жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ұстазым-үлгі, өнеге ұлағатым"
Ұстазым – үлгі,өнеге ұлағатым!
Кыдырбаева Алия
Албан Асан Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы,мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы интернат тәрбиешісі.
1-жүргізуші:
Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың
сауатымызды ашып, білім нәрімен
сусындатып, өмірге қанат қақтырған
Ұлағатты ұстаздар.
Мерекелеріңіз
құтты болсын!
2- жүргізуші:
Сәлем
бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен
тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел
басқарған азаматтар,
Білім алған
сіздердің арқаңызда.
1-жүргізуші
Бүгінгі
күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің
саулығы мықты болсын.
Білімменен
суарған шәкірттерін,
Төл мерекең
ұстаздар құтты болсын!
2-
жүргізуші:
Ұстаздарым биік тұлға
байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең
қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек
білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым
баршаңды.
1-жүргізуші:
Әл-Фараби:
«Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның
бәрін жете түсінген, көрген, естіген
және аңғарған нәрселердің бәрін жадында
жақсы сақтайтын жақындарына да, жат
адамдарына да әділ, жұрттың бәріне
жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш
пен жасқану дегенді білмейтін батыл,
ер жүрек болуы керек» деген.
Ән.
Алжанбай Нурила орындауындағы «Ұстазым»
әнін қабыл алыңыздар.
2-
жүргізуші:
Күнсулу апайға
Әр
адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан
мол ізгілік тараған.
Талап пенен
тәртіпті тек ту етіп
Осы өмірге
мұғалім боп жаралған.
1-жүргізуші:
Мектеп
–интернатымыздың меңгерушісі
Сабазбекова Күнсулу апай мен
тәрбие ісінің меңгерушісі Анкежанова
Айгүл апайға сөз кезегі беріледі.
Ән:
Ерланқызы
Мәриям «Әке
– ана».
2- жүргізуші:
Айгүл
апай үйретеді бар білгенін өзінің,
Шын
жүректен тілек тілеп бәріміз,
Құттықтаймыз
ұстаздардың күнімен.
1-жүргізуші:
Ғылым
иесі – ғалым да, ел қорғаған батыр да,
тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні
темір балқытқан жұмысшы да, егін салып
мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті
шарлаған ғарышкер де – бәрі-бәрі ұстаздан
тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, бүкіл
адам баласы сіздерге бас иеді.
2-жүргізуші:
Айта
берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге
ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы,
адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар
боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты
зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы
бар.
Ағайын, тойларыңа тарту
етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл
алыңыздар!
Ән: «Ұстазым»
1-жүргізуші:
Ұстаз
– әке шәкірттеріне алаламай қамқорлық
жасайды. Ұстаз – ана, ол шәкіртін туған
анасындай баурап, өмір өрнектерін,
тұрмыс тіршілік мехнаттарын, қиындықтары
мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан
жалықпайды. Ұстаз – жолдас. Ол әрқашан
да шәкірттерімен бірге көпшілікпен
араласып жүреді, қатар құрбысындай
қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – дос, ол
шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта
қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала
жақсылық жасайды.
2-жүргізуші
Атақ-даңқы
аңыз болған талайға,
Апайларға
баға беру оңай ма?!
Баулыған темірдейін
тәртіпке,
Мың рахмет Элмира
апайға
1-жүргізуші:
Әні
сізге қалықтай,
Қиялменен
шарықтай
Құттықтаймыз біз сізді
Ұстазымыз
Дана апай.
Жазира апайға
Сізбенен
біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз
Мұз
боп қатып, жанартау боп сабақтарда
қайнаймыз.
Сіз кіргенде дәу картаны
қолға алып есіктен,
География, саяхатқа
шығамыз деп жайнаймыз
2-жүргізуші:
Білім,
өнер, бәріне бар талабы,
Әрқашанда
ашық-жарқын қабағы.
Гүлзирпа апайдың
әрбір берген сабағы
Мәңгі, мәңгі,
мәңгі есімде қалады.
2-жүргізуші:
Жүрегі
нұр, өмірі гүл ұстаздың
Сондықтан да
ұстазыма ұқсадым.
Ақ көңіл де қарапайым
қашанда құрметтейміз өзіңізді Алия
апай ұстазым
Ән Алжанбай Нурила
1-жүргізуші:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең
жарқын жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы,
ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған
ардақтысы болса, ал ұстаз біздің екінші
анамыз деп айтсақ артық айтпағанымыз
деп санаймыз. Мектебіміздегі шәкірттерге
ана орнына ана болып, оқушылардың
қуанышына қоса қуанып жүрген тәрбиешілердің
еңбегі зор.
2-жүргізуші:
Ұстаз деген
– жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген
– анасы ол адамның.
Бүкіл әлем
мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам
болып жаралдың
Тәрбиеші апайларымызға
арнау:
1-жүргізуші:
Күнсулу апай
көп ойлаумен бала қамын
Нұрланып
атар іспен әрбір таңы.
Ғаламды
жадыратқан күн секілді,
Баланы аялаған
алақаны.
1-жүргізуші:
Шәкірттерін
баптаған
Тәрбиешім Гүлмира апай деп
мақтанам
Тәрбие берген біздерге
Көп-көп
рахмет сізге де.
Ән: «Анашым»
1-жүргізуші:
Жас
ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын
дарытқан.
Тіл арқылы табысқан
Орыс
тілін меңгерген
Үйретуді жөн
көрген
Көсегесін көгертіп,
Ғажайып
бір өң берген?
2-жүргізуші:
Қазақ
тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар,
Абай сөйлеген дана тілім.
Таза сөйле,
терең ұқ, көп-көп ізден,
Жоғары ұста
мәңгілік тілдің пірін, деп қазақ тілі,
орыс тілі, ағылшын пәндерінің мұғалімдерінің
құрметіне
«Би»Қаражорға
1-жүргізуші:
Ұстаз!
Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің
уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау.
Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан
асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық
құру ұстаздық етуден он есе жеңіл.
Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр
да атқара алмайды.
2-жүргізуші:
Ұстаздық
ұстаздан басқа ешкімнің қолынан
келмейді.
Ұстазым екінші анам
аялаған,
Біздерден бар білімін
аямаған.
Оқысын, білім алып үйренсін
деп,
Таңертең күнде құшақ жаяды
алдан.- дей келе тәрбиешілерімізді,ұстаздарымызды
төл мерекелерімен
құттықтаймыз.
Ән:
2-жүргізуші:
Алғашқы
менің ұстазым
Күлімдеген, күнім
деген.
Қамқор болған ұстазым.
1-жүргізуші:
Мен
алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім
болып көріндің аспанымда.
Білім болып
егілдің жас жаныма,
Гүлің болып
төгілдің асқарыма.
Біз дегенде ұмытып
бала қамын,
Қас қағымға қасыңнан
тастадың ба?
2-жүргізуші:
Біздер
әлі өтелмеген парызбыз,
Сары далада
сайрап жатқан сан ізбіз.
Аттары да
аталмаған ұстаздар,
Алдарыңда
мәңгілікке қарызбыз
2-жүргізуші:
Келешекке
алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай
берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы
есім.
Ән:
1-жүргізуші:
Ұстазыңды
түсінген сен тереңнен
Бар әлемге
еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге
қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа
кенелген.
2-жүргізуші:
Ұстаз сөзін
айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа
жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген
– ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас
иейік мәңгілік!
- деп кешімізді
қорытындылау мақсатында сөз кезегін
мектебіміздің директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Анкежанова Айгүл
апайға сөз кезегін береміз.
Аяулы
ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын.
Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға
Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін! Көңілдеріңіз
көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа
тола берсін. Тәрбие сағатымызды
тамашалағандарыңызға
көп-көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген