400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үштілді білім заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтың өткені туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үштілді білім беру заман талабы

2017 жылғы 15 желтоқсан күні Төлеби ауданы майбұлақ ауылы Майбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде физика пәнінен «Үйкеліс күші. Үйкеліс күшін техникада ескеру» тақырыбында ағылшын тілі пәнімен кіріктірілген ашық сабақ өтті.

Сабақ тақырыбы: Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру

Сабақтың мақсаты: Үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру және есептер шығару.

Тілдік құзіреттілігі:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Үйкеліс

Трение

Friction

Үйкеліс күші

Сила трение

Frictionless

сырғанау үйкелісі

Сила трения скольжения

sliding friction,

домалау үйкелісі

Сила трения качения

rolling friction

тыныштық үйкелісі

Сила трения покоя

static friction



















Құндылықтарды дарыту:

-Жауапкершілікті дамыту

  • Жаһандылық және тәуелсіздік құндылықтары

- Қоршаған ортаға қамқорлық және орнықты даму ынта дағдылары

Ресурстар: АКТ, презентация, слайдтар, тәжірибе көрсетуге қажетті құралдар: ағаш тақтайша, ағаш бiлеуше, грамдық жүктер жинағы, динамометр, маркер, плакат, бейнеролик, жіп, плакат, кір қыстырғыш.

Бағалау критерийлері

1.Тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін ажырата алады.

2. Үйкеліс күшінің түрлерін сипаттайды және салыстыра алады.

3. Тәжірибе жүзінде көрсете алады.

4.Өмірдегі қолданысына мысалдар келтіре алады.

5. Үйкеліс күшінің формуласын қолданып есеп шығара алады.

Әр жауапқа 1 балл – 100 $

Топтық жұмысқа жалпы 2 балл – 600 $

Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі, жаратылыстану.



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Оқушылардың ойын бір жерге жинақтау «Үш шапалақ» тренингі.

«Көңілді микрафон» әдісімен алдыңғы тақырыптарды еске түсіру сұрақтары

  1. Күш дегеніміз не?

  2. Белгіленуі қандай?

  3. Өлшем бірлігі қандай?

  4. Күштің қандай түрлері бар?



Дескриптор

  1. Күш анықтамасын біледі

  2. Белгіленуі мен өлшем бірлігін жаза алады.

  3. Түрлерін ажырата алады



Слайд-презентациялардан суреттер көрсетіліп, сабақ не туралы болатынын оқушылардан сұрау.

Оқушылар сурет бойынша бүгінгі тақырып үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру екенін айтады.



Миға шабуыл

Жаңа сабақты меңгерту. (5 минут)

(Қысқаша түсінік беру)

Үйкеліс күшінің қандай физикалық шама екенін, қанша түрі бар екенін түсіндірген соң оқушыларды партада отырғаны бойынша 3 топқа бөліп, топ басшылары сайланады.

1.Тыныштық үйкеліс күші.

2. Сырғанау үйкеліс күші.

3. Домалау үйкеліс күші.

Топтық жұмыс (10 минут)

Кластер әдісімен 3 топ өз топтарының атауына байланысты постер қорғайды және динамометр, білеуше, жүктер жинағын пайдалана отырып, тәжірибе жүзінде көрсетіп, дәлелдеп, қорытынды шығарады.

Дескриптор:

  1. Анықтамасын, ағылшынша аудармасын айта алады.

  2. Тәжірибе жүзінде дәлелдеп, қорытындылай алады.



Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Тунгишбаева ағылшын тілінде бейнеролик көрсетіп, сол бойынша сұрақтар қояды.

Үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіреді.

Дескриптор:

  1. Ағылшын тіліндегі сұрақтарға жауап бере алады.

  2. Пайдасы мен зиянына мысалдар келтіре алады.


«Білгенге маржан» әдісі арқылы есеп шығару

Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшiн қандай күш жұмсау керек? Үйкелiс коэффициентi μ =0,3.

Дескриптор:

  1. Есептің формуласын жазады.

  2. Күштің мәнін анықтайды.



Үй тапсырмасы § 18. 92- беттегі 1-3 есептер



Физика пәнінің мұғалімі Ташимбетова Балжан Аскарқызы

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тунгишбаева Алия

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
391
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі