400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үстел ойынын дайындау. Графикалық құжаттама

Материал туралы қысқаша түсінік
Қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көркем еңбек

Мектеп: №111

Күні: 05.02.2025

12.02.2025

Оқытушының аты-жөні: Х.Эралиев

Сынып: 8 сабақ 4-5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Үстел ойынын дайындау. Графикалық құжаттама

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.1.5.2-Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар дайындау.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

  • Үстел үсті ойындарының нобайына және алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, атқаратын қызметтерін жоспарлау;

  • Функционалды талаптарға сай дизайн үлгісін орындау;

  • Үстел үсті ойынын дайындау реттілігі мен әдіс- тәсілдерін сиппаттайтын графикалық және технологиялық құжаттар дайындау.

Құндылықтарды дарыту

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

  • модельдеу, таным объектілерінің құрылымын анықтау, бір бүтіннің әртүрлі бөліктері арасындағы қатынастарды іздеу және бөлу, процестерді кезеңдерге бөлу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алу;

  • Қолөнер: Үстел үсті ойындарын жасау — бұл қолөнердің жоғары деңгейі. Олардың тігілуі, безендірілуі — шығармашылық қабілетті дамытады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы




1. Ұйымдастыру кезеңі:

- мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;

- «Сипатта» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін жағдай жасайды.

Оқушылар еркін немесе кез келген таңдау жасау арқылы топтарға бірігеді. Мұғалім оқушылардан шеңбер жасап тұруды сұрайды, музыка қосылғанда оқушылар бір-біріне қарай еркін қозғалады. Музыка тоқтағанда бір біріне жақын тұрған оқушылар жұптасады. Оқушылар тапсырманы жұптасып орындау, суретті сипаттау кезінде бір-біріне көмектесудің, топта жұмыс жасау, сабақта өзара көмек пен қолдаудың маңыздылығын түсінеді.

2. Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім үстел үсті ойындары бейнеленген әртүрлі суреттері, үлгілері ілінген сынып тақтасына оқушылардың назарын аудартады. Оқушылар сынып тақтасында орналасқан суреттер мен бұйымдардың қандай ортақ ұқсастығы барын қарастырып, талқылайды. Бірлескен талқылауда сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтайды.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер






Ортасы





Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Оқушылармен өткен сабақта өздері жоспарлаған ойыны ескі ойын түрлерінен айырмашылығы туралы және қосымша қандай элементтер қосқандары туралы әңгімелесемін.

Бейнетаспа көрсету:

үстел үсті ойының дайындауға арналған 10 кеңес.

Бейнебаян көріп болғаннан кейін оқушыларға сұрақ қоямын.

  • Бейнебаяннан қандай ой түйдіңіздер?

  • Болашақта қандай кеңестерді қолданар едіңіз?

  • Неліктен?

Оқушылар өткен сабақта бөлінген топ бойынша тәжірбиелік жұмыстар орындайтын болады. Топтар:

Оқушылар алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып,топта тәжірбиелік жұмыс орындайтын болады.

Графикалық құжат (орыс. Графический документ)-құрамында сызбалар, сұлбалар, карталар, тағы басқа. Қағаздары бар құрылымдық құжаттардың бөлігі.

Графикалық құжатқа үстел үстінің нобайының орындап, қажетті өлшемдерін көрсетіледі.

Жоспар құрастыруда келесі мәліметтерге көңіл аудару керек:

  • тақырыбы мен идеясын талқылау, үстел ойынының концепциясын қайта қарау, жетілдіру;

  • нысаналы аудиторияны есепке ала отырып, үстел ойынының стратегиясын анықтау;

  • үстел ойынының ережесін құрастыру;

  • үстел ойыны алаңы мен бөлшектерінің нобайын орындау/жетілдіру;

  • орам және ойын элементтерінің дизайны мен оларды жобалау;

  • өнімді дайындауға қажетті материалдарды анықтау;

ойынның таныстырылымы

Бағалау.

Өзіндік бағалау. Оқушылар бір-біріне жұмыстарын көрсетіп, суреттің ерекшеліктеріне түсініктеме береді. Оқушылар бір-біріне жұмысты жетілдіру жолдарын ұсына отырып, ауызша түсінік береді.

Шығармашылық қабілет: Оқушылар үстел үсті ойындары үлгісінде шығармашылық жұмыстар (модельдер, эскиздер) жасап, өз идеяларын іске асыру қабілетін дамытады.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі

Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

Үстел үсті ойындарының нобайына және алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, атқаратын қызметтерін жоспарлау;

Функционалды талаптарға сай дизайн үлгісін орындау;

Үстел үсті ойынын дайындау реттілігі мен әдіс- тәсілдерін сиппаттайтын графикалық және технологиялық құжаттар дайындау.


АКТ құралжабдықтары 2. Презентация 3. 1.«Деревянные модели авто..» https: //www.youtube.com/watch?v = sODNPnzVLXY 2. «Деревянные модели машин..» https: //www.youtube.com/watch?v = 685P1V5UGHY


Аяқталуы


(Қ) Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылармен бірге нобайлар көрмесінмен орындалған жұмыстарды талқылау

«Бағдаршам» әдісін қолдану


Оқушылардың жауаптарына пікір қалдыру.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.03.2025
143
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12