жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Үштілді білім беруді дамыту саясаты аясында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың тиімді жолдары
Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Баяндама
Тақырыбы:
Үштілді білім беруді дамыту саясаты аясында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың тиімді жолдары
Дайындаған: Жолымбет Ақжарқын Қанатқызы
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін, оның ішінде жалпы орта білім беруді жетілдіру бойынша кең көлемді іс-шаралар жүзеге асырылуда.
«Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаттарының бірі жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады. Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі - «Үш тілде білім беруді дамыту» пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы.
Пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту ұстанымын қолдану шет тілін оқуға бөлінген уақыт мөлшерінің аздығынан және оны меңгеру деңгейіне қойылған талаптардың жоғарлауынан пайда болып отыр. Бұл тәсіл бір мезетте екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, алайда негізгі назар тілге де, тілдік емес пәнге аударылуы мүмкін. Пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері де қолға алынып отыр. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарында қолдануды талап етеді. Сол себепті де білім берудің жаңа технологиялары пайда болуда, олардың бірі – CLIL пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы.
CLIL технологиялары- шет тілін басқа пәндерді оқытуда оқудың қажетті құралы ретінде қарастырылады. Яғни тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі, демек CLIL шет тілі сабағы емес, шет тілінде өтетін пән сабағы. Сонымен бірге оқушылардың тілдік қарым-қатынастағы қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды.
CLIL (Content and Language Integrated Learning) өз мәнінде бұл дегеніміз -шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді. CLIL негізін мынаны құрайды:
CONTENT (Мазмұн) – бұл пән саласындағы ілгері басатын білімдер, біліктер мен дағдылар;
COMMUNICATION (Қатынас) – бұл оқытуда шет тілін пайдалану біліктері;
СOGNITION (Таным) – бұл жалпы түсінікті қалыптастыратын (нақты және абстрактілі) танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту;
CULTURE (Мәдениет) – бұл өзін мәдениеттің бір бөлігі ретінде ұғыну, сонымен қатар балама мәдениеттерді қабылдау.
CLIL технологиясының мақсаты – жаратылыстану-математика бағытындағы (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) пәндер мен ағылшын тілін кіріктіріп оқыту әдістемесі. Кіріктіріп оқыту барысында идеялар мен ұстанымдардың ұқсастығы айқын байқалады, сонымен бірге алынған білімді түрлі салаларда пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ, кіріктіріп оқыту барысында екі немесе одан да көп пәнді қарастыру және әлемдегі құбылыстар мен нысандардың өзара тығыз байланысын көрнекі көрсету мүмкіндігі болады. Пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдарының басты мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды жүзеге асыруға бағытталған. Барлық тапсырмалар ең алдымен коммуникативтік, яғни шет тілінде жазбаша және ауызша қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған болуы тиіс. Кіріктіру барысында түсіндіру-көрнекілік, іздеу, зерттеу әдістері, пікірталас, білімнің түрлі дереккөздері, теледидар бағдарламалары, кино үзінділері, мультимедиа курстары, интернет-технологиялары, оқыту мен бақылаудың басқада техникалық құралдары қолданылады. Сонымен қатар топтық, ұжымдық, жұптық, жеке жұмыс түрлері кеңінен қолданылады.
Оқытудың бинарлық моделі екі мұғалімнің өзара қарым-қатынас жасауын қарастырады. Бұндай сабақтарды құрастыру барысында байланысты пәндер мұғалімдерінің ынтымақтасып жұмыс істеуі емес, тілдік пәннің және тілдік емес пәннің мұғалімдерінің бірігіп сабақ өткізуі негізгі қиындықты туғызады.
Бинарлық сабақтың әдістемесі дәстүрлі сабақ тақырыптарының әдісінен ерекшеленеді, яғни кез келген тақырып бойынша екі мұғалім бір мезгілде сабақ өткізеді.
1-кесте. Бинарлық сабақ өткізу барысындағы сәйкестік
Тілдік емес пән мұғалімінің іс- әрекеті |
Ағылшын тілінде оқушының іс- әрекеті |
Мақсат қою |
|
Өткен сабақтардың материалдары бойынша оқушыларды сұрау |
Орындалған тілдік дағдылардың меңгерілуі |
Оқылатын тақырыптың теориялық сұрақтарын баяндау. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру |
Тілдік іс-әрекеттің түрін дамытуға арналған оқу тапсырмаларын орындау барысында тақырып бойынша теориялық тапсырмаларды пайдаланудың тәсілдерін түсіндіру |
Сабақтың теориялық материалын қабылдау және тілдік құзыреттіліктерді меңгеру деңгейінің сапасын бақылау |
|
Оқушылардың практикалық жұмыстарды, жаттығуларды түсініп орындауларын, теориялық тапсырмаларды тәжірибеде дұрыс пайдалануларын бақылау |
Тілдік дағдыларға жаттығу процесі барысында оқушыларға нұсқаулықтар беру |
Тақырыпты аяқтау барысында қорытындылау, бекіту сабағы ретінде бинарлы сабақ өткізу өте тиімді болып табылады.
Тіл - оқыту бағдарламасына кіріктірілген, ал тақырыптық материалды талқылау үшін тілдік ортаға ену қажеттілігі оқылатын тақырып аясында тілді қолдануға ынталандыруды айтарлықтай арттырады. Бұндай сабақтар білімді меңгеруді ынталандыру және пәндік қажетті біліктерді дамыту бойынша көп жұмыс жүргізуді қарастырады. Бұған тек қана нақты пәнді зерделеу және тілді оқыту үшін қажетті арнайы іріктеліп алынған мәтіндерді оқу мүмкіндік жасайды. Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту ең алдымен тілдік іс-әрекеттің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгеруге бағытталған. тыңдалымға үйрету: ауызша ақпаратты түсіну және қабылдаумен байланысты тілдік әрекет; аудиомәтінмен жұмыс істеу; тыңдауды тиімді пайдалану; тілдік және мағыналық тіректерді пайдалану; жұмыстың нәтижесі;
Тыңдалым дағдысын дамыту үшін материалдың бір бөлігі аудиомәтін түрінде, сөйлесім дағдысын дамыту үшін – диалог және әңгімелесу арқылы берілуі тиіс. Тыңдалымды жазумен байланыстыруға болады (мысалы, кесте толтыру, сызбанұсқа құрастыру, бос орындарды толтыру).
–айтылымға үйрету: сөйлеуге арналған диалог-үлгілер, тапсырмалар (ауызша, жазбаша); оқушыларға көмек ұйымдастыру және диалогтік (монологтік) пікір айтуды құрастыруды басқару; мұғалімнің қолданған ойын тәсілдері мен проблемалық тапсырмаларының тиімділігі;
– оқуға үйрету: оқу техникасы дағдыларын және оқығанды түсіну біліктерін қалыптастыру; тапсырмаларды және жаттығуларды қолдану; жұмыс істеудің әр кезеңі міндеттерінің дұрыс шешілуі; ұсынылған сұрақтардың дұрыс жауабын табу, мәнмәтінді ауызша сөйлеуді дамытуға арналған негіз ретінде қолдану, оқытудың бұл сатысында мәтінді осылайша қолданудың мақсаттылығы; жаттығулардың тиімділігі;
– жазуға үйрету: тәсілдер мен тапсырмаларды қолданудың дұрыстығы; оқытудың мақсатымен сәйкестігі (шығармада жазбаша мазмұндау, диалогтегі қақпа сөздердің кеңеюі, хат, аннотация жазу; аудару, болашақта хабарлама, баяндама жасаудың жоспарын құрастыру, неғұрлым маңызды сөйлемдерді анықтау, жоспар, тезистер, тірек сөздер және сөз тіркестерін оқу процесінде конспект құрастыру); Сабақта тілдесу әрекетінің барлық түрлерін дамытуға жағдай жасалуы тиіс. Мектепте пәнді оқыту барысында, ағылшын тілді бірлікте алуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Өтіліп отырған бағдарламаға сай пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы-субьектінің ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз.
Озық педагогикалық тәжірибемді дамыту, тарату мақсатында «Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) кіріктіріп оқыту» оқу әдістемелік құралына CLIL технологиясы (тілдік-пәндік кіріктіріп оқыту) сабағым жарияланған.
Cабақты үй жұмысын орындауда кезіндегі қолданылған терминдерді қазақ және ағылшын тілдерінде еске түсіруден бастап, ары қарай жаңа сабақты түсіндірген кезде темірдің табиғи минералдары, темір адам ағзасында, тест тапсырмаларының ағылшын тіліндегі нұсқасы беріліп, оны оқушылар қазақ тіліне аударып, дұрыс жауабын көрсету керек болды. Оқушылармен бірге темір әлеміне саяхат жасағанда үсынылып отырған тапсырмадағы жеткіліксіз сөзді немесе сөзтіркесін жазып, сөйлемді ағылшын тіліне аударуын ұсындым. Бұл сабақты өткізу барысында да тілдік іс-әрекеттің төрт түріде қолданылды.
Өз іс-тәжірибемде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор деп ойлаймын. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Полиглот», «Кім тапқыр?», «Үздік химик», «Кел, танысайық!» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Оқушыларды ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөзжұмбақтар, анаграммалар, олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болды. Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, тест т.б. түрлері оқушылардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болды. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да оқушылар қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды.
Үш тілді оқыту технологиясының әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын, жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріледі және олардың есте сақтау қабілетін жетілдіре отырып еркін сөйлеуге, өз ойын айту дәрежесіне жеткізу. Мектептерде үш тілді оқытудың тиімділігі сол, оқыту тек тілдің білім жүйесін оқытумен шектемейді, ең бастысы ағылшын тіліндегі сөз әрекетін қарым қатынас құралы ретінде меңгертіп, нәтижесінде көптілділік және көптүрлі мәдениетті түсінетін тұлғаны қалыптастырады. Дыбыстарды және сөздерді дұрыс дыбыстай алады. Сәлемдесуге, қоштасуға, ризашылық білдіруге, кешірім сұрауға қажетті сөйлеу үлгілерін пайдалана алады. Өзі туралы, отбасы, достары туралы айта алуға дағдыланады.
Тіл- танудың, түсінудің, дамудың құралы. Негізгі мақсатымыз - өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген жеке тұлға қалыптастыруда мұғалімнің құзіреттілігіне байланысты болады.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: пәнді және тілді кіріктіріп оқыту барысындағы басты нәтиже оқушылардың пәндерден алған білімдері емес, мақсатты тілді меңгеруі (біздің жағдайымызда – ағылшын тілі) болып табылады.
Пайдаланалылған әдебиеттер тізімі
Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 28 сәуір. - 2007 жыл.
http://tarbie.org Үштілділік білім беруді жүзеге асыру шарттары
Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері,А, 2008ж
Оқыту тәрбиелеу технологиясы журналы. 2009/1-2

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген