Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұстазыма мың алғыс!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұстазыма мың алғыс! Зейнеткерлікке шығарып салу кешінің сценарийі
( Мектеп акт залы талапқа сай безендірілген. Шарлар).
1.Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар ! Мектебіміздің ардақты ұстазы Матжанова Клара Қайыржанқызының зейнеткерлікке шығарып салу кешіне қош келдіңіздер!
2.Жүргізуші
Еңбегімен ел алдында сыйланған,
Апай десе тартылады сый балдан.
Мерейтоймен құттықтайды қуана,
Ұжымдасың, мына отырған жиналған! -дей отырып, шыбығынан көктеген
шаңырағына сәмбі талдай көлеңкесін жая келген бәйтерек тұлға, Клара
Қайыржанқызын тұғырлы орынға- бүгінгі салтанатты жиынның төріне
шақырамыз.
1-жүргізуші: Қуаныңдар, ағайын,
тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Клара апай келеді ортамызға,
Қол соғып қошеметпен қарсы
алыңдар!
Сіз-Ұстазсыз,барша жан ардақтайтын,
Қанша жас Сізге ұқсауды армандайтын.
Еткен еңбек,төккен тер жемістерін,
Көретін кезде келді ұлықтайтын.
2.жүргізуші.
Матжанова Клара Қайыржанқызының рухани байлығы , ең алдымен балаға деген махаббаты жоғарғы адамгершілігінен байқалады. Бойында ерекше ұлтжанды болмысы мен еңбекқорлығы , қарапайымдылығы мен жігерлілігі бар тұлға – бүгін біздің ортамызда, ертеңгі-зейнеткер.
1.Жүргізуші:
Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,
Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.
Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры,- деп алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Жақсығалиев Исатай Ислямұлына береміз.
2.жүргізуші.
Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады,-дей келе ендігі жерде әнге кезек
береміз.
Ән…………Орындайтын………………
Жүргізуші:
(Әдемі әуен орындалып тұрады).
Адам-өз өмірінің сәулетшісі.Даралар да,қаралар да,даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды.Оның мәнді де сәнді,мағыналы да мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты.Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан ұстазымыздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айқын белгісі.
Өмір дерек (слайд көрсетіледі).
Атақты педагог- ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі де,қызықты,шым -шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға арнап берген болар. Ал халқымыз: “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!” – деп тегін айтпаған ғой. Орынды айтылған жылы сөз адамның жігерін жаниды, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады.
Ұстаз – ұлағатты есім. (Еңбек жолынан фотосурттер көрсетіледі).
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Қазіргі таңға дейін Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балбақшасында жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруде қажымас қайратымен,өнегелі үлгісімен, жаңашылдық жолымен,адамгершілік қасиетімен, қоғамдық жұмысымен, заманауи саясатымен,ұстаздық жолын көрсете отырып оқушыларымызға сабақ беріп келді.
Клара Қайыржанқызының негізгі оқыту бағыты – ұлттық педагогиканы оқушы бойына сіңдіру болатын. Осы бағытта өткізген сабақтары, тәрбие сағаттары, ата-аналармен өткізген түрлі шаралары өз әріптестері мен көпшіліктің көңілінен шығатын. Құдай берген қабілетінің арқасында «білікті ұстаз» биігіне көтеріліп, асқарлы асудың ұшар басына алқынбай жеткен Клара апамыздың өткен өмір жолына, маңдай тері төгілген еңбек соқпағына іштей разы болмайтын шәкірті жоқ шығар, сірә. Шынында да, ол кісінің ұлағатты ұстаздығы – адамгершілік жырына тұнып тұрған ғажайып бір әлем. Бізде, жасы кіші әріптестері сол бір ғажайып сырлы әлем тұнығынан барымызша еркін, мейіріміз қана сусындап, мол рухани азық алғанымызды мақтаныш етеміз.
Тумасынан еңбексүйгіш те белсенді Клара Қайыржанқызы шығармашылық жұмыспен қатар, мектеп өмірінде болып жататын түрлі мерекелік шараларға, өнер сайыстарына ақылшы, әділқазы ретінде жиі қатысып отырады.Жас мамандарға өзінің кесімді пікірлерімен, өмірлік бай тәжірибесімен бөлісіп отыратыны көпшілікке мәлім.
Оның бойындағы “ақырын жүріп, анық басатын” байсалдылығы, жусаннан аласа, бетегеден биік кішіпейілдігі, құйса толмайтын, толса аспайтын парасаттылығы, зерделілігі, еңбекқорлығы, зияткерлігі – ұлы Абай бабамыз айтқандай, тамаша бес қасиеті жайлы да көп айтуға болады.
Тұрмыс!
Тұрмыс- ол отбасы. Отбасы- ол шағын мемлекет. Матжанова Клара Қайыржанқызы тағдыр қосқан қосағы Қайырлиев Манас Бөртайұлымен 30 жылдай отасып,1 ұл 3 қызды тәрбиелеп өсірді.
Қызметіне көп жылдарын арнаған әрбір адам үшін зейнеткерлікке шығу - өте маңызды және көңіл толқытарлық сәт. Бұл сәт тек қана адал еңбегімен өмір сүрген адамның мақтанышты көңіл-күйіне толы болса да, оның жұмыс ұжымымен қоштасуымен ұштасқан жабырқаулы күйімен де ерекшеленеді. Сонымен қатар, бұл сәт өмір жолының белгілі бір сатысына қорытынды жасай отырып, өмірдің өзгеше бір жаңа сатысына бет бұру болып табылады.
1.Жүргізуші. Клара апай еш алаңсыз тынықсын,
Өткенінен өнегелі сыр ұқсын.
Кәсіподақ төрағасы сөз алып,
Жақсы сөзбен жаныңызды жылытсын,- деп кәсіподақ төрағасы Бердеш Рақымғалиұлына сөз кезегін береміз.
Ән – шашу.
2. Жүргізуші. Құтты болсын мерейлі күн-шаттығың,
Тілек еттік көңілдің тек ақтығын.
Алда әлі талай ғұмыр бұйырсын,
Берсін Аллам өмір бойы бақ күнін.
Еңбегіңмен сіңірдің тек адалдық,
Көрсетпесін тағдыр ешбір жамандық,
Шаттық күнде көңіліміз марқайып,
Деп тілейік болсын ылғи амандық,-дей келе Клара апамыздың замандастары, Клара Омарқызы, Лиза Оразбайқызы,Гулбану Рысқалиқызы өз тілектерін арнайды.
Ән – шашу.
2.Жүргізуші. Жақсы тілек тілектермен келісіп,
Жетсек дейді телқоңырдай тебісіп.
Зейнеткердің жолын бізге бергей деп,
Қуанышын ұстаздар да тұр бөлісіп,- дей келе ендігі сөз кезегі мектебіміздің оқу – ісі жөніндегі орынбасары Бисекенова Светлана мен тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары Олжатаева Камшат Хамзақызына беріледі.
1.Жүргізуші. Қайырылып ұзақ қарап өткеніме,
Арнадым еңбегімді мектебіме,
40 жыл өтіпті ғой ұжымдастар,
Осы мектепте қызмет еткеніме,- деп ойланып өткен күндерге ой жүгіртіп отырған бүгінгі кешіміздің кейіпкері Клара Қайыржанқызына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:
Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттеріңіз, сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор ұстаз, аяулы ана ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.
Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен Отбасыңызға береке – бірлік, ұзақ ғұмыр бастар ұлы көштің алдыңғы сабында жарқырап жүре беріңіз дей келе, құрметті қонақтарымызға алтын уақыттарын қиып мерекелік кешімізге келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!