400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үстеуге қатысты тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Үстеуге қатысты тест тапсырмалары 20 сұрақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

4-тоқсан бойынша қазақ тілінен тест сұрақтары

1. Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз.
А) жолжөнекей. В) ала-жаздай С) тасыр-тұсыр Д) ендігәрі Е) быйыл


2. Үстеу дегеніміз не?
А) Іс-әрекет, қимылды білдіреді. В) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді.
С) Заттың сапасын, көлемін білдіреді. Д) Қимылдың мезгілін, себебін, мақсатын білдіреді.
Е) Сөз бен сөзді байланыстырады.


3. Күрделі үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүгін келдім. В) Кеше бардам. С) Әрең көтердім. Д) Балаша сайрады. Е) Шикілей әкелді.


4. Туынды үстеуді көрсетіңіз.
А) Әдейі бардым. В) Ертең келеді. С) Әрең жүрді. Д) Жылдамырақ жүр. Е) Талай жүрген жерім.


5. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүрсігүні аттанды. В) Ілгері жүрді. С) Қаннен-қаперсіз ұйықтады.
Д) Қыруар жұмыс істедік. Е) Өте үлкен екен.


6. Мөлшер үстеудің сұрағын көрсетіңіз.
А) қашаннан? В) қаншама? С) қайдан? Д) кімше? Е) қандай?


7. Мекен үстеуді көрсетіңіз.
А) Алға қадам басты. В) Әрең-әрең бара жатты. С) Қасақана істеген.
Д) Амалсыздан үйіне жүрді. Е) Қолма-қол тапсырды.


8. Мақсат үстеуді табыңыз.
А) әлгінде, емін-еркін В) орасан, әжептәуір С) жорта, әдейі
Д) тысқары, мұнда Е) амалсыздан, бекерге


9. Үстеу сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр « Үйге қайтатын күнім ертең.»
А) пысықтауыш В) баяндауыш С) бастауыш Д) анықтауыш Е) толықтауыш


10. «Тым, ең, кілең» үстеулері мағына жағынан қай үстеу түріне жатады?
А) мекен үстеуі В) мезгіл үстеуі С) күшейткіш үстеуі
Д) мақсат үстеуі Е) себеп-салдар үстеуі


11. «Қазақша» үстеуінің тұлғасына қарай түрін көрсетіңіз.
А) мақсат В) мезгіл С) күрделі Д) туынды Е) себеп-салдар


12. Септік жалғауларының түбірге сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған туынды үстеулерді табыңыз.
А) сұңқардайын, осылай В) биыл, соншалық С) әрең-әрең, қыстай
Д) жаздыгүні, күн ұзаққа Е) қапыда, текке


13. Сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып тұрған үстеуді табыңыз.
А) Ұлттық шешендік өнері өте биік дәрежеде дамыған.
В) Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. С) Қазан қайнап жатыр.
Д) Бетінде боран ұйтқыған күңгірт, бұлдыр ақ дала қараңғыдан қалғып шыға келді.
Е) Ең үлкен жаңалық сенсің.
14. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын-қимыл үстеуді табыңыз.
А) Поездан әдейі түсіп қалдым.
В) Күндіз де, түнде де ол Барластың қасынан шықпайды.
С) Соншама қандай қуаныш?!
Д) Жоғарыдан бетіме бірдеме тарс ете түсті.
Е) Ыза кернеп зорға тұрмын.


15. Дефис арқылы жазылатын үстеуді көрсетіңіз.
А) қыстыгүні В) құр босқа С) емін еркін Д) таң сәріде Е) биыл


16. Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұрған үстеуді табыңыз.
А) Кешеден тосып жүр. В) Оңашада жылап та алғам. С) Мен жолшыбай соғармын.
Д) Ол балаша сақ-сақ күлді. Е) Мен елімнің ертеңімін.


17. Үстеуден жасалған етістікті табыңыз.
А) сылтаурат В) тездет С) жылтырат Д) қарайт Е) менменсін


18. Бөлек жазылатын үстеуді табыңыз.
А) Енді гәрі В) Күн ұзаққа. С) Абай сызда Д) Жазды гүні. Е) Тыңда майынша.


19. Мөлшер үстеуді табыңыз.
А) әжептәуір В) әрең С) ілгері Д) кеше Е) тым


20. Устеу бастауыш қызметін атқарып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Бірі – қартаң , бірі – жас қонақ.
В) Қасына қайта отырғызды.
С) Тезірек қимылда.
Д) Ел ертеңі білімді жастар қолында.
Е) Ары таза болмаған адам бұрын қағады кірпігін.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
20.07.2025
196
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі