Бүгін біз  мектеп партасында кітапқа үңілген оқушы -  ертеңгі бір-бір тұлға. Ертеңгі қоғамның бір-бір кірпіші. Біз  туған еліміздің ертеңі үшін еңбек етеміз. Біз  – дамыған алдыңғы қатарлы елу елдің қатарынан өз Қазақстанымызды  көргісі келетін үкілі үміттерміз. Біз  – Қазақстанның 2030 жылғы білікті мамандары, ұстаздарымыздың берген білімін
ақтайтынымызға сенімдіміз.Ұстаз – мәңгілік тұлға, қасиетті жан, әр адам өмірлік мектебін ұстаздан алады, өзінің ұстазын қадірлейді, сыйлайды. 
Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.
Ол – ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы ардақты жанның орны мен үшін қашан да ерекше.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.10.2020
649
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі