400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Үштілді білім беруді жүзеге асуының маңыздылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалдың тәрбиешілерге көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Үштілді білім беруді жүзеге асуының маңыздылығы"

Абдуллаева Алия Уракбаевна

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,

"Бөбек бөбекжайы"МКҚК

Тәрбиеші

"Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс " Н.Ә.Назарбаев

Кез - келген халықтың ұлттық қазынасы - тіл. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі.Тіл ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы,рухани байлығы,баға жетпес құдіретті,қуатты қайнар бұлағы.Тіл қай елде ,қай ұлтта болсада, қадірлі де құдіретті.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Бүгінгі

нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы  азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді.

Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты

мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.

    Ал, ана тілін жақсы білмейінше, сауатты

сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті

адам бола алмайсың.

Үштұғырлы тіл - бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші баспалдағы.

Елбасы 2006жылдың қазан айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XIIқұрылтайында "Үш тұғырлы тіл" туралы идеяны жариялаған болатын.2007жылғы жолдауында "Тілдердің үштұғырлығы" атты мәдени жобаны кезең кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Мемлекет басшысы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына жолдауында "Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде танылуы тиіс. Олар:қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі- жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі" деген болатын.Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Үштұғырлы тіл- заман талабына сай туындаған өмір қажеттілігі.Бірнеше тілді меңгерген әрбір қазақстандық өз елінде де, өзге елде де бәсекеге қабілетті тұлға болып саналады.

Мемлекет басшысы "Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үш тілдің біріншісі,негізгісі,бастысы,маңыздысы бола береді. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және оған қамқорлық та сондай бола береді" деп сендірді. Тіл - ұлттың тірегі.Ол - жан дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң.

Тіл қай елде,қай ұлтта болса да қадірлі де құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасады.Тіл- адамның ойын жарыққа шығаратын құрал.Ол -атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра.Ақын Қадыр Мырзаәлі "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте"деп айтқан.

Бағдарламаны жүзеге асыруда мектепке дейінгі ұйымдардан бастап барлық мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік емес мекемелерге дейінгі барлық салалар түгел қамтылған.

Тағы бір көңіл көншітерлік жайт: мемлекеттік тілде тәрбиелеп оқытатын балабақшалар саны артуда. Бағдарлама аясында балалбақшада тәрбиеленіп жатқан өзге ұлт өкілдеріне арналған "Қуыр,қуыр, қуырмаш","Қазақшаң қалай балақай?" атты ертеңгіліктер үнемі ұйымдастырылуда.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға қай тілді болсын жақсылап үйретсе, тез үйреніп, меңгеріп кетеді.Кішкентай балалар қағылез келеді. Олар тілді табиғат түрде тез меңгереді.Қазіргі таңда балаларға білім алуға барлық жағдай жасалынған. Олар бүгін жақсы білім алып көп тілді меңгерсе,болашақта Қазақстанның өркениетті ел болып дамуына өз үлестерін қосары сөзсіз.Атап айтқанда Жалпы Мемлекеттік Білім Беру стандартна сәйкес барлық топтарда орыс тілі мен ағылшын тілі жүргізіледі және қошымша вариативтік компонент бойынша да қосымша сағаттар өткізілуде.Жыл сайын тіл апталығы өткізіледі. Балаларға үш тілде өлеңдер, тақпақтар, санамақтар, мақал-мәтел мен жұмбақтар үйретіп,ағылшын тілі мен орыс тілі мамандары мектепке дейінгі ұйымдарға арналған санамақтар мен өлеңдер жинағын құрастыруда.

Елбасымыздың үштілді саясатын іске асыруда біздің мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілеріне ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,ағылшын тілі және орыс тілдерін жетік білуге баулу,қызығушылықтарын арттырумен қатар балалардың есте сақтау,мәнерлеп оқу,дұрыс айту мәдениетін қалыптастыру мақсаты қойылып отыр.Еліміздегі табиғи өсімге байлынысты.Мемлекеттік тілдің даму мүмкіндігі мол.Мемлекеттік тіл соның негізінде көтеріле бермек.

Ағылшын тіліне ерте жастан оқыту жақсы әрі еркін меңгеруге ғана емес, сонымен бірге адамның интеллектуалдық, тәрбиелілік және рухани потенциалын жақсартатынын бүгінгі таңда түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Көпжылдық зерттеу көрсеткендей, ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, бастауыш мектепте тәрбиенің жалпыбілімдік құндылығын көтереді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге үйретеді. Бүгінде еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын абыройлы көрсеткіштермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрғандықтан, еліміздің білім беру жүйесі де әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Ағылшын тілі бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі болып табылады. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік - экономикалық, мемлекеттік зор ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне халықаралық сипат алған ағылшын тілінің өзіндік рөлі зор.

Бәсекеге қабілеттілікке орыс, ағылшын тілдерін қолдана отырып жетуге болады.Бірақ бұл оған жетудің негізгі жолы емес.Негізгі жолы-қазақ тілін мемлекеттік тілі ретінде Қазақстанның атынан кез-келген жерде қолдану.Өмірде қанша сала болса, тілдің қолдану мүмкіндігі де сонша болады.

Мектепке дейінгі ұйымға келгеннен бастап балаларға қазақ тілінде, ағылшын тілінде жіне орыс тілде ұтымды, қызықты үйрету үшін ойын арқылы оқыту технологиясын қолданамын.Қазіргі таңда үшінші - ағылшын тілін қосып оқытамыз.Бұл - заман талабы.

Кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тіл үйренудің маңызы зор, тілдің негізгі функциясы - сөйлесу, былайша айтқанда қарым-қатынас құралы.

Балалардың үш тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, ата-аналармен де өзара қарым-қатынас жасалды. Ата-аналар балаларға үш тілді ерте жастан меңгерту бағдарламасының бағытына үлкен қолдау көрсетті. Үйде балалармен қайталайтын тілдік материалдары, ойнайтын ойындарды қабырға газетінде жарияланып тұрады.Үйлерінде өткізілген тақырыпты ата-аналарымен бірге қайталап отыратын балалар тілді тез меңгеріп кетеді.

Балабақшада әрине бірінші ана тілін білуге, сүюге, құрметтеуге тәрбиелейді.Барлық педагогтар заманға сай оқытуға талпынып, сабақтарын жаңаша ұйымдастырып,шығармашылық ізденіспен өткізуде.

Бүгінгі бүлдіршіндер жақсы білім алып, көп тілді меңгерсе, болашақта Қазақстанның өркениетті ел болып дамуына өз үлестерін қосары сөзсіз.

Бүгінде осы үштілділікті қолдау, қолдану мақсатында біз, тәрбиешілер  өз үлесімізді қосуға, бүлдіршіндер  аталған жаңа талаптарға сай білім беруге бір кісідей ат салысамыз.

Білім беретін мекеменің міндеті Қазақстанның бәсекеге қабілетті азаматын тәрбиелеу болуы тиіс.

Балаларды өзге тілдерге қызығушылықтарын арттырып,үштұғырлы тілге тәрбиелеу керек.








Пайдаланылған әдебиеттер:

1.[Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту] №3, 2016ж

2.[Бала мен балабақша] №9, 2016ж

3.[Отбасы және балабақша] №4, 2014ж


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
278
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі