жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Үштілдік 21 ғасырдың білім беру басылымдардың бірі.
|
№ |
Мақала авторының Т.А.Ә. (толық) (2 автордан артық емес) |
Автордың жұмыс орны, лауазымы |
Конференцияға ұсынылатын мақаланың атауы (қаз, орыс) |
Бағыты |
Байланыс деректері (e-mail, ұялы тел.) |
|
1. |
Исмагулова Гульмира Какимовна |
Қостанай облысы Әкімдігі Білім Басқармасының «Рудный қаласы Білім Бөлімінің № 17жалпы Білім Беретін Мектебі» КММ, Қазақ тілі мен әдебиет пәтінің мұғалімі |
Үштілділік - ХХІ ғасырдың білім беру басымдықтарының бірі |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
87758136085 |
Үштілділік - ХХІ ғасырдың білім беру басымдықтарының бірі.
Өркениеттік өрелік алға шығып, жаhанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан мектептерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз аянбай қаржы бөліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Сондай шаралардың бірі, қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді дамыту бойынша көптеп өткізіліп келеді. Ондағы мақсатымыз-өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілді жетік меңгерген қабілетті оқушылар мен жастарды анықтау және қолдау, қазақстандық патриотизмді нығайту. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыра отырып, үштілділік байқау- сайыстарында мектепішілік, сыныпішілік түрінде де, орыс және ағылшын тілдерінен тапсырма сауалдарын қоса өткізіп, әсіресе күнделікті жоспарлы сабақтарымызда жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үштілде өткізіуді жиі қолдап та қолданып та жүрген мектеп мұғалімдеріміз бар. Олар «Үштілді оқыту жағдайында». Бала тәрбиесі-қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген мәңгіліктің мәселесі. Тіл-оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні болатын болса, осы құндылықтардың бәрін заманнан заманға, адамнан адамға жеткізуші, ұрпақ жалғастығы бауыр етіміз-балаларымыз. Мемлекеттік басшысы Н. Назарбаев 2006 жылдың қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 сессиясында "Үш тұғырлы тіл" туралы идеясы жария етті. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » атты халыққа Жолдауында «Тілдерің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Халқымыздың рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленді. Идеяның түйіні: Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үштілді, қазақ тілін –мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін-ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономика нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек. Үштұғырлы тіл саясаты заман талабына сай өмір қажеттіліктерінен туындағын идея. Қазақстан Үкіметі білім мазмұнын жаңарту барысында, үш тілді білім беру жүйесін кезең-кезеңімен іске асыруды жоспарлап отыр.
2015 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын кӛтеруге бағытталған білім беру саласында бірнеше қадам жоспарланды. Ұлт жоспарының 79- шы қадамы- білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен Жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді міндеттейді. Басты мақсаты-даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру. Сонымен қатар ағылшын тілінде білім беру – жеке тұлғаның білім кеңістігінде еркін самғауына мол мүмкіндік береді. Соған орай 2015-2016 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру мақсатында үш тілді оқыту үшін еліміздің көптеген педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында химия, биология, физика, информатика пәндері мұғалімдері біліктілігін арттыруда. Осы тұста білім беру саласындағы атқарылып жатқан заманауи іс-шаралардың көшбасшысы деп еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектептерінің, облысымыздағы Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты ұстаздар ұжымы зор жауапкершілік танытудағы бастамаларын атап айтуға болады. «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі-тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын. Осы мақсатта шәкірттеріміздің тез өзгеріп отыратын әлемде табысты білім алуға деген сұранысын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ұстаздар қауымына зор міндет жүктеп отыр. Тіл-адамдар ара қарым-қатынас жасайтын құралы, ол белгілі бір ұлттың ұлттық сана-сенімін, халықтың халықтық қасиетін, әдет –ғұрпын, мәдениетін өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл-мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы. Қазіргі қоғамда көп тілді болу әрқандай адамды кең өріске, тың өмірге бастайтын жол. Көптілді білім –көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту–жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатың, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен ағылшын тілін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» болып дауына жол ашады. Үштілдік білім беру ісінде атқарылып жатқан жұмыстардан ой түйгенім: үштілдік білім беру – бұл мектепте оқу пәндерін үш тілде аудармасыз оқыту – әрбір мектеп бітірген Қазақстан Республикасының азаматы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біліп шығады, үш тілді меңгерген оқушылар өзгермелі кезеңде еркін әрекеттер жасауға бейім болады. Қазақ тілі-ата бабамыздың ұрпағына аманаттаған асылы, халқымыздың небір жауғар мұраларын қалыптастырушы, әдебиетіміз бен мәдениетімізді сақтап қалушы әрі болашаққа жол сілтейтін құнды жәдігеріміз болғандықтан Қазақстанда тұратын этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі екенін ұғындыру. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізді тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей,оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет». Мемлекеттік тілді дамытуда пәрменді іс күтеміз. Мемлекеттік тіл мәселесі тек тіл фестивальдарымен, байқаулар өткізумен, мемлекеттік қызметкерлерді оқытумен шешілмейтіні анық. Ең бастысы барлық ұлт өкілдерін мемлекеттік тіл аясының төңірегіне топтастырып біліп, ортақ мақсатқа ұйыстыра білу керек. Демек, «Тілі бірдің-тілегі бір», «Тіл тағдыры–ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі–тіл бірлігіне қол жетекізу жолында қызмет ету қазақстандықтардың ортақ парызы. Ендеше жас ұрпақтың өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, әз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу керек. Қазақстан халық Ассамблеясы жанындағы «Тілдарын» әдістемелік орталығы өзге ұлт өкілдеріне арнап қазақ тілін жедел үйрету әдістемесін әзірлеген болатын. Аталмыш орталық қолға алған жаңа оқу-әдістемелік бағдарламаға әлемнің отыз тілін меңгерген, бірнеше тілде синхронды аударма жасай алатын Ресейдің белгілі лингвисті Дмитрий Петровтың тәжірибесі негізге алыныпты. Сондай – ақ орталық қызметкерлері тіл оқыту бағытында Чехия ғалымдары мен әдіскерлерінің тәжірибесіне сүйенуді де көздеп отырған көрінеді. Дмитрий Петровпен кӛптеген қазақстандықтар ресейлік «Полиглот» бағдарламасы арқылы таныс. ҚХА –ның арнайы шақыруымен келген әйгілі әдіскер қазақ тілін жеделдете оқыту әдістемесіне өз үлесін қосты деуге болады. Жиырма төрт сағаттық курс ішінде Жапония елшісінің кеңесшісі Кенъитиро Сасамэ қазақ тілін үйреніп алғанын газеттерден оқыдық. Әлемге әйгілі әдіскер – ғалымның айтуынша, әрбір адамның тілдік қорының пайдаланылатын лексикасының тоқсан пайызы үш жүз- үш жүз елу сөзден аспайды. Кез келген тілдің грамматикасы да қарапайым. Сондықтан екі апта ішінде тілдің бірнеше негізгі грамматикалық ережелері мен құрылымдарын жылдам еске сақтап және үш жүз – үш жүз елу сөзді еркін жаттап алуға болатындығын айтқан. Зерттеулерге сүйенсек, алғашқы төрт күнде есте сақталмаған ақпараттың жетпіс бес пайызы ұмытылып қалады екен. Ол үшін ұдайы қайталап, жаттығып отырудың маңызы зор. Содан соң мұны әрі қарай дамытып, лексиканы біртіндеп молайта беруге болады. Осы орайда өзіміздің отандық әдіскер тіл үйретушілердің көрегендігін де айта кеткен жөн. Сонау он тоғызыншы ғасырдың өзінде ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсарин екінші тіл ретінде үйретілетін орыс тілін оқытуда осыған ұқсас әдістемені қолға алған екен. «Қазақтарға орыс тілін оқытудың бастауыш құралында» түзген орысша- қазақша сәздікке ол тақырыптар бойынша оқушылар өміріне етене жақын, жиі қолданылатын сөздерді ғана іріктеп енгізген. Орыс тілі грамматикасынан да қазақ балаларына тіл үйретуге қажетті мәліметтер сұрыпталып алынған. Бертіндегі әріптестеріміз арасынан Дмитрий Петровтың әдістемесіне жақын тәсілмен қазақ тілін табысты оқытуға қол жеткізіп жүрген мектеп және басқа оқу орындарының мұғалімдері бар. Сонымен жоғарыда сөз еткен әдістемеге қайта оралсақ, ол он бес грамматикалық конструкция мен кесте түрінде лексикалық материалдардан тұратын көрінеді. Негізгі тақырыптар бойынша жиі қолданылатын үш жүз сөз және айналымдағы жүз елу сөз қамтылған. Аталмыш әдістеме жеңілдігінің басты белгілерінің бірі қамтылатын сөздік қордың шектеулі саны екені сөз болғанда, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі туралы айтқаны тілге оралады. Министрдың айтуынша, кейбір елдерде (мысалы, ағылшындарда, финдерде) өз халқының тілін өздеріне және басқа ұлттарға төрт- алты ай ішінде үйрететін тиімді әдістемелер бар. Алдағы уақытта елімізде озық шетелдік әдістемелер негізінде қазақ тілін жедел меңгеру әдістемесі жасалмақшы. Шетелдік озық әдістемесіне сүйену керектігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2004 жылы педагог қызметкерлердің ІІІ съезінде айтқаны есімде. Мемлекет басшысы 2011 жылғы Жолдауында (Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді қазақстандықтар санын сексен пайызға жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде тоқсан бес пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің саны жүз пайызды құрауы тиіс). Ал келешекте жүзеге асатын бір типті мектептер шәкірттерді үш тілде оқытуды қолға алып, бұл өз кезегінде мемлекеттік тілдің өрістеуіне мүмкіндік бермекші. Шетелдік озық әдістемесіне сүйену қажет дегенде, тіл үйретудің өзіндік тиімді тәжірибесімен әлем назарына іліккен ресейлік филолог Александр Драгункинді айтпай кетуге болмайды. Ол ағылшын және қытай тілін меңгерудің озық әдістемелерін зертеген ғалым ретінде танымал. Оның қулықтары әлемнің жиырма сегіз мемлекетінде қолданылады. Атақты әдіскердің ағылшын тілін үйрету кітабы 1998 жылы жарық кӛрген.Танымал әдіскердің айтуынша, оның осы әдістемесі әмбебап, кез келген тілді оқытаберуге болады. Тек соны негізге ала отырып , отандық тіл мамандары оңтайлы әдістеме жасаса, ал мектеп мұғалімдері үш тілдік пәндерді оқыту жауапкершілігін терең сезініп, шеберліктерін шыңдай түссе екен дейміз. Қорыта айтқанда, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Білім беру ісі - біздің мемлекетімізде басты басымдық, дамуымыздың шешуші факторы»,- дей келе еліміздің ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеп отырғандығы белгілі. Жауапты міндетті сапалы атқару – сіз мен біздің еншімізде. Олай болса, Елбасы міндеттеген үш тілді меңгерудің алынбайтын қамал еместігіне тағы бір мәрте көз жеткізуге болады. Мәңгілік Ел атануға бағдар ұстаған тұста рухни жаңғырудың бір ұшы алдымен мемлекеттік тілге басымды беруде, соған қол жеткізуде екенін сезініп , сол жолда батыл әрекет жасағанымыз ләзім.
Қолданған әдебиет тізімі:
1. «Егемен Қазақстан» газеті 2017 жыл 12 қазан
2. «Қостанай таңы» газеті 2017 жыл 12 шілде
3. «Учительская плюс»2017 жыл 8 қыркүйек

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген