400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарды құрметтеу, сыйлау. Ұстаздық жолв қтиын жол екендігін түсіңдіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 5.10.17

Сыныбы: 1

Тақырыбы: Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!

Мақсаты: Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.

Міндеттері:

- Ұстаз еңбегін арқашан бағалай білуге үйрету.

- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту.

 - Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Қолданатын әдіс-тәсілдер: СТО, пікір алмасу, сұрақ-жауап, зерттеу, кездесу

Көрнекілігі : Тақырыпқа сай жазылған қанатты сөздер; гүлдер, шарлар, постер.

Техникалық құрал: Интербелсенді тақта, аудио, видеороликтер

Барысы:

Мұғалім:

Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.
Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді. Мерекелеріңізбен!


Психологиялық тренинг:

Қызығушылық ояту

«Ұстазға теңеу»

Ұстаз – ұлы есім

Ұстаз – мектептің жүрегі

Ұстаз – ана

Ұстаз – дана

Ұстаз – бағбан

Ұстаз –жарық

Ұстаз – тәрбиеші

Ұстаз – нұр

Ұстаз – білім беруші

Ұстаз – күн

Ұстаз – ақылшы

Ұстаз – сенімді дос

Ұстаз – гүл

Ұстаз – қамқоршы

Ұстаз – мейірімді жан


Топқа бөлу: Оқушыларды ұстаз туралы нақыл сөздер арқылы арқылы 3 топқа бөлу


  • Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады

  • Абай Құнанбаев

  • Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

  • Халық даналығы

  • Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.

  • К.Д.Ушинский


1- топ “Зерттеушілер”

2- топ “Тарихшылар”

3 –топ “Журналистер”


Мәтінмен жұмыс:


1- топ “Зерттеушілер”

“Педагог” “Мұғалім” “Ұстаз” ұғымдарын зерттеу


2- топ “Тарихшылар”

Мұғалімдер күнінің шығу тарихы


3 –топ “Журналистер”

“Дара жол” бағдарламасы


Әр топ тапсырмаларына сай постер дайындап, қорғайды.


Ой қорыту: Бес жол өлең немесе синквейн


1- топ “Зерттеушілер” Ұстаз

2- топ “Тарихшылар” Мектеп

3 –топ “Журналистер” Оқушы


Мұғалім:


Ұстаз ! Қандай қасиетті сөз ! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.

Ұстаз ұлағатты есім ! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып; тәләм-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып; адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор.

Олай болса құрметті ұстаздар төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер! Зейнет жолында мол табыс,отбасларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз.


Оқушылардың ән жолдауы.

Ән: Ұстазым

Тыңдағанған көңілдегі толғамымды
Шындаған тәрбием мен талғамымды
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды

Табылған балапан ем ұядағы
Қырандай жетілдірдің қиядағы
Ұстазға деген ыстық сағынышым
Бір әнге қалай ғана сия алады

Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған осы өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде

Өнердің мен білмейтін қатпаларын
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым

Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған осы өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егер
де



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1928
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі