|
|
Сәлемдесу.
Абайдың өлеңдерінен чэлленджді
қабылдау.
Сыныпта жақсы ахуал
қалыптастыру мақсатында «Ақ парақ» әдісін
қолдану.
Жаңа сабақ туралы мәлімет
беру.
Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы
жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі үстеулер
мен туынды үстеулер.
Негізгі
үстеулер
Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға
бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді
айтамыз.
Негізгі үстеулерге келесі сөздер
жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта,
қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері,
жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеше, нақ,
дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек, мейлінше, лық(а), қақ, дәйім, һаман,
әншейін, тым, тіпті, өсе, аса, ең, әбден, мүлде(м), төтенше,
ерекше, орасан т.
б.
Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі
ерекшеліктері бар:
-
Негізгі үстеулердің
көпшілігінен шырай категориясы
жасалады. Демек,
оларға -рақ, -рек, -лау,
-леу жұрнақтары жалғанады,
алдынан (бұрын) шырай
туғызатын өте, аса , тіпті, мейлінше,
қабағат сияқты күшейткіш сөздер
қолданылады.
Үстеу сөздер мағынасына қарай
таптастырғанда мынадай сегіз топқа
бөлінеді.
Перфокартаммен жұмыс.
Үстеулерді табу
|
|
Сабақтың
ортасы
|
Алған білімдерін тексеруге
арналған тапсырмалар:
І. Төмендегі қалдырып кеткен
үстеулерді орнына қой да, толықтырып жаз.
-
(Қай уақытта?) тұрған жігіттің
ырысы артық.
-
(Қай уақытта?) тұрған әйелдің
бір ісі артық.
-
(Қай уақытта?) күн қалай
ашылады.
-
(Қатты ашуланған?) кісі қалай
басылады?
-
Уақыттың (Қалай?) өткені,
өміріңнің бос кеткені.
-
(Қандай?) дос, қаралы күнде
білінеді.
Кері
байланыс
ІІІ. «Шынжыр» әдісі арқылы
тақтаға 8 білім алушы шығады. 4 білім алушы
берілген үстеулерді қатыстырып
дұрыс сөйлем құрастырады, ал 4 білім алушы оларға арасында
сұрақ қойып отырады.
Кері
байланыс
ІҮ. «Key board» әдісі. Жұптық
жұмыс
8 оқушыны 1 2 3 4 санау арқылы
жұптастырамыз. 4 жұпқа клавиатура беріледі. Берілген сөздерді
клавиатурадан тереді және жасырынған үстеуді
табады.
Ү. Сергіту
сәті.
VI.
«Бір минуттық эссе» әдісі
арқылы эссе жазу. Мына сөздерді
қолданып: таңертең, күзде, кешкісін, ілгері,
жоғары,
төмен «Мен және колледж» тақырыбында
шағын эссе құрастыру
Дескриптор
Сөздер тізбегін
сақтау
Уақытқа
бағыну
VIІ. Рөлдік әдісі. Топтық
жұмыс.
Оқушылар тегін бас әрпі
бойынша алфавиттік ретпен тұрады және үш топқа
бөлінеді.
Тақырыбы: «Мен
актермын»
Қолданылатын
сөздер.
-
Хан
-
Уәзір
-
Киіз
үй
-
Жау
-
Әскер
Қолданылатын
үстеулер:
-
Ерте
-
Осыншама
-
Босқа
-
Бірталай
-
Жоғарғы
Дескриптор
Кілтті сөздерді
қолдану
Рөлге
ену
Үстеулерді дұрыс
қолдану
|