400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!»

Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Мұғалім: Армысыздар аяулы ұстаздар! Күздің тамаша шуақты күнінде, қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын ерекше мереке- ұстаздар мерекесі құтты болсын!Сіздерге зор денсаулық Еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Жәнібек:

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар

Өздеріңмен бастау алар бар арман!

Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған

Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!

Көз алдыма елестейді бір алып

Келбеті де, тұлғасы да тұр анық.

Ақыл алып келе жатыр өзіңнен

Өзіңменен келе жатыр нұр алып-деп келесі сөз кезегін 5 сынып оқушыларына береміз.

Нәзира:

Ұстаз болу –жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы

Жәнібек:

Ұстазға керек үлкен жүректілік,

Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып.

Шын бедел ел таңдауы, халық сыйы,

Оны ешкім бере алмайды үлестіріп

Нәзира:

Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар,

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар!

Самилла :

Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға, ұстазым,

Мен өзіңе тәнті блсам, несі мін?!

Бала елдің болашағы болғанда,

Зор пайданы тигізесің қоғамға

Мамандығың –кәсіптердің абзалы

Адамдығың қымбат бізге одан да.

Келесі тамашалайтындарыңыз Самилла мен Айгерімнің орындауында «Ұстазым» әні.

Әліби:

Жаққан білім шырағын,

Таққан ғылым тұмарын

Әліппені үйреткен,

Ол кім десең- мұғалім!

Баптап ойдың қыранын

Тапқан асқақ тұрағын

Жазуға да үйреткен,

Ол кім десең-мұғалім

Қарақат:

Шырқап шаттық жыр - әнін,

Ашқан ақыл бұлағын.

Жақсылыққа үйреткен,

Ол кім десең – мұғалім!

Айтқаныңды ұғамын,

Білімді боп шығамын

Биіктерден көрінсем-

Сенің арқаң – мұғалім!

Қыздар тобындағы би «Қазақ» биі.

Диас:

Сәбилік көңілден

Арналды бұл әнім

Баулитын өмірге

Ақылшым – мұғалім.

Тіліңді аламын

Айтқанды ұғамын

Мен сендей боламын

Ақылшым – мұғалім

Арқаңда өзіңнің

Адам боп шығамын

Бәрі алтын сөзіңнің

Ақылшым – мұғалім!

Арайлымның орындауында «Испан» биі

Аманбек:

Данышпан да, дана да оқып сенен

Атақ – даңқын асырды бар әлемнен

«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Келесі тамашалайтындарыңыз «Қыздар» тобындағы би.

Жәнібек:

Аяулы ұстаз! Өлшемі жоқ бағаңның

Айтыңдаршы, таласады оған кім?

Еленуде елге істеген еңбегің,

Айтады алғыс шәкірттерің саған мың!

Ән: «Ұстазым»

Мұғалім: Иә, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек. Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қиял-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.

Мұғалім – оқушы үшін ең жоғары адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады. Тыңдағандарыңызға рахмет. Осымен лездемеміз аяқталды.





























№16 орта мектеп

















Ұстазым, ұлағатым үлгі - өнегем!









Сын. жетекшісі:Ескалиева О.Ш.

5 сынып







2015 оқу жылы









.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
498
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі